Күйеуі ашынасының көзінше ұрған танымал қазақ әншісі жан сырымен бөлісті

Күйеуі ашынасының көзінше ұрған танымал қазақ әншісі жан сырымен бөлісті

Танымал әнші Бағдат Сәмединова жеке өміріндегі қиындықтармен бөлісіп, оқырмандарға жан сырын ақтарды деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы ол "Қазақстан" Ұлттық арнасының "Әйел бақыты" бағдарламасында айтып берді.
- Сізге өнер адам ретінде өте қиын. Екі бірдей сұлу қызыңыз бар. Оларды қалай тәрбиеледіңіз? Үйде отырмайсыз деген сияқты?

- Ата-енем болды. Кейде сіңліме тастап кетіп жүрмін. Біздің тәрбиеміз қазақы ғой. Әжемнен көрген тәрбиемді балаларға беруге тырыстым. Жаман қыз тәрбиеледім деп айта алмаймын.

- Жаңа өзіңіз айтып кеткен болатынсыз ата-енеммен тұрдым деп. Енемнің кесірінен айрылысып кеттім дедіңіз. Сол кезде қыздарыңызға қалай әсер етті?

- Балалар ғой. Әкелерін жақсы көретін. Бірақ менің де одан көрген қорлығым жетеді. Егер көңілімде қалатын жақсы бір қылықтары болатын болса, мен оны іздеген болар едім. Оның ұрған кездері болды. Тіпті өзінің жүріп жүрген әйелінің көзінше ұрды. Ол әйел бізбен бірге істейтін. Мен соның көзінше ұрған кезде кешіре алмадым.

Күйеуім отбасында жалғыз бала болатын. Кейде кішкене ана ретінде баласын қызғанатын түрлі жағдайлар болатын. Одан кейін төрт қыз болатын. Бәрі бірігіп алады да ең жаманы мен болатынмын.

Шыдап, шыдап жүріп, аяғында кетіп қалдым. Бірге он алты жыл тұрдық. Марал әкесін қатты жақсы көретін", - деп есіне алды Бағдат.

Естеріңізге салсақ, өнер адамдарының қатарында да күйеуінен қорлық көрген әйелдер жетіп артылады. Әнші Шахизада, Нағима Есқалиева, Баян Есентаева секілді т.б. әншілер өздерінің көрген қорлықтарын жалпақ жұртқа жайып салған еді. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста