Ләйлә Сұлтанқызы: Танысу агенттігін ашып, жеңгетай болғым келеді
Ләйлә Сұлтанқызы "Қалаулым" бағдарламсының тағы бір түрін ашпақшы ма? Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.
"Жалпы, ойлап отырсам тұрмысқа шыққысы келетін қыздар мен үйленгісі келетін жігіттер көп. Неге бір-бірін көрмейді, неге байқамайды, неге менсінбейді, неге қорқады, неге экспресссвидания -ға бармайды, неге, неге деп сұрақ таусылмайды. Осы кезде көп адамға жеңгетай болғым келіп кетеді. Мүмкін танысуагенттігін ашу керек шығар. Не ойлайсыздар?", деп жазды тележүргізуші.
Оқырмандар:
"Бір қалаулым жетпей жатқанда, екінші қалаулым ашылса бойдақ адам қалмайтын шығар",
"Ашыңыз, менің де екі туған әпкем, жақсы оқу бітірген, жақсы жұмысы бар, жақсы тәрбие көрген тұрмысқа шықпай жүр, сіз барлығын бір бірімен таныстыру агенттігін ашсаңыз керемет болар еді",
"Сәлеметсіз бе! Дұрыс ой. Ашыңыз. Мен қолдаймын. Бойдақ таныстар көп",
"Ия Қалаулым бар! Бірақ ол жер бетбақтар сайысы сияқты! Сіз ашып көрініз.Менің біраз таныстарым бар еді", деп қолдайтындарын білдірді.