Күй құдіретін асқақтатқан «Ақжелең»

Күй құдіретін асқақтатқан «Ақжелең»

Ақтөбеде ұлы күйші Қазан­ғап  атындағы ІІ рес­публи­калық «Ақжелең» байқауы болып  өтті. Оған Қазақстанның бірнеше облысынан, Астана, Алматы қалаларынан домбырашылар қатысты.
Байқау Қазанғаптың  «Ақжелең»деген  62 күйінің атымен аталды. 62 «Ақжелеңді» нағыз күйші ғана орындай алады.  Жалпы, Қазанғаптың сырға толы сазды күйлері еліміздің түкпір-түкпіріне тарады деп айтуға болады. Сондықтан Қазанғап күйлерін орындау бойынша байқаулар бұрын тек облыс көлемінде өткізіліп келсе, қазір республикалық байқауға айналды. Қазанғап күйлерінің биылғы байқауы қатысушылардың көптігімен ерекшеленді. Осы байқауға келемін деп тілек білдіру­шілер өте көп болған. Облыстарға шектеу қойғанның өзінде өз қаражатыма барамын деушілер табылған. Соның өзінде іріктеп, шектеп, 50 домбырашыны осы сайысқа қатыс­тырған екен.
Және бұл байқаудың тағы бірнеше ерек­шелігі болды. Оның ең бастысы –   Қа­занғап­тың көзін көріп, күй иесінен үйрен­ген­дер қалмаса да, қазанғаптанушылар қатарының көптігі. Байқаудың әділқазылар алқасы Абдулхамит Райымбергенов, Қа­йыр­ғали Қожанбаев, өнер зерттеушісі, «Мә­дениет» телеарнасының директоры Саға­тбек Қалиев, Нұрболат Жанаманов, Жай­лау Асылханов секілді қазанғаптану­шылардан құралды.
Қазанғап күйлерін шебер орындаған ақтөбелік Асылбек Кенегесов бас жүлдені  жеңіп алды. Бірінші орынды астаналықтар Бауыр­жан Жолдыбеков пен Асқар Солтан­­ғазиндер иеленді. Екінші орын ақтөбелік Құрманғазы Асылхановқа, алматылықтар Әсел Арынова мен Сәбит Ділдебаевқа бері­л­ді. Ал үшінші орынды Алматыдан келген Елдос Қозыбаев пен Саят Ешматов, астана­лық Ардақ Елеусіз, атыраулық Айнұр Саку­пова иеленді.Сондай-ақ бірқа­тар домбы­ра­шыларға Елекеш Айпақов, Кә­діралы Ержанов, Бақыт Басығараев, Сәдуа­қас Бал­мағамбетов, Жұмабай Жан­сүгіров атындағы арнайы жүлделер табыс етілді.
Қазақта оннан астам  күйшілер мектебі бол­са, соның ішінде Қазанғаптың күйшілік мектебінің орны бөлек. Кеңес дәуірі тұсында Қазанғаптың шығарған күйлері ескіліктің сарқыншағы, феодализмнің көрінісі саналды. Қазанғаптың күй­шілігі, оның күйлері туралы алғашқы ғы­лы­ми-зерттеулер жазып, халқына табыс­таған Ахмет Жұбанов болды. Қазіргі кезде ғы­лыми жағынан зерттеліп, нотаға түсірі­ліп, кітаптар шығарылып жатыр. Қазанғап­ты жарыққа шығаруда Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерва­тория­сы­ның доценті болған, «Тірі Қазан­ғап» атанған марқұм Сәдуақас Балма­ғам­бетовтің көп еңбек сіңіргенін айта кету керек.
Абдулхамит РАЙЫМБЕРГЕНОВ, белгілі қазанғаптанушы, Алматыдағы «Көкіл» өнер мектебінің директоры:
– Қазанғап деген – таусылмас мұра ғой. Бүгінде оның тек 60-қа жуық күйі ғана бел­гілі. Оның біразы нотаға түсірілді. Де­ген­мен мен өзім Қазанғап күйлерін нота­дан гөрі есте сақтау қабілеті арқылы үйрет­кенді дұ­рыс көремін және сол жолда еңбек етіп келе­мін. Өйткені Қазанғап күйлерінің кей­бір иірімдері нотаға бағына қоймайды. Оны тек есту, ұғыну арқылы ғана орындап беруге болады. Ал нотаға салғанда ол сәл де болса, өзгеріске ұшырайды. Қазанғап­тың күйшілігі, оның күйлерінің ерекшелік­тері туралы айтар болсақ, оның күйлері саз­ды келеді, жан сезіміне, философиялық ойлар­ға толы. Қазанғап күйлері ілме қағыс, көсіп орындаумен ерекшеленеді. Оның күй­лері құбылып отырады. Көбіне кіші сағамен қайтады.

Күйде де жанрлар бар. Мәселен, Бай­жұ­ма, Қосбасар жанрлары бар. Ендігі біздің мақсатымыз – Қазанғап атындағы байқауды халықаралық деңгейге жеткізу. Қазанғап күйлерін көрші елдерде де дамытып, насихаттап, мұрамызды ұлықтай беру үшін еңбек етуіміз керек. Біз Қазанғап секіл­ді ұлттық мақтаныштарымызды наси­хат­тай отырып, ұлттық идеяға қол жеткізуге тиіспіз.
Жұмабек ЖАНСҮГІРОВ, 83 жастағы домбырашы:
– Мен сол Қазанғап туып-өскен Шал­қар ауданындағы Ақбауырда дүниеге кел­генмін. Біздің жақта Қазанғаптың көзін көріп, тікелей өзінен күй үйренген Балма­ғам­бет, Кәдіралы Ержанов, Жәле­кеш Ай­пақ­ов сынды елге белгілі дом­бырашылар бол­ды. Кезінде атақты Ахмет Жұбанов осы кісілер­ді Алматыға ал­дыртып, Қазанғаптың күй­лерін жазып ал­ған.
Шалқардағы қазіргі І.Үргенішбаев атын­дағы орта мектептің бастауыш сыны­бын­да оқып жүргенімде  маған  сол ұлы күй­шінің шәкірті Кәдіралы аға  Қазанғаптың күй­ле­рін үйретті. Содан бері Қазанғап күй­ле­рін тартып, халық арасында насихаттап келемін. Қазанғапта күй көп қой. Тек сол күйлер белгісіз болып қалмаса екен, халық арасына тараса екен деймін. Қазанғап күйлерін маған шебер орындамасқа және оны насихаттамасқа болмайды. Олай дейтінім, Қазанғап маған үш рет аян берді. Домбыра тартқызып қойды. Бұл да бір қонған бақ деп ойлаймын.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста