"Малай дилеммасы" түңғыш рет қазақ тілінде жарық көрді

"Малай дилеммасы" түңғыш рет қазақ тілінде жарық көрді

Жуырда белгілі ғалым Дияс Мырзақожаның «Малайзия. Доктор Махазир. Tne Malay Dilemma» деп аталытын кітабы жарық көрді. Бұған дейін орыс, ағылшын тілідерінде басылып шыққан еңбек А.Мырзақожа, Э.Кульясова, Е.Ахапов сынды мамандардың тәржімалауымен қазақ тілінде басылып отыр.
Аталған кітап Малайзия оңтүстік-шығыс Азия елдерінің саясаты мен тарихы қызықтыратын, ұлтаралық қатынасты оқып-үйреніп жұрген оқырмандарға арналған. Ғылыми монография санатына жатқызуға лайық еңбектің мазмұнында Малайзия елін Премьер-Министр лауазымында 22 жыл басқарып, халқының әл-ауқатын жаңа деңгейге көтеріп, әлемнің өркениетті елдер қатарына қосып, мемлекетіне тірек болып келе жатқан доктор Мохамад Махазирдің қайраткерлігі мен азаматтық болмысын ашып көрсетуге талпыныс жасалған.
Кітап үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім «Малайзия» деп аталады. Онда осы бір ерекше елдің тарихы мен салт-дәстүрі,  халқының тұрмыс-тіршілігі, көркем табиғаты мен қарапайым малайзиялықтардың биік белестерге жету жолындағы қиын-қыстау кезеңдері қызқаша баяндалады.

Екінші бөлімде малайзиялықтардың көсемі Доктор Махазирдің саяси және адами портреті барынша ашып көрсетіліп,  қайраткердің өмірбаяндық деректері мен қызмет барысы тілге тиек етілген.
Үшінші бөлімде Мохамад Махазирдің өз қолымен жазған   «Малай дилеммасы» атты терең мазмұнды  еңбегі тұңғыш рет толығымен қазақ тіліндегі нұсқада ұсынылған.
Өткен ғасырдың жетпісінші жылдары жазылып, жарық көрген бұл еңбекті доктор махазир 2008 жылы қайыра бір толықтырып, кейбір тұстарына өзгертулер еңгізген. 1970 жылы аталған кітапты басып шығарушы баспа өз тарапынан жазған алғысөзінде: «Бұл маңызды кітап, себебі дамушы малайлықтардың тәрбиесіне арнап жазылған, малайзиядағы нәсілдердің үйлесімдерін ашық дәлелдейді. Др.Махазир – малайлықтар малайдың заңды иелері болып табылады, ал келімсектер–қонақтар. Ал, қонақтар шын мәнінде сіңдірілмеген халық санатында. Келімсектер өздерінің бұрынғы тілдері мен мәдениетін қалдырмайынша елге дүрыс сіңдірілмейді. Шыныда да, кім өзі түрған елге бейімделеді солар ғана өмір сүре алады. Автордың кейбір пікірлдері даулы шығар, бірақ біз бұл кітапты басып шығаруды ұйғардық. Оны оқу, оқымау оқырман еркінде.» -деп жазған екен.
Махазир сынды қайраткердің еңбегін қазаққа жеткізіп, кітап шығарып отырған Дияс Асылбекұлы Мырзақожа – химия ғылымдарының докторы, Томас Хершфильд (Жапония 1998 ж) сыйлыңының иегері. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың химия факультетінің түлегі.Кандидаттық диссертациясын Оңтүстік Кореяныі Сеул Ұлттық университетінде, докторлық диссертациясын Жапонияның Осака қаласындағы Квансей гакуин Университетінде қорғаған. Ғылыми-зерттеу бағытында игерген негізгі мәселелері - молекулярлық спектроскопия, заманауифизика-химиялық әдістің сараптамасы.
Бірнеше халықаралық ғылыми конференцияларға қатысқан, шет елдерде жарық көрген 35 ғылыми еңбектің, бірқатар ғылыми негізделген инновациялық жаңалықтардың авторы – Дияс Мырзақожа бүгінгі күні Қазақ ұлттық аграрлық университеті базасындаығы Қазақстан-Жапон инновациялық орталығының директоры.
Үнемі ізденіс жолында жүретін ғалымның азаматтық, адамгершілік қасиеттерінің өзі бөлек әңгіме арқауы.  Бір ғана мысал: осыдан бірнеше жыл бұрын Қасиетті Құран Кәрім алғашқы рет араб, ағылшын, қазақ тілінде – үш тілде бірдей он мың данамен жарық көрген болатын. Малайзия мелекетінің астанасы Куала-Лумпурдегі Құран баспа үйінде шығарылған. Қасиетті кітаптың осы басылымына ғалым Дияс Мырзақожа демеушілік жасаған болатын.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста