Ләйлә Сұлтанқызы былтыр Қаралы қаңтар кезінде қайда болғанын айтты
Ләйлә Сұлтанқызы инстаграмдағы парақшасында былтыр осы күндері қайда болғанын айтып, естелігімен бөлісті.
"Үрей мен үміт
Былтыр қаңтардың 3-і күні достарымыз қонаққа шақырып, Алматыға демалуға барып, қонақ үйге тоқтадық. Ертеңінде үреймен ояндық. БАҚ таратқан ақпарат пен желідегі жаңалықтар сәйкес келмей, біраз мазамыз қашты. Шарасыз күйде ешқайда шыға алмай, не қайта алмай, қамалып жаттық. Жоспарларымыз да жайына қалды.
Бар тілегіміз - амандық.
Сол кездегі терезедегі көріністі, қаладағы көк түтінді, қатты дауыстарды қазір есіме түсірсем, денем тітіркенеді. Бойдағы үрейді айтып жеткізу мүмкін емес.
6 қаңтар қонақ үйден зорға шығып, Қаскелеңге, анамның қасына әрең жеттік. 6 күн бойы төркінімде жатуға тура келді.
1 жыл бұрын осы уақытта қорқынышты түстей болып, қаңтар оқиғасы бүкіл елді дүр сілкіндірді.
Тереземіздің теңдігінің, тәуелсіздіктің, еркіндіктің, қадірін түсінгендейміз. Енді елімізде тек тыныштық болса екен🙏🏼 Ешқашан сәбилер жыламасын, ата-аналар мұңаймасын!
Шуақты күндеріміз көп болсын!" дейді Ләйлә Сұлтанқызы.
Инстаграмдағы парақшасынан