Көңілдесі бар еркек көп ақша табады... - Диана Қырықбай
Отандық тележүргізуші Диана Қырықбай отбасына мол ақша келуі үшін ерлі-зайыптылар не нәрсені ескеруі керек екенін айтты. Бұл туралы жүргізуші өзінің TikTok-тағы парақшасында видео жариялады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Экспресс К-ға сілтеме жасап.
Оның айтуынша, ерлі-зайыптылардың төсек қатынасы жақсы болса, ер адам мол ақша табады. Бизнесі жүріп, шаруасы дөңгелене түседі. Өйткені ер адам төсек қатынасы арқылы энергия алады. Ал осы қатынас дұрыс болмаса, ерлі-зайыптылар екі бөлмеде жатса, отағасының шаруасы кейін кетеді. Ақшасынан айырылып, бизнесі тоқтап қалады екен.
instagram.com/diana_kyrykbay
Ал ер адам әйелінен энергия алмаса көңілдес іздейді.
Ер адамда көңілдес пайда болса бизнесі жүріп, ақшасы көбейеді. Өйткені үйде алмаған энергияны көңілдесінен алады екен, — дейді жүргізуші.
instagram.com/diana_kyrykbay
Жүргізушінің бұл пікіріне әлеуметтік желі қолданушылары түрлі пікір білдірген.
Бірі "Күні-түні айналысамыз байып жатқан ештеңеміз жоқ", "Энергия деген өтірік нәрсе"деп реніш білдірсе, енді бірі күйеуіне көңілдес іздейтінін айтыпты.
Тағы бірі "сен бірінші күйеуге тиіп алсайшы" деп жүргізушінің өзіне кеңес берген.