Мадина Сәдуақасова бояусыз түрін көрсетті (фото)
Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Мадина Сәдуақасова карантин уақытында мүлдем боянбай жүргенін айтты. Бүгінгі күні үйінен шықпай жатқан өнер иесі көпшілікке бояусыз түрін көрсетті деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Ел алдына әдетте есте қаларлықтай образдармен шығатын Сәдуақасова бұл жолы көпшілікке табиғи сұлулығын паш етті. Бұған дейін қайда барса да макияжсыз жүрмейтін өнер иесінің бояусыз түріне желі қолданушылары тәнті болды. Жаңа фотосымен әнші Instagram парақшасында бөліскен.
"Күнде күнде айнадан мына қызды көре бердім-ау, Мадина Сәдуақасова қайда?" , - деп жазып қойды суреттің астына эстрада жұлдызы.
Желідегілер шоу-бизнес өкілінің бояусыз түріне қатысты пікірлерін жарыса білдіріп жатыр.
"Табиғи сулулық қандай әдемі, баяғы тонна тонна бояу жоқ. Қақайған кірпік те кеткен келмеске қандай рахат. Таза сұлу", "Қарапайым өте әдемісіз" , "Жас көрінесіз" , "Макияжсыз жақсы ғой" , "Сондай әдемісіз" , "Макияжсыз көріп, қорқып кеттім" , "Өте сұлусыз" , "Табиғи сұлулыққа ештене жетпейді" , "Осылай жүрсеңізші, бояна бермей" , "Бояусыз да көріктісіз" , - деп жазды оқырмандар.