Ләйлә Сұлтанқызы Айгүл Мүкейді перзентханадан шығарып алды (видео)
Үшінші рет ана атанған тележүргізуші Айгүл Мүкейді әріптестері перзентханадан салтанатты түрде шығарып алды. Шығару кешіне туыстары, жақындары мен отбасы, достары келді. Олар кішігірім мереке жасап, ана мен баланы күтіп алды.
Айгүл Мүкей үшінші рет ана атанды. Өмірге екінші ұлын әкелді. Тележүргізуші жаңа туған ұлына Сұлтан-Әли деген есім қойды.
Тележүргізушіні перзентханадан шығарып алуға әріптесі Ләйлә Сұлтанқызы, Динара Сәтжан, Диана Қырықбай келді.
Әуе шарлары, шашу, домбырамен әсем ән мерекенің сәнін келтірді.
"Бізді ұлым екеумізді перзентханадан шығарып алды. Барлық жақсы тілектерді оқып қатты толқыдым. Бәріне алғысым шексіз", - деп жазды ол парақшасында.
Кейіннен ұлкен ұлы Асанәлі мен қызы Хабибаның інісін қалай қарсы алған видеосы көрсетті.
"Жұғысты болсын деген сурет. Айгүл Мүкей мен Сұлтан-Али батырды перзентханадан алып шықтық. Бауы берік болсын", - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.
"Балаңыздың бауы берік болсын, үлкен азамат болсын", "Басқаларға жұғысты болсын, қызығын көріңіз", "Тәп-тәтті балапандар", "Сіз керемет әйелсіз", "Өзіңізге, балаларыңызға зор денсаулық тілеймін", - деп жазды желідегілер.
Айта кетейік, тележүргізуші 6 сәуір күні үшінші рет ана атанып, ұлды болды. Журналисті әріптестері, өнер жұлдыздары мен желі қолданушылары құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.