Күшікбай батырға ескерткіш орнатылады

Күшікбай батырға ескерткіш орнатылады

Қазақтың марғасқа батыр ұлдарының бірі — Күшікбай батыр ескерткішінің жобасы бекітілді. Ескерткіш келер жылы Семейден Абай еліне 50 шақырымдай жерде, батыр зиратының маңынан бой көтереді. Қыркүйектің 8-і күні басталған құрылыстың алғашқы кезеңі аяқталды.

Абай ауданына баратын жол бойында Күшікбай батыр зираты бар. Халық батыр басына тәу етіп өтеді. Қысы-жазы қатпайтын бұлақ суынан дәм татпайтын пен­де кемде-кем. Себебі суында дерт­ке ши­па күміс бар. Енді сол жерден Күшік­бай ескерткіші бой көтеретін болады. Әзірге ескерткіштің іргетасы құйылды. Тарихи мекендегі ескерткіш ба­тырдың бай­рақ­ты дулығасы бейнесінде жасалған. Жоба авторының айтуынша, ақсақалдармен ақыл­дасып, арнайы комис­сияның шешімінен кейін осы жоба мақұл­данған.
Мәдуақас МЫРЗАХАНОВ, сәулетші:
– Бұл жоба – бірнеше жылғы ізденістің жемісі. Көп ойланып барып жасадық. Кейбіреулерге ұнамады да. Мұхтар Әуезовтің Күшікбай туралы жазған кітабын оқып шығып, осы жобаны жасадық. Оны батырдың дулығасы мен киіз үйдің кескіні сияқты пошымға келтірдік.

Маңғыстаудың ақ тасынан жасалатын ескерткіш дулыға, киіз үй, домбыраны бір өзіне біріктірген ескерткіштен қос аққу бейнесін де аңғарамыз. Жоба авторларының айтуынша, ол – пәктіктің белгісі. Көк аспанға мойындарын созған құстар мәңгілікке ұмтылысты аңғартады. Күшікбай батыр елі мен жерін қорғау жолында 21 жасында мерт болған.
Келесі жылдың маусым айында сайын дала төсінде Күшікбай ескерткіші орнатылатын болады. Жобаның құрылысы 17 млн теңгеге бағаланған. Ол шығынды демеушілер мен меценаттар, Қазақстанның барлық өңірінің азаматтары көтеріп алмақ.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста