Ләйлә Сұлтанқызы қалай арықтады?
Ләйлә Сұлтанқызы артық салмақтан арылу үшін ешқандай дәрі-дәрмектің не болмаса биологиялық қоспалардың көмегіне жүгінбеген. Тележүргізушінің айтуынша, оның өз әдісі бар, деп хабарлайды Stan.kz.
Желіде танымал жұлдыздардың атын пайдаланып, өз өнімдеріне жарнама жасаушы алаяқтар көбейген. Ондайлармен кезінде Роза Рымбаева, Баян Есентаевалар соттаспақ болды. Алайда пайданы көздеген «кәсіпкерлердің» сонда да тоқтайтын түрі жоқ.
Желіде Ләйлә Сұлтанқызының атын пайдаланып, жалған ақпарат таратушылар көбейген. Тележүргізуші оларға сенбеуге шақырды. Сұлтанқызының айтуынша, арықтау үшін адам өз-өзін тежей білуі қажет. Желі оқырмандарымен әзілдескен ол бұл ретте аузына тыным берген скотчқа рахмет айтты.
Сұлтанқызы арықтауының құпиясын көктемде жарық көретін кітабында ашпақ. Есте болса, жаңа туындының «Әйел бақыты» деп аталатынын жазған болатынбыз.