Мәдениеттегі жаңа бағыттар жаңылыстырып жүрмесін...

Мәдениеттегі жаңа бағыттар жаңылыстырып жүрмесін...

 

Қазіргі таңда «мәдениет» ұғымын «өркениет» ұғымы ығыстырды. Біз бүгінде жанталасып өркениетті мемлекет құруға ұмтылудамыз. Сонда «Мәдениетті өлтіргіміз келе ме?» деген заңды сұрақ туады. Әрине, біз өз мәдениетімізді өлтіргіміз келмейді, бірақ жер жүзін жайлап алған жаһандану төл мәдениетімізге қауіп төндіруде. Осы қатерден қорғанудың жолы бар ма, қайтсек ұлттығымыздың мәйегі – төл мәдениетімізді сақтап қаламыз? Міне, осы сауалдарға зиялы қауым, түрлі сала мамандары, жастар бірлесіп жауап іздеу мақсатында Мәдени саясат және өнертану институтында «Тағылым» атты мәдени-интеллектуалды клуб өз жұмысын бастап кетті.

Таяуда аталған клубтың алғашқы сұхбат алаңында бас қосқан зиялы қауым өкілдері, еліміздің алдыңғы қатарлы мәдениеттанушылары, ғалымдар отандық және әлемдік мәдениеттің өркендеуін тарихи респективті бағытта талқылап, дүниежүзін жаһандану билеген заманда ұлтымыздың бедерін айшықтап алу мәселесі тұрғысында сөз қозғады. Клубтың алғашқы отырысына Ресейден арнайы келген қонақ, «Телевизия және радио» еуразиялық академиясы президиумының мүшесі, қоғам қайреткері, «Консерватор» журналының бас редакторы Рустам Мустафаоғлы Арифжанов қатысты.

Күні кеше кеңестік кезеңнің құрсауынан құтылған еліміз бүгінде өзінің мәдени өмірінде біраз жетістіктерге жетіп, тарихи-мәдени құндылықтарымызға, атадан қалған мұраларымызға енді қол жеткізе бастаған тұста алдымыздан «жаһандану» деген аждаһа шыға келді. О баста шығыстан бастау алған мәдениет батыстанып, бүгінде өз шыққан тегіне қарсы келіп тұрғандай. Көшіп жүріп те мәдениеттің көнермес үлгісін жасаған халқымыз қазіргі заманның осы бір қарқынды ағысына төтеп бере алар ма екен?

Ерлан Саиров, Мәдени саясат институтының директоры:
– Біздің «Тағылым» атты мәдени интеллектуалдық клубты құрудағы мақсатымыз – дүниежүзіндегі мәдени, әлеуметтік, гуманитарлық процестерді саралай отырып, әлемдік өркениеттің Қазақстанға тигізер әсерін әңгімеге өзек ету. Бүгінде жер жүзінде жаһанданудан шет қалған – тек пигмейлер, полинезиялықтар және Солтүстік Корея елі. Ал қалған мемлекеттер қаласа да, қаламаса да жаһанданудың тырнағына ілінген. Біз жаһандануға тек біржақты қарамауымыз керек.

Одан қашудың қажеті жоқ. Өйткені XXI ғасыр төл мәдениетімізді сақтау үшін қамал жасаудың ғасыры емес, қайта сол әлемдік мәдениетке кіретін автострадалар жасау ғасыры. Айталық, егер біз төл мәдениетімізді өсіп тұрған алып ағашқа теңесек, онда ағашқа әсер ететін жел, жаңбыр секілді табиғи құбылыстар – жаһандану. Сондықтан біз жаһанданудың ұлттық мәдениетімізге тигізер пайдасы мен зиянын бірге қарастырып, мәселені бірлесе шешкеніміз абзал. Сондай-ақ аймақтардың мәдени-тарихи потенциалын жоғарылату керек. Осы тұрғыда Оңтүстік Қазақстан облысының жұмысы бізді қуантып отыр. Жақында облыс басшылығы Түркістандағы Ахмет Яссауи кесенесіне Яссауи әулиенің халықты бірлікке шақырған хикметтері жазылған гранит тақталарын орнатты. Осы бір сырт көзге қарағанда кішкентай ғана шара — еліміздің мәдениетін, тарихын түсіну үшін жасалған үлкен қадам. Жақын арада Яссауи кесенесі жанында этнопарк салынбақ. Шымкент өңірі — түрк әлемінің мәдениет ошағы. Біз мәдениетке қатысты барлық іс-шара үшін аса қуаныштымыз.

Клубтың алғашқы отырысына арнайы келген қонақ Рустам Мустафаоғлы өзімен бірге Ресейде өткен III халықаралық сурет көрмесіне қойылған біршама суреттерді ала келіпті. Мәдениетті зерттеп жүрген Рустам Арифжановтың жинаған суреттерінің ішінен бір классикалық көркем туындыны көре алмайсың. Өйткені ол суреттерде өздерін қазіргі заманның суретшілеріміз деп есептейтін «қылқалам шеберлерінің» адам түсінбейтін шимай-шатпақтарынан, түрлі қоқыстан жасалған дүниелерінен басқа ештеңе жоқ. Міне, осындай «өнер туындыларын» қазіргі өркениеттегі бағыт «шедевр» деп атайды. Айта кетейік, аталған көрмеге қазақстандық «суретшілер» де қатысыпты.

Рустам Арифжанов, «Консерватор» журналының бас редакторы:
– Ерекең мәдениетті алып ағашқа балап, өте жақсы мысал келтірді. Мен ол кісінің ойын толықтыра кеткім келіп отыр. Тамырынан жұлынған ағаш өледі, ал жел мен жаңбыр болмаса, өсіп-өнбейді, көбеймейді. Сол секілді әр ұлттың мәдениеті өз тамырына бекіген және сыртқы әсерлерге де тәуелді. Міне, қазіргі мәдениеттің жағдайы дәл осындай күрделі күй кешуде. Бұлай дейтініміз, бүгінде жаһандану және антижаһандану, көпұлттылық және ұлттық, толеранттылық және ұлттың өзін-өзі сақтауы секілді алып ұғымдар бір-бірімен қақтығысқа түсуде. Қазіргі таңда батыста «contemporary art», яғни ағылшын тілінен аударғанда «өзекті өнер» дегенді білдіретін мәдениеттің жаңа бағыты қанат жаюда.

Бұл мәдениетті өз өкілдері барынша элитарлық, демократиялық мәдениет деп есептейді. Аталған бағытқа бой алдырған өнердің бір ғана саласы, бейнелеу өнерін мысалға алар болсақ, қазіргі кезде реалистік көркем өнер туындысы жоқтың қасы. Айталық, Ресейде халық арасында сауалнама жүргізсек, халық бірде-бір реалистік көркем суретшіні атай алмайды. Есесіне, абстракция картиналар қойылған «Винзавод» галереясына айына 40 мың адам барады екен. Олар егер галереяға сән үшін барса, онда аса қорқынышты емес. Өйткені сән өтеді, кетеді. Ал егер жастар галереяға өздеріне ұнағандықтан баратын болса, қорқыныштың көкесі осында. Себебі қазіргі мәдениеттің қуантатын жағы аз. Меніңше, күннен-күнге етек алып бара жатқан бізге түсініксіз мәдениет – классикалық мәдениетке қарсы шығу формасы.

Ресейлік азаматтың алаңдаушылықпен айтып отырған қазіргі мәдениет мәселесі біздің елде де өршіп тұрғаны баршаға аян. Өткен ғасырдың басында пайда болған модернизм, одан кейінгі постмодернизм бағыттарының орнын бүгінде өркениет басып еді, «изм»-дердің саны одан да көбейе түсті. Дугизм, авангардизм, гиперарт, неакадемизм, фанизм, стрит-арт, систематизм, софт-арт, конструктивизм секілді қаптаған бағыттар мәдениеттің кез келген саласында тамыр жайып, ол аз десеңіз, әр бағыт өкілдері өз мектептерін қалыптастырып жатқан жайы бар.

Түйін
Халқымыздың ғасырлар бойы әсемдікке, әдептілікке, тазалық пен адалдыққа негізделіп келген мәдениетін жаңашыл боламыз деп жоғалтып алмасақ игі еді. Қазіргі кезде өздерін жаңашылмыз дейтін суретшілер адам түсінбейтін шимай-шатпақ сурет салса, батысшыл режиссерлер көпшілікке арналмаған, өз ішкі әлемінен ары аса алмайтын түсініксіз кино түсірсе, заманауи ақын-жазушылар екі сөздің басын құрап әдеби шығармаға ұқсамайтын дүние жазса, нағыз шедевр осы екен деп таңдай қағушылардың көбейгені көзі ашық, көкірегі ояу жанды алаңдатпай қоймасы анық. Ендеше, осы тақырыпты қозғауымызға түрткі болған клуб мүшелерінің «сырттан келген мәдениет пен ішкі мәдениетті зерттеп, зерделеу қажет» деген ниеттерін құптаймыз. Егер дер кезінде сырттан келген дерттің себебін анықтап, ем-шара қолданбасақ, бір күні Батыстың мәдениетін бойына сіңірген қандастарымыз: «рухани астанамыз – Батыс» екен деп қопарыла көшіп кетпесіне кім кепіл?

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста