Мәдина өзін құшақтаған жігіт туралы күйеуі не ойлайтынын айтты (видео)
Мәдина Сәдуақасова елді шулатқан қос бірдей бейнебаянында басты рөлді сомдаған азамат Айдос Мұқанов туралы күйеуі не ойлайтынын айтып берді.
Бұл туралы әнші “Той думан” телеарнасына берген сұқбатында айтты.
„Міне, қасымда отыр, екеуміз келесі бейнебаянның мазмұнын талқылап отырмыз. Бұл кісінің, негізі өнерге еш жақындығы жоқ. Қатардағы есепші„- дейді Мәдина Сәдуақасова.
Өз кезегінде су жаңа актер:
“Жұбайым, отбасым, екі ұлым бар. Жұбайым еш қызғанған жоқ”, – деді.
Керісінше, бейнебаян жарық көре салысымен Айдостың келіншегі бірінші боп Мәдинаға қоңырау шалып, құттықтапты. Ал Сәдуақасованың жолдасы мұндай ілтипаттан жұрдай боп шықты.
“Айдос, сенің келіншегің мені құттықтады. Сәттілік тілеп жатыр десем, „Енді сенің жолдасың мені қашан құттықтайды„ – дейді.
Ойбай, үмітіңді үз, ол құттықтамайды дедім. Басында жолдасым „ол жай ғана кино, бейнебаян, ойын. Ешқандай шынайы емес қой„ деп рұқсатын бергендей болған. Бірақ қазір үнсіз, бейнебаян жайында мүлде сөз қозғамаймыз”,
– деп ағынан жарылды Сәдуақасова.
Естеріңізге сала кетейік, күні кеше Мәдинаның “Алыстама” атты бейнебаяны жарыққа шықты. Онда ұшқыш жігіт пен бортсеріктің арасындағы махаббат баяндалады. Айдос ұшқыш болса, Мәдина стюардесса боп басты рөлдерді сомдаған.
Бұл бейнебаянды көрген желідегілер Мәдинаға сын айтқан.
„Жас келінсің, балаға, үй шаруасына қарап отыруың керек қой қазір, ал сен болсаң мына жақта бөтен еркектің „құшағында„ боп қазақ келініне жат қылық танытудасың„ деп жазды көбісі.
Айта кетелік, Мәдина Сәдуақасова күйеуінің қатты қызғаншақ екенін бір сұқбаттарында айтып қалған еді.