Майхан-Ула кесенесі – түркі дүниесінің тың жаңалығы

Майхан-Ула кесенесі – түркі дүниесінің тың жаңалығы

Түркі дүниесіне қатыс­ты ашылған ғылыми жаңа­лық­тардың алғашқысы Күлтегін, Білге қаған кесенесі болып, бұл үлкен сенсацияға айналған еді. Одан кейінгі орыс экспедициялары ежелгі ғұн ескерткіштерін ашты. Бұл – екінші үлкен сенсация. Ал үшінші үлкен сенсация – Майхан-Ула (Шатыр тау) кесенесі. Биылғы жылдың тамызында түркітанушы Қаржаубай Сартқожаұлының басшылығындағы қазақ-моң­ғол экспедициясымен аршылған түркі дүниесінің тарихи құбылысы бұған дейін болмаған сенсациялық дүниелер қатарына жатады. Жуырда Еуразия ұлттық университетінде түркі дүние­сі­нің әлем өркениетіне қос­қан үлесін дәйектейтін ай­рық­ша жаңалық – Майхан-Ула (Шатыр тау) жерасты кесе­не­сінен табылған тарихи-мәдени мұ­ралардың тұсауы кесілді.
Кешегі кесірлі Кеңес Одағы құлап, қи­ран­дыға айналғаннан кейін ұзақ жылдар бойы иесіз қалғандай күйде жатқан түр­кі­тану ғылымына жан бітіп, ұлт ғалымдары баба мәдениеті мен мұрасын зерттейтін жауапты жұмысты қолға алған болатын. Со­дан кейінгі кезеңде Орхон бойындағы Күлтегін баба ескерткішінің көшірмесі елор­дадағы ордалы оқу орнына орналасып еді. Кейіннен осы университет жанынан Түркі және алтайтану орталығы ашылып, сол орталық 2010 жылдан бастап Моң­ғо­лия Ғылым академиясының Тарих инс­ти­ту­тымен келісімшарт жасасты. Үстіміздегі жазда Орталық Моңғолияда қазба жұмыс­та­рына кіріскен-ді. Нәтижесі – Майхан-Ула кесенесі. Қазақ-моңғол бірлескен экспе­ди­циясы қазақстандық тараптың басшысы, түркітанушы Қаржаубай Сартқожаұлы өркениет қатпарларынан сыр шертетін ғажайып кешен аймағын осыдан 20 жыл бұрын байқағанын айтады. Оның көк түрік­тердің дүниесі екеніне көзін жеткізе жүріп, тынымсыз ізденіске барады. «Мұны қазуға бүгінге дейінгі археологиялық тәсіл­дер жарамайтын еді. Сондықтан да Еги­пет­те болып, жерасты кесенелерімен та­ныс­тық, Батыс Қытайда, Қытайдың 12 ди­нас­тиясының астанасы болған Цянь қаласында, Бейжіңде болдық. Сондағы жерасты кесенелерімен таныстық. Әлемдік тәжірибелерді зерделей жүріп, түркі өр­ке­ние­тінің мәдениетін, салт-дәстүрін сабақ­тай отырып, кесенені қазуға бел байла­дық», – дейді Қаржаубай Сартқожаұлы. Сөй­тіп, қазба кезінде Қазақстан жағынан негізгі жұмысты археолог, жас ғалым Жан-тегін Қартқожаұлы, Моңғолия тарапынан Л.Эрдэнэболд жүргізіп шығып, аса ау­қым­ды тарихи құбылыстың сырын ашуға қол жеткізді. Ең бастысы, VII ғасырдағы ер тү­ріктің қағаны жерленген жерасты кесене­сі­нің құрылымы толық сақталды, бұған дейін беймәлім болып келген ежелгі түркі өр­кениетінің жаңа беті аршып алынды.
Ұлы емей немене, ұлы түрік баласы
Ескінің көзіне жаңаша ғылыми әдіспен қол салған археологтер кесенені радиусы 50 метрге келетін шеңбер ішінен тауыпты. Табылған мазар аумағы – 34-36 метр, оған барар дәліздің ұзындығы – 42 метр. Қорым жер бетінен 8 метрлік тереңдікте жатыр. Кесененің теңіз деңгейінен 1000 метр биіктікте орналасқан үлкен обасы бар. Үш метрдей қазылғанда ең әуелі қо­рым­ға кіретін есік көрінді. Ал 8 метрлік терең­діктен ағаш табыт қазып алынған. Табиғи жартастан қашап алынған қорым­ның екі қабырғасы кәдуілгі сары балшыққа селеу шөпті араластырып сыланған. Ұзын дәлізді бойлай бес жерден арка жасалған. Үш метр сайын кездесетін бұл ескі арка­лар­дың ­сырты таспен бітелген. Ең ғажабы, соңғы бесінші арканың есігі алтын құлып­пен (!) бекітілген. Алтын құлыпты есіктің ар­ғы жағы тіптен ғаламат. Онда бойы 20-50 сантиметрлік түркі ерлерінің қыштан соғылған 95 мүсіні тізіліп тұр. Олардан сал­танат құрған орда адамдары екендері бай­қалады. Біреуінің қолында қобызға, енді бірінің қолында сыбызғыға ұқсас аспаптары да бар. Жалпы, жерасты кесе­не­сінен 350-ге тарта мұра шыққан. Олар­дың арасында: тұлпар мінген түркі жауын­гері, қайтпас қас батыр тұлғасы, сайлауытты аттар мен саяқ жатқан тазы, жаһұтты жүзік, саф алтыннан құйылған қағанның ыдысы, түркілік үлгімен нақышталған алтын тәж, сондай-ақ қияқ мұртты байырғы түркі­лер­дің бейнесі бар. Осылармен қатар, ежелгі Византия, соғдылардың алтын ақшалары мен төл түркінің алтын теңгелері де кез­де­седі. Нақты заттай айғақтармен қоса, бұл кесене жақтауларына сол дәуірдің озық мәдениетінен сыр шертетін түрлі қабырға суреттері салынған. Атап айтсақ, ар­ғы­мағын сайлаған атқосшы, бәйтеректі пір тұт­қан түркі бейнесі, тәңірлік сенім үйі – қай­қышатыр ғибадатхана да ап-айқын. Ғибадатхана үстінен құстардың ұшып бара жатқанын көресіз, бұл – «адам жаны ұшып кетті» дегенді білдіретінін айтады ға­лым­дар. Әсіресе дәліз қабырғасына бойлай салынған 9 метрлік алып жолбарыс бейнесі ертеден жалғасып келе жатқан «жолбарыс» то­темді бабаларымызды еріксіз еске са­ла­ды.
Көк түркілер өркениеті қандай болды?
Майхан-Ула кесенесінен табылған мұ­ра­лар арқылы сол дәуірдегі түркілердің бет-бейнесін анықтауға болады. Мәселен, кесенеден табылған заттай айғақтардан сол дәуірдегі түркі ерлерінің шаштарын ұзын өсіріп, құлақтарына сырға таққанын байқауға болатындай. Ордадағы түрік­тердің шаштарына шашқап кигеніне дәлел ретінде алтын шашқаптар мен олардың алтын түйрегіштері де табылғанын түркі­та­нушы Қаржаубай Сартқожаұлы растайды. «Біз, еуропаланып, батыстанып кеткен қазақ­тар, арғы атамызға таңырқай қарап, тіпті оларды өзімізге жақындатудың ор­нына кәрістерге, қытайларға ұқсатамыз. Бұл біздің өз бабаларымыздан тым алыстап кеткенімізді білдіреді. Ал VII ғасырдағы түркінің шаруашылығы, өмір сүру салты қан­дай болды? Бұған дейін айтылып жүр­геніндей, ежелгі түркілердің бәрі бірдей көш­пенді болмаған секілді. Өйткені осы ке­сене маңайында жеті қаланың орны бар. Кесененің ішінен тауық та табылды, – бұл көшпелі халықтың дүниесі емес. Сол үшін ата-бабаларымыз жартылай көшпелі, жартылай отырықшы болғанға ұқсайды», – дейді ғалым. Рас, мұндай жаңалық ғы­лы­ми айналымға енді ғана түсіп отыр. Ен­де­ше, ежелгі баба шаруашылығының түр­ле­рін, мәдениеті мен дәстүр-салтын анық­тау­ға беретін ақпарат та Майхан-Улада мол. Келешекте түркітанушылар осыған ерекше назар аударса игі. «Тізеліні бүктіріп, басы барды идірген, аз халықты көп етіп, аш халықты тоқ еткен» көк семсерлі көк түркілер өз дәуірінде жарты әлемге билігін жүргізгенін ғылыми дәлелдермен ұрпаққа танытудан ұтарымыз да мол болмақ. Оның үстіне байырғы түркі қағандары астана салып, бөрілі байрағын байлаған моңғол жері бүгінде тұнып жатқан ескі түркі мә­де­ниетінің алтын бесігі саналатынын естен шығармауымыз керек.
Қаржаубай Сартқожаұлы, түркітанушы:
– Кесененің ашылуы тамыздың 19-ында Моңғолияда өтті. Оған сол елдің білім министрі, біздің елшілік барды. Мұның ашылуына дүние елдеріне сен­са­ция ретінде жаңалықтар тарап жатты. Бір аптаның ішінде Моңғолияның Министрлер Кабинеті 70 гектар жерді тарихи-мәдени қорық деп жариялап, сол орындағы 3-4 қыстауды көшірді. Моң­ғолия үкіметінің белсенділігін бай­қа­дық. Ендігі іс Қазақстанға тіреліп тұр. Моңғолия тарапы «Қазақстан осы жерге мұражай салса, ол Қазақстан-Моңғолия біріккен мұражайы деп атал­са» деген ұсынысты да айтты. Ра­сын­да, Күлтегін, Білге қаған ескерт­кіші табыл­ған жерде Түркия Респуб­ли­касы 20 жыл бойы жұмыс істеп келеді, ар­найы мұражайлар да ашып жатыр. Ке­лесі жылдан бастап ұшақ қонатын шағын әуежай ашпақшы. Жапония елі Шыңғыс ханның алғашқы астанасы болған жерге мұражайлар, зертханалар орнат­ты. Бұл туризмді дамытуға, сол арқылы түркінің дүниесін әлемге танытуға мол мүмкіндік екені рас. Бұл мүмкіндікті Моңғолия Қазақ­стан­ға да беріп отыр. Осыны пайда­лан­сақ екен. Өйткені түп-төркінімізбен са­бақ­тасатын көп дүние­міз де, түркілердің ежелгі астанасы да осы Моңғолия же­рінде тұр. Түркілер аста­насы болған қа­ланың жалпы ау­мағын картаға түсі­ріп, неміс­тер мен жа­пондар бірлесіп қаз­ба жасап жа­тыр. Ал біз оған кірісе алмай отыр­мыз. Сон­дық­тан да біздің үкімет бел­сен­ді кіріссе, бүкіл түркі әле­мінің ең алғашқы аста­на­сына қазақ ға­лым­дары да кіріге ала­ды. Бұған басты керегі – Қазақ үкіметінің пиғылы. Үкімет атына, Мә­дениет, Білім және ғылым министр­лік­теріне де хат жолданған. Жауап күтудеміз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста