Ләйлә Сұлтанқызы. Біз өсекшіміз

Ләйлә Сұлтанқызы. Біз өсекшіміз

Қыңыр мақаланың тақырыбы да қисық... Мойындайықшы! «Мен ешқашан өсек айтпаймын!» деген адам жоқ қой, иә?! «Жамандағаным емес» деп тұрып жамандаймыз, «Өсектегенім емес» деп өсектейміз. Парадокс дүниелер көп.

Германия ғалымдарының жүргізген зерттеуі нәтижесінде балалар өсек айтуды балабақшадағы кезден бастайтыны анықталған. Бұл қаншалықты рас?! Әрине, біздің қолымызда зерттеу қортындысы не қандай да бір аргумент жоқ. Бірақ санамызға салып, саралап көруге ешкім тыйым салған емес. Сіз балаңыздан кешкісін «Бүгін балабақшада қандай тамақ іштіңдер? Апай не үйретті? Ол не деді? Саған біреу тиді ме?» деп бәрін біліп аласыз. Бала шынайы жауап береді. Себебі оның ойы таза. Бірақ бұл әдетке айналып кетуі мүмкін ғой...

Өсек адамға өзі білмейтін «шындықты» айтады. Ең қызығы, өсекші «мен өсек айтып отырмын» деп еш ойламайды. Ол жай өткен-кеткенді әңгімелеп, естігенін көркем әдеби тілде жеткізбесе де, еселеп әсерлі етіп айтады. Басқа түк «артық» ойы жоқ. Кінә оны түсінген адамда. Біз өсекпен көп адамды «өлтірдік», әлі де «өлтіреміз». Бұл нағыз өлімнен де қорқынышты. Адамды қаралау қаншалықты оңай болса, ақтап алу соншалықты қиын.

Осы өсек қалай пайда болады?! Оп-оңай! Ол тіпті жарықтан да жылдам әсер етеді. «Самаурыннан су ақты» мен «Самарқанды су алды», «Қала алмайсың ба?!» мен «Қаламайсың ба?!» деген сөздердің арасы қандай алыс болса, сондай жақын. Мысалы мен кеңдеу көйлек киіп суретке түссем, бәрі «Аяғыңыз ауыр ма?!» деп шу ете қалады. Сосын бірінің сөзін екіншісі жалғап «Иә, жүкті сияқты. Қырыққа келіп бұл да қоймайды екен» деген пікірлер жазылады. Менің аяғым ғана емес, бүкіл денем, салмағым ауыр шығар. Бәлкім, маған кең көйлек киген ұнайтын да болар т.с.с.

Қазір «Домалақ ауыздылар» заманы. Олардың сөздері де домалақ болып шығып, келесі жаққа домалап кете береді. Жүрген жерін жайпап, оларды да жаулап алады.

Сонымен, өсек деген не?! Ол – «желілік маркетинг». Сен 2 адамға айтсаң, ол 4 адамға таратады. Ол төрттік сегіздікке, он алтылыққа... осылай жалғасып кете береді. Айналып келем дегенше бастаған адам өз өсегін өзі танымай қалады. Менің ешкімге бес бересім, алты аласым жоқ. Қоғам болмысын бағдарлап көргенім ғой. Досын келіп досына, әріптесін бастығына, бастығын жолдасына, көршісін екінші подъездегі көршісіне жамандайтындар заманы бұл.

«Өсек» деген сөз ықылым заманнан бері бар. Қазақта «Өсек өзені» (ұзындығы 164 км), «Өсек сұлтан» (Жәнібек ханның сегізінші ұлы) деген атаулар да болған.

Біреу көзіне теріскен шыққан соң орамалмен жауып жүрсе – «байынан таяқ жегені», жұмысынан кеш шықса – «түнделетіп қаңғып жүргені», ит үрсе – «ұры келгені», қыздың жағдайы нашарлап, жүрегі айныса – «оң босағада отырып екі қабат болғаны», Ерке Есмахан ескі танысымен суретке түссе – «Жаңа жігіт тапқаны», мен 1 аптада 10 кг тастасам – «Арықтайтын дәрі ішкенім»... Жаза берсең мысал көп...

Ал хәкім Абай 24-қара сөзінде өсек туралы былай дейді:

«Жер жүзінде екі мың миллионнан көп артық адам бар, екі миллиондай қазақ бар. Біздің қазақтың достығы, дұшпандығы, мақтаны, мықтылығы, мал іздеуі, өнер іздеуі, жұрт тануы ешбір халыққа ұқсамайды. Бірімізді біріміз аңдып, жаулап, ұрлап, кірпік қақтырмай отырғанымыз. Халқы үш миллионнан артық дүниеде бір қала да бар, дүниенің бас-аяғын үш айналып көрген кісі толып жатыр. Осылай жер жүзіндегі жұрттың қоры болып, бірімізді біріміз аңдып өтеміз бе? Жоқ, қазақ ортасында да ұрлық, өтірік, өсек, қастық қалып, өнерді, малды түзден, бөтен жақтан түзу жолмен іздеп, өрістерлік күн болар ма екен? Әй, не болсын!.. Жүз қараға екі жүз кісі сұғын қадап жүр ғой, бірін-бірі құртпай, құрымай тыныш таба ма?».

Меніңше, өсекшілердің де репутациясы бар сияқты. «Кім айтты?» деген сұраққа «Қатипаштан естідім» десе, «Ой, ол айта береді. Оныкі жалған» дейді. Ал соны Күлзипа айтса, онда ол шын болуы мүмкін. Демек, өсекшілер реномесі болғаны. Жарайды, өсек айтуды тоқтата алмасақ та, өресі бар өсек айтып көрсек қайтеді?! Яғни, өсекшілер дәрежесін сәл де болса көтерсек... АҚШ-тың кезекті санкцияларын, болмаса Илон Масктің супермаркеттерде күн панелі мен батареяларын сатуды жоспарлап жүргенін, әлемде былтыр 1,2 миллион электромобиль және оның гибридтері сатылып, жаңа рекорд орнатылғанын айтып, талқыламай-ақ қояйық. Алайда жұрттың жазылмайтын ауруын емес – әлем, әсіресе, Нигерия Биткоин лихорадкасына шалдыққанын, халыққа одан қалды экономикаға пайдасы мен зиянын талдай келе, қаржы сауаттылығын қозғайық, Сәнияштың күйеуінің айлығын емес – «Волк с Уолл-стриттің» биткоин құламас бұрын $50 000-ға дейін көтеріледі деген сөзін «суымай» тұрған да алыс-жақынға жеткізейік, тойда жетпей қалған тост туралы емес – NASA жариялаған 327 метр биіктіктен түсірілген бұрын соңды көрмеген Марс ғаламшары туралы видеоны сөз етейік, қатындардың базардағы тірлігі туралы емес – Сатурндағы тіршілік туралы ғалымдар болжамын өсектейік. Бұдан не пайда дейсіз бе?! Ең болмаса келесі күні Қатипаштың, Күлзипаның, Сәнияштың бетіне ұялмай күліп қарай аламыз. Әңгімелесу деңгейіміз көтеріледі. Жер беті тұрмақ, жер үсті туралы да сөз қозғай алатын сәл де болса сауатты өсекшіге айналамыз.

Немістерде «Krorodilstranen», орыстарда «Крокодиловы слезы» деген түсінік бар. Қай тілде айтылса да, мағынасы бір – жасанды көз жасы, өтірік аяушылық. Қолтырауын құрбанын жеу кезінде көзінен жас шығарады екен. Алайда сонда да жеуін тоқтатпайды. Біздің де қазіргі жағдайымыз осыған ұқсас. Аяймыз, жанымыз ашығандай болады, бетіне «ой, байғұс-ай» деп мүсәпірсиміз, бірақ... Бәрін осы «бірақ» құртады: жамандауымызды, сөзімізді тоқтатпаймыз. Ол тоқтаса, өмір тоқтап қалатындай. Сол өміріміз аз болса да, сөзіміз көп. Себебі біз – бәріміз өсекшіміз.

«Илон Маск соңғы өмірін Марста өткізіп жатыр екен...»

massaget.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста