«Мәдени мұра» ешқашан маңызын жоймайды

«Мәдени мұра» ешқашан маңызын жоймайды

Елбасының тікелей бастамасымен қолға алынған «Мәдени мұра» бағдарламасы – еліміздің рухани-мәдени өміріндегі айтулы құбылыс. Бағдарламаның бірінші кезеңі 2004-2006 жылдарға созылса, екінші кезеңі – 2007-2009,  ал үшінші кезеңі 2009-2011 жылдар аралығын қамтыды. Алғашқы кезеңде, негізінен, тарихи мұраларды іздестіру, анықтау, жинастыру шаралары атқарылып, одан кейінгі жылдарда сол құндылықтарымызды сұрыптау, зерделеу, оларды тарихи мұраға айналдыру міндеттері мақсатты түрде жүзеге асырылды.

                                Абай ОМАРОВ (коллаж)
Осы уақытқа дейін елімізде тарихи-мәдени маңызы зор 70-тен астам  ескерт­кіш күрделі жөндеуден өткізіліп, қайта қалпына келтірілді, ел аумағындағы ескі қалашықтар мен қоныстардың, қорғандар­дың 40-қа жуығына археологиялық ірі зерттеулер жүргізілді. Қалпына келтіру жұмыстары жемісті аяқталған ірі нысандар­дың арасында «Абылай ханның ордасы» кешені де бар. Сонымен бірге Алматы ма­ңын­дағы Есік, Шығыс Қазақстан облысын­дағы Берел қорғандарының құрылысына да үлкен маңыз беріліп, Дамаск қаласын­дағы әл-Фарабидің кесенесі мен Каирдегі Сұлтан Бейбарыстың мешітін қайта жаңғырту жұмыстары қолға алын­ды. 
«Мәдени мұра» аясында халқымыздың тасқа басылған тарихын түгендеу, ғасырлар қойнауында қозғаусыз қалып қойған әде­би-мәдени қазыналарын аршып алу тұр­ғы­сында да маңызды бетбұрыс жасалды. Соның нәтижесінде ауқымды істер атқа­рылып, мәдени-рухани мұраларымыздың айрықша қымбат нұсқалары қолға тиді. Отандық ғалымдар алыс-жақын шетелдер­дің ірі мұрағаттары мен мұражайларын ақтарып, қазақ тарихына қатысты мұралар­ды іздестірді. Батыс Еуропа елдерінде, АҚШ, Жапония, Түркия, Египет, Қытай, Ресей мен Арменияда жүргізілген зерттеу жұмыстары нәтижесінде 5000-ға жуық құнды дерек табылып, олардың көшірмеле­рі елге әкелінді. Ресми мәліметке жүгінсек, 2004-2006 жылдары ұлттық және әлемдік ой-сана, әдебиет және мәдениет бойынша басылым дестелерін әзірлеу сериясымен 218 том жарық көріп, 2007 жылы 74 атаулы кітап шығарылған екен.
«Мәдени мұра» бағдарламасының рухани-мәдени өмірімізге тигізген үлкен бір шапағаты – ғылымға нақты қолдау жасалды. Жаңаша ізденістер мен зерттеу жобалардың арқасында отандық ғылым кеңістігі ерекше бағалы еңбектермен толықты. Бағдарлама аясында зерттеуші­лерді материалдық жағынан ынталандыру­дың мүмкіндігі артты. Елімізде кенже қалып келе жатқан реставрациялау ісі өркен­деді. Заманауи технологиялармен жарақтанған баспа өндірісі жаңаша қарқынмен дамыды. Еліміздің мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммедтің сөзімен айтсақ, «осы бағдарламаны іске асыру барысында ұлттық мәдени мұралар­ды зерттеудің тұтас жүйесі құрылды және гуманитарлық білімнің мемлекеттік тілдегі толыққанды қорын құру жөніндегі қадам­дар жасалды». Бұл, әрине, аз жетістік емес.
«Мәдени мұраның» алғашқы кезеңін қорытындылай отырып, кезінде Елбасы аса маңызды алты бағытқа мамандар назарын аудартқан болатын. Оның бірін­шісі – ұлттық символдарымызды қалып­тастыруға көңіл бөлу мәселесі. Мысалы, Есік қорғандары мен Берел, Түркістан мен Отырар, Ұлытау мен Сарай­шық сияқты мемлекеттілігіміздің алтын бесіктерін жөнге келтіріп, ұлтты ұйыстыру мақсатында пайдалану. Екіншісі – әлемдік туризмде Қазақстан аумағын Ұлы Жібек жолының негізгі тармағы ретінде танытатын Сарай­шық, Отырар, Түркістан, Жаркент, Тараз жәдігерлері, Есік қорғаны тәрізді бағалы ескерткіштердің жеке-жеке тұжырымда­масын әзірлеп, мәртебесін белгілеу.  Үшіншісі – тарихи құндылықтары­мызды халықаралық деңгейде насихаттау мәселе­сін шындап қолға алу. Бізде барымызды жарқыратып көрсету, терең тамырлы ел екенімізді өзгелерге таныту жағы кемшін. Тіпті оған мән де бермейміз. Мысалы, әл-Фараби, Бейбарыс тәрізді әлемге әйгілі тұлғалар байырғы қазақ жерінен шыққаны тарихтан белгілі. Ендігі парызымыз – олардың түркі мәдениетінің бір бөлшегі екенін әлем жұртшылығына таныту. Төртін­шісі – бағдарлама аясында атқарылған шаралар барысында табылған мұраларды кешенді түрде жан-жақты зерттеп-зерделеу, жиналған барлық дерек­тер мен мұралардың ғылыми айна­лымға түсуін қадағалау, көне деректерді зерттейтін ғалымдарға арнайы гранттар тағайындап, қазақ тарихының ақтаңдақ беттерін ашуға мән берілуін қарастыру. Бесіншісі – «Мәдени мұра» бағдарламасы шеңберінде жүргізілген ғылыми зерттеу­лер­дің нәтиже­лерін сараптап, жүйеленген мәліметтерді орта және жоғары мектептің оқулықтары мен оқу бағдарламаларына енгізу қажет. Өйткені біздің алдымызда ел болашағын сеніп тапсыратындай, төл мәдениетін жақсы білетін, туған тарихын сүйетін зерделі ұрпақ дайындау міндеті тұр. Алтыншысы – кәсіби мамандар даярлау. Мәселен, елімізде тарихи мұраларымыз бен ұлттық фольклорымызды өзге тілдерге сапалы аудара алатын, әлемдік ғылым мен ақыл-ойдың сан алуан саласы бойынша құнды дүниелерді қазақ тіліне кәсіби түрде тәржімалай білетін маманданған аударма­шылар, сондай-ақ көне мұраларды талап­қа сай жаңғыртатын реставраторлар жоқ­тың қасы. Ғылыми тұрғыда талдап беретін тарихшылар да сирек. Осыған байланысты аудармашы, тарихшы, этнограф, реставра­тор маманда­рын даярлаудың жолдарын қарастыру керек.

P.S.
Біздің білуімізше, алдағы желтоқсан айында «Мәдени мұра» бағдарламасының жетіжылдық қорытындысы шығарылады және осы мәселені талқылайтын қоғамдық кеңестің отырысына Елбасының өзі қатысады. Осы бір жайттың өзі-ақ аталған бағдарламаға мемлекет тарапынан қаншалықты маңыз беріліп отырғандығының айғағы болса керек. Бір анық нәрсе, «Мәдени мұра» – қазақ елі үшін аса қажет те қымбат бағдарлама. Сондай-ақ Елбасы ұсынған жоғарыдағы алты бағыт қай кезде де «Мәдени мұраның» темірқазығы болып қалуы тиіс.  

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста