Күрең күзде «ақбаян» қайта шырқалмақ

Күрең күзде «ақбаян» қайта шырқалмақ

Қазақ сахнасының «Ақбаяны», өзінің қайталанбас үнімен миллиондардың жүрегін жаулап алған әнші Мәдина Ералиева кенеттен қайтыс болғанда қазақ даласы қайғыдан күңіреніп кеткен еді. Зымыраған зымыран заман-ай, толықсыған айдай «Ақбаян» әншінің арамыздан кеткеніне де он жыл толып үлгеріпті. Осыған орай бүгін кешкі сағат 18.00-де Республика сарайында Алматы қалалық әкімдігі, Қазақстан ұлттық теле-радиокорпорациясының және де «Майра» продюсерлік орталығының қолдауымен «Есіңе мені алғайсың» деп аталатын Мәдина Ералиеваны еске алу кеші өтеді.

Әрине, он жыл бойына Мәдинаны ешкім еске алған жоқ деу – ағаттық. Әріптестері, туыстары Мәдинаны еске алып тұрды, арнайы ән кештерін де өткізді, соның бірінде Қыдырәлі Болмановтың сахнада тұрып егіле жылағаны, жұртшылықты да жылатқаны естеріңізде болар?.. Дегенмен соңғы кездері әншінің әндері сирек беріліп, есімі де ауызға анда-санда ғана алынып жатқан сыңайлы. Қарап отырып, уақыттың ырқына беріле салғысы келмеген әншінің Майра Ілиясова бастаған өнердегі, өмірдегі дос-жарандары, ұлы Арсен, сіңлісі Сағира сынды етжақындары және жалпы жанашыр қауым көзден кетсе де, көңілден кетпесін деп, қайтыс болғанына он жыл толуына орай Мәдина Ералиеваны еске алу кешін өткізбек.

733

Еске алу кешіне Мәдина Ералиевамен бірге талай рет бір сахнада ән айтқан, өмірде дәм-тұздас болып, өнердің ыстық-суығын бірге бөліскен  сахналас саңлақ достары, сондай-ақ өзін көрмесе де, ізін қуған жас әншілер бар – отыз шақты орындаушы қатысады. Атап айтқанда, Е.Хасанғалиев, Ж.Ысқақова, А.Иманбаева, Б.Шадаева, Г.Ақүрпекова, С.Нұрмағамбетова, А.Жүнісбеков сынды танымал өнер жұлдыздары  Мәдинаның репертуарын жаңғыртып, «Ақбаяннан» бастап, «Қоғалы-ай», «Есіңе мені алғайсың», «Айқаракөз», «Кірмеші жиі түсіме» сынды әндерін орындайды. Тек «Күрең күзді» ғана барлығы бірауыздан Мәдинаның өз еншісіне қалдыруды жөн көріпті. Себебі «Күрең күз» оның соңғы әні еді. Қазақ сахнасының «Ақбаяны»,  ән дүлдүлі Мәдина Ералиеваны еске алу кеші Алматымен ғана шектеліп қалмай, әншіні дүниеге келтірген Сыр өлкесінде, яғни Қызылорда қаласы мен Қазалы ауданында, содан соң елордамызда жалғасады. Солардың барлығынан түскен қаржы әншінің жинаққа енбей қалған әндерін құрастырып диск шығаруға және ұлы Арсеннің анасы жайлы жазған кітабын жарыққа шығаруға жұмсалмақ.

Майра Ілиясова, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі:
– Біз Мәдина екеуміз Алматы облыстық филармониясында он бес жыл бірге жұмыс істедік. Мәдинаны бүгінде жұрт ұмыта бастағандай. Жаныма бұл қатты батты. Себебі құрбымның аруағы бұған риза болмасы анық, сондықтан оның әндерінің өлмегенін, ал әндері барда әншінің де халықтың жүрегінен өшпейтінін бір дәлелдеу үшін осы еске алу кешін ұйымдастырмаққа бел будық.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста