Көркемдіктің үлгісіндей еді...

Көркемдіктің үлгісіндей еді...

Осы бір қайталанбас талант иесін өнерсүйер қауым ең алдымен сахна төрінен таныды. Ол ойнаған спектакльдерге көрермендер ерекше ықыласпен баратын. Бұдан соң қазақ киносында тамаша кейіпкерлерді сомдады. Көрермен ол киноларды да қайталап көруден жалыққан емес. Көрікті келбетімен талайды сүйсінткен әртіс  ендігі кезекте кадрдың сыртындағы дауысымен-ақ миллиондардың жүрегін баурап әкетті. Осылайша, сахна төрінен үлкен экранға ойысқан шебер, дубляж саласында да өлшеусіз еңбек етті. Естеріңізде бар ма? «Бірінші творчестволық бірлестік. Дубляжын жасағандар – Фарида Шәріпова... Фильмді қазақ тіліне аударған – Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы. 1981 жыл...» деп келетін қаншама кинода кейіпкерлерді қазақша сөйлетті. Ол өзінен бұрынғылардан өнеге ала жүріп, өз тәжірибесін шәкірттерімен бөлісті. Алайда осы бір аяулы тұлғаны аяусыз тағдыр арамыздан мәңгілікке алыстатып жібергені өкінішті-ақ. Туған халқының сүйіспеншілігіне ие болып, ұлт өнеріне адалдықпен қызмет еткен аса көрнекті талант иесі, Халық әртісі Фарида Шәріпова 74 жасқа қараған шағында дүние салды...

Бір отбасы емес, бүтін бір қазақ мәде­ниеті мен өнеріне келген ауыр қазадан қалың елдің қабырғасы қайысып отыр. Фарида Шәріпова 1936 жылғы 16 жел­тоқ­санда Қытай Халық Республикасының Шәуешек қаласында дүниеге келді. Қытай киностудиясы түсірген «Хасен-Жәмила» көркем фильмінде басты рөлді орындап, өнерімен танылған ол 1955 жылы атаме­кені Қазақстанға оралды. 1959 жылы Құр­манғазы атындағы Алматы мемле­кеттік консерваториясын бітіріп, М.Әуезов атын­дағы Қазақ академиялық драма театрына қабылданды. Жарты ғасырдан астам уақыт бойы осы театрда үздіксіз өнер көрсетті. Сахнада қазақ және әлем классиктерінің драмалық туындыларында, осы заманғы қойылымдарда басты рөлдерді шебер­лікпен орындап, ұлттық театр өнерінің жаңа сапалық биікке көте­рілуіне үлкен үлес қосты. Ұлттық өнері­міз­дің майталман арысы Ыдырыс Ноғайбаев «Фа-ка» деп ерекше атап кеткен Фарида Шәріпова өз ортасының ең сыйлы да құрметті адамы болды. Көрген-түйгені мол актриса М.Әуе­зовтің «Айман-Шол­па­нында» – Шолпан, «Абайында» – Ажар, «Қара қыпшақ Қобы­лан­дысында» – Қарлыға, «Еңлік-Кебегінде» – Еңлік, «Карагөзінде» – Қарагөз, Ғ.Мүсіре­пов­тің «Қозы Көрпеш-Баян сұлуында» – Баян, Ә.Нұрпейісовтің «Қан мен терінде» – Ақбала, Т.Ахтановтың «Боранында» – Жаңыл, Ш.Айт­матовтың «Жәмиласында» – Жәмила, «Ана – Жер-Анасында» – Толғанай, Қ.Мұхамед­жанов пен Ш.Айтма­товтың «Көктөбедегі кез­де­суінде» – Гүлжан мен Айша, Қ.Мұха­меджа­новтың «Біз періште емеспізінде» – Асыл, О.Бөкеевтің «Құлыным меніңінде» – Анар, Д.Исабеков­тің «Әпкесінде» – Қама­жай, С.Балғабаевтың «Ғашықсыз ғасы­рын­да» – Фарида, Софокл­дың «Эдип пат­ша­сын­да» – Иокаста, Еврипид­тің – «Ме­дея­сын­да» – Медея, Шекспирдің «Асау­ға тұсауында» – Катарина, «Ричард ІІІ» трагедиясында – Анна леди, Пушкиннің «Шағын трагедияларында» – донна Анна, Чеховтың «Сүйікті менің ағата­йымында» Елена Андреевнаның қайта­лан­бас образ­дарын сомдады. Фарида Шәріпо­ва кино саласында да жемісті ең­бек етті. Ол әйгілі режиссерлер Шәкен Ай­манов, Мә­жит Бе­гал­ин, Сұлтан Қожы­қов, Әзірбай­жан Мәм­бетов, Леонид Аг­ра­нович түсірген көптеген танымал филь­м­дерде ойна­ды. Дубляж саласына да көп еңбек сіңірді. 1996 жылы М.Әуезов атын­дағы театрда Ф.Шәріповаға арнайы жа­зыл­ған С.Балға­баевтың «Ғашық­сыз ға­сыр» спек­таклі жа­рық­қа шықты. Басты рөл­ді Ф.Шәріпова өзі ойнады. Кино өне­рін­де ду­бляж қызметін шебер орын­даушы Ф. Шәріпова «Менің атым Қожада» – Қожа, «Қыз Жібектегі» – Жібек, «Девушка джигит­тегі» – Ғалия, «Бота­гөздегі» – Бота­гөз, «Гауһар­тас­тағы» – Салтанат, «Тақиялы пе­ріш­тедегі» Айша бейнелерін сөйлете білді. Фарида Шәріпова өнерлі жастарды тәр­биелеу ісіне жете көңіл бөлді. Т.Жүрге­нов атындағы Қазақ ұлттық өнер  академия­сында көрнекті актер Ы.Ноғайбаев екеуінің шы­ғар­ма­шы­лық ше­бер­ханасында шың­дал­ған жастар бүгінде еліміздің театрла­рында жемісті еңбек етіп жүр. Фарида Шәрі­пова мәде­ниет пен өнердегі еңбегі үшін Қазақ КСР халық әрті­сі, КСРО халық әртісі құрметті атақтарын, ҚазКСР Мемле­кет­тік сыйлығы мен КСРО Мемлекеттік сый­лығын, “Пара­сат” орденін иеленді.
Саналы ғұмыры мен шығармашы­лығын қазақ өнерінің көркеюіне арна­ған аса дарын­ды актриса, көрнекті өнер қайрат­кері Фарида Шәріпованың жар­қын жүзі мен алтын дауысы халықтың жадында мәң­гі сақталып, өнегесі өнерлі ұрпаққа үлгі болып қала бермек. Сәбира Майқа­нова, Бикен Римова, Шолпан Жан­дар­бе­кова, Әмина Өмірзақова сын­ды қазақ өне­рінің шын мәніндегі жарық жұлдызда­рының соңынан Фарида апа­мыз да мәң­гілік ғұмырдың кейіпкері­не айналып кетті...
«Алаш айнасы»

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста