Көптен күткен «Қазақ елі» мультфильмін ең бірінші балалар үйінің тәрбиеленушілері тамашалады

Көптен күткен «Қазақ елі» мультфильмін ең бірінші балалар үйінің тәрбиеленушілері тамашалады

Бүгін «Kinopark 8 3D» кинотеатрында Қазақ хандығының құрылуының 550 жылдығына арналған «Қазақ елі» атты қазақ мультипликациясы тарихындағы тұңғыш тарихи толықметражды анимациялық фильмінің тұсаукесері өтті.

Туындының алғашқы көрермендері Астана қаласының балалар үйі мен аз қамтылған отбасылардың балалары болды.

Өзінің маңыздылығы жағынан айрықша «Қазақ елі» анимациялық фильмі болашақ хандар Жәнібек пен Керейдің балалық шағы мен есею жылдары туралы баяндайды. Картинада бас кейіпкерлердің шайқастың айла-тәсілдерін, ғылымды қалай меңгергендері және бостандық пен тәуелсіздік үшін күрес жолында қазақ елінің басын қалай біріктіргендігі жайлы әңгімеленеді. Мультфильмнің кадрларында шетсіз-шексіз қазақ даласы, заңғар таулар және Сығанақ, Отырар, Тараз және Түркістан секілді ежелгі қалалар бейнеленген.

Жобаға танымал отандық ғалымдар мен жазушылар атсалысқандықтан, фильм тарихи фактілермен өріліп, балаларға түсінікті тілде жеңіл әрі қызықты оқиғалар арқылы қамтылып көрсетіледі. Анимациялық фильмнің бас кеңесшісі Арыстанбек Мұхамедиұлы, тарих ғалымдарының докторы, профессор Жамбыл Артықбай және жазушы, кинодраматург Дулат Исабеков. Бас кейіпкерлерді Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық балалар және жасөспірімдер театрының, сондай-ақ, Ж. Шанин атындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық қазақ драма театрының әртістері дыбыстады. Фильмнің саундтректерін Нұрлан Абдуллин, Сәкен Майғазиев сынды басқа да танымал қазақстандық әншілер орындады.

Режиссері Батырхан Дәуренбеков, сценариін жазған Сағаділдә Үсіпбәлиев, Бақытжан Құлжабай, композиторы Руслан Шынықұлов, қоюшы суретшісі Азамат Ерназаров, бас продюсері Сәбит Әбдіқалықов, директоры Нуриддин Паттеев.

Картинаның жасалуында 2-D және 3D-технологиялар пайдаланылған. Бұл фильм барысындағы қазақ жерінің әсем табиғатын, сол замандағы Жібек жолы бойында орналасқан Сауран, Отырар, Сығанақ сияқты ірі қалалар, зәулім хан сарайларының көркемдігін көрсетуге мүмкіндік берді. Сонымен бірге, кішкентай көрермендеріміз елордамыз Астананың бүгінгі көз сүйсіндірер көркін де тамашалай алады. Фильм көркем туынды болғандықтан тарихи фактілерге сүйене отырып балаларға түсінікті тілде жеңіл әрі қызықты оқиғалар арқылы қамтылып көрсетіледі. 3D-анимация мен қазақ фольклорының үйлесуі жобаның бірегейлігімен ерекшеленеді. Жобаға 60-тан аса адам жұмылдырылды. Туындының бас продюсері Сәбит Әбдіқалықовтің пікірінше, қазақстандық әртістер тарихи тұлғаларға тән бейнені дүниеге әкелу үшін аянбай еңбек еткен.

«Қазақ елі» атты тұңғыш тарихи анимациялық фильмі жалпыұлттық прокатқа 19 мамырдан бастап шығады.

Автор: Марлан Жиембай 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста