Майғазиев: Ресейдің бағдарламасында "Өз ана тілін білмейтін ел?" деген сұраққа кідірместен "Қазақстан" деп жауап берді

Майғазиев: Ресейдің бағдарламасында "Өз ана тілін білмейтін ел?" деген сұраққа кідірместен "Қазақстан" деп жауап берді

Сәкен Майғазиев өз ана тілінде сөйлемейтін қандастары мен қазақ тілінің деңгейі туралы сөз қозғады. Әнші қазақ тілінде бір сөз айта алмайтын шетелдіктерді сынға алды. Тіпті қала көшелерінің қазақы атауы ұмытылып жатыр деп кейіді.

“Шаңырақты сыйласа етті. Мына ағылшын Қазақстанда қонақта жүріп, орысша (акцентпен әрең сөйлеп тұрса да) "Спэсьиба" деуін қарашы, "Рахмет" дей салу соншалықты қиын болып па дедім. Ол мүсәпірдің еш кінәсі жоқ қой, әкесі, қазақпен қазақша сөйлемеген елде кімге ренжиміз. Ол бейбақ бұл елдің тілі орыс тілі екен деп жүрген шығар” деп анасының ұнжұрғасы түсіп кетті. Рас, қандай мекемеге кіріп барсаң да, қоңырау шалсаң да "Здравствуйте!" дегенді естисің. Басқа ұлт болса ренжімейсің. Шүлдірлеп тұрған өз іні-қарындастарың. Қазақша да біледі. Бірақ сөйлемейді”, – деп жазды Майғазиев. 

 
Әнші қазақ елінде жүріп қазақша бір ауыз сөз айта алмайтын шетелдіктере ренжіді. Алайда өз іні-қарындастарымыздың ана тілін менсінбейді деп өкінеді. Бұл қазақ қоғамының қасіреті.

“Сол, құлдық сана. Әуежайда да "Часы, ремень снимаем, проходим", деп жүрген қазақты көресің. "Музарт" екеніңді білмесе де, қазақ екеніңді көріп тұр ғой. "Сабыр, Сәкен" дейсің де, кете барасың. Ресейдің "Что, где, когда?" деген бағдарламасында : "Өз ана тілін білмейтін ел?" деген сұраққа кідірместен: "Қазақстан" деп жауап берді”, – деді әнші. 

Сәкен мырза тіл тақырыбында көңілге келген бірнеше жайттарды мысал етті. Өзге елдің өзі Қазақстан халқын өз ана тілін білмейтін халық деп таниды дейді ол. Ал қазіргі ұрпақ дүбара тілді, өз ана тілін сыйламайтын ұрпаққа айналды деп өкінеді.

“Бізге не жоқ?! Өзі орысшаны жарытпаса да, "Брат", "Братан", "Родной", "От души", деп жүрген жастарды жиі кездесетіреміз. "Ағатай", "Бауырым", "Досым", "Жақыным" десек аузымыз қисайып қала ма?”, – дейді әнші. 

Сәкен Майғазиев көше атауларын қазақы атауымен атамай шұбарлап сөйлейтіндерге де ренжулі. Бұл тіліміз бен ұлтымыздың ең үлкен қаупі деп сескенеді. 

“Тағы да сол, орысша білмейтін қазақтар "Рысқұлова", "Джамбула" деп бөсіп отырады. "Тұрсынгүл Рысқұлова емес, Тұрар Рысқұлов, Динагүл Конаева емес, Дінмұхаммед Қонаев қой. "Райымбек пен Тілендиевтің қиылысы" десек бізге біреу бірдеңе дей ме? Көшелерді өз атымен атайтындай "Көшелердің атын қазақшалау керек" деп байбалам салып қоямыз. "Ташкентская", "Космонавтов" деп әлі жүрміз. Қазақша таза сөйлейік, қатесіз жазайық. Дәл қазір бастайықшы. Мағжан әкемізше айтқанда, мен жастарға сенемін”, – деп жазды Майғазиев.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста