Мәделі мұрасы жинақталды

Мәделі мұрасы жинақталды

Кеше Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Қазақ әдебиетіндегі жыршылық дәстүр» атты Мәделі Жүсіпқожаұлының шығармашылығына арналған халықаралық ғылыми семинар өтті.

Бұл жиынды Қ. Әбдезұлы, Е. Алауханов, А.Бейсенқұлов сынды белгілі ғалымдар ұйымдастырды. Семинарда бас баяндаманы әдебиеттанушы ғалым, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты М.Мырзахметов жасады. Кешке белгілі ғалымдар мен қаламгерлер – Ө. Күмісбаев, Ө. Әбдіманов, Қ. Атабеков, З. Жандарбеков, Е.Оспанов, А.Әлім, Қ.Түменбай, С.Медеубекұлы, С.Саттарұлы, А.Кәріпбаев қатысып, Мәделі мұрасы төңірегінде өз ойларын ортаға салды. Шара аясында «Мәделіқожа» атты кітаптың тұсаукесері болды.

Дерек
Мәделі Жүсіпқожаұлы – 1816-1888 жылдары өмір сүрген қазақ халқының біртуар азаматтарының бірі, сөз зергері, ұлт болашағы жолындағы күрескер, батыр. Қоқан ұлықтарының әділетсіздігін аяусыз әшкерелеген. Отты жырларымен елдің еңсесін көтеруге үн қосқан дауылпаз ақын, сол кезеңдегі билікке қарсы бірнеше көтерілістер мен қақтығыстарға қатысқан.

Бір дәуірдің энциклопедиясындай болатын бай мұра қалдырған Мәделі батыр жырлары сол кезеңнің тарихи шындығын, ұлттың мұң-мұқтажын жырлап, қазіргі зерттеушілерге мол дерек береді. «Мәделіқожа» кітабы ақын шығармашылығының мейлінше толық жинағы болып табылады. Оны әдебиетші Әсілхан Оспанұлы мен ақын Тұрсынәлі Айнабеков құрастырып дайындаған. Кітапта Мәделі өлеңдері, толғаулары, айтыс үзінділері, «Қиуа жорығы туралы жыр» дастаны жарияланған. Жинақ түрлі-түсті суреттермен, фотоайғақтармен көркемделген.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста