Көрмеде – Иран мәдениеті

Көрмеде – Иран мәдениеті

Алматыда Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында Фаджр онкүндігі аясында Иран Ислам Республикасының тәуелсіздігі мен Ислам революциясы жеңісінің 34 жылдығына арналған «Иран мәдениеті мен өнері» атты көрме жұмыс істеуде.
Көрменің ашылу салтанатына Иран Ислам Республикасының Қазақ­стан Рес­пуб­ли­касындағы Төтенше және өкі­летті ел­ші­сі Горбан Сейфи, Т.Жүрге­нов атын­да­ғы Қазақ ұлттық өнер академия­сының ректоры Арыс­танбек Мұхамедиұлы, қазақ­стан­дық өнертанушы ғалымдар, ирантану­шылар, студенттер мен өнерсүйер қа­уым өкілдері қатысты.
Арыстанбек Мұхамедиұлы, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры:
– Бұл – біздің Иран елшілігімен ұйым­дас­тырып жатқан бірінші шара­мыз емес. Байланысымыз екі жылдан бері орнаған. Осы уақытқа дейін Өнер ака­демиясында танымал Иран ше­бер­ле­рінің қатысуымен көпте­ген көрмелер, шеберлік дәрістер ұйым­дас­тырдық. Біздің ұстаздар мен студент­тер тәжі­ри­бе алмасу мақсатында Иран елінде де болып қайтты. Біздің жұмыс­тар иран­дық шеберлер тарапынан жо­ғары бағаға ие болып жатыр. Біз ал­дағы уа­қыт­та да осылай екі ел ара­сын­да бірілігіміз, ынтымағымыз жа­ра­са бер­сін дегіміз келеді.

Иран Ислам Республикасының Қазақ­стан­дағы елшілігі мәдени өкілдігі мен Өнер академиясының ұйымдастыруымен ашылған көрмеге Иран елінің мозаика, керамика, ағаш ою, жазу-каллиграфия, миниатюра өнерінің ең таңдаулы деген 80-ге жуық экспонаты қойылған. Оның ішінде кәсіпқой өнер шеберлері – суретші-миниатюршы Парасту Хаддадидің, көркем жазу шебері Митра Сетаре Собхтың, ағаш өнері шебері Назила Беманианның туындылары көрермен назарына ұсынылды. Қазақстанға арнайы келген ирандық танымал өнер шеберлері тұңғыш рет бес күн бойы академия студенттеріне шеберлік дәрістер өткізетін болады. Аталған шаралар 8 ақпанда қорытындыланады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста