Мәдина Сәдуақасова отбасына қатысты біраз шындықтың бетін ашты
Соңғы жылдары сексуалды суреттерімен әлеуметтік желіде сынға жиі ілігетін Мәдина Сәдуақасова отбасына қатысты біраз шындықтың бетін ашты.
Әнші бикештің сыртқы образдарын отағасы Олжас қалай қабылдайды? Өнер иесінің сахналық киімінің құны қанша?
Шоу-бизнес жұлдызы тыңдармандар мәдениеті жайлы не дейді? Халықтың ортасында келеңсіз жағдайға қалған ол тығырықтан қалай шықты? Толық нұсқасын дәл қазір Stan.kz Youtube арнасынан айтамыз!
Бұл бикештің сексуалды суреттеріне оқырмандары жағымсыз пікір білдіріп жатады. Әйеліне еркіндік берген отағасы Олжасты кінәлайды. Десек те әншінің кез келген образына Сәдуақасованың жолдасы түсіністік танытады.
ВИДЕО: www.youtube.com/watch
"Сен өнер адамысың, әйел адамсың, әдемі әйелсің, сондықтан қашанда жарқырап жүруің керек дейді жолдасым", - деді Мәдина.
Бикеш өзіне ұнаған көйлекті бағасына қарамай сатып алатынын айтады.
"Егер маған ұнаған зат болсын, көйлек болсын, бағасына қарамаймын. Ала беремін. Себебі бағасына да қарамаймын", - деді ол.
Әнші жанкүйерлерінің небір қызықты әрекетке баратынын айтады. Бірі денесін ұстап, бірі шымшып көреді дейді.
"Ән айтып тұрғанда бетіңді бұрып өзіне қаратаы, кейбірі денемді ұстап көреді, бірі шымшып алады. Неше түрлі жанкүйерлерім бар. Бірақ оларға ренжімеймін", - деді Мәдина ханым.