Мәмлүктерден қалған Құран Кәрім ғаламторда жарияланбақшы

Мәмлүктерден қалған Құран Кәрім ғаламторда жарияланбақшы

Қасиетті Құран Кәрім кітабының көлемі жағынан әлемдегі ең ірі нұсқаларының бірі жақында ғаламторда жарияланбақшы.
Мысырды билеген мәмлүктердің дә­уі­рінен қалған, шамамен кемінде 500 жыл бол­ған қасиетті ескі қол­жаз­ба кітаптың ірі­лігі соншалықты – ға­лым­дар кітаптың сан­дық бейнесін алу үшін оны дисплейге сый­ғыза ал­мады. Себебі Құран Кәрімнің осы нұс­­қасы­ның әрбір беті плазмалық экранды те­ле­дидардың көлемінен де үлкен болып шықты. Алайда кітап тым ескі бол­ған­дық­тан, парақтары үл­біреп тұр, яғни көрмеге қою­ға кел­мейді. Ұлы­бр­итаниялық ға­лым­дар бұл кітапты сақ­тап қалу үшін көшір­ме­сін алып, ғалам­торда жариялауды жөн көріп отыр.
Қазіргі уақытта Британияның Ман­­честер университетінің Джон Райлендс кі­тапха­на­сы­ның ғалымдары сандық тех­но­логия­лар­ды қолдана оты­рып, кітаптың әрбір бетін же­ке тү­сіріп жа­тыр. Алдағы уақытта ол ға­лам­торда он­лайн режимінде жа­рия­ла­натын бо­лады. Бұл өз кезегінде ға­лымдар мен сту­­денттердің аталған кі­тапты емін-еркін зерт­­теуіне мүм­кіндік береді. Сан­дық бей­не­­сінің са­рап­талуы не­гі­зін­де ғалымдар Құ­ран Кә­рім кіта­бы­ның нақты жасын анық­тап айта алады.
Көлемі 88,9 х 60,96 см болатын плаз­­ма­лық экранға сыймайтын бұл кітапты жа­рия­лау оңай бола қоймасы анық. Жалпы са­ны 470 бетті құрайтын кітап Каирден, Мәм­лүк мемлекетінің  ең соңғы сұл­тан­да­ры­ның бірі Кансух әл-Гуридің кі­тап­ха­на­сы­нан шыққан. Бұл кітапты бірнеше катиб жаз­ған, кітап сұлтан Кансух әл-Гуридің мақ­танышы болған. Кітаптың беттері жі­бек ма­таның бір түрінен (bombycine), сия қа­ғаз­ға сіңбей, бетінде тұра­тын­дай етіп, жыл­тыр тастармен үстінен жақ­­сы­лап ыс­қы­лап, бастыру арқылы жа­­салған (мысалы, пер­га­мент тә­різдес). Та­рихшылар бұл кі­тап­тың жа­зылу та­рихы туралы бір ше­шім­ге ке­ле ал­мап­ты, бірі XIV ғасыр десе, екін­­шілері XV ғасырда жасалған деп ой­­лайды.

Құран Кәрім кітабын сұлтанның Каир­­дегі кітапханасында жатқан же­рінен граф Кроу­форд сатып алған екен. Кроуфордтың жеке коллек­ция­сынан Энрикете Райлендс атты ханым 1900 жылы осы қасиетті кітапты са­тып ал­ған, сөйтіп, өзінің күйеуі Джон Рай­­ленд­стің жеке кітап­ха­на­сы­ның қо­рына әке­ліп қосқан екен. 1972 жыл­дан бас­тап қазірге дейін бұл кі­тап­хана Ман­чес­­тер университетінің бір бөлігі болып са­­налады. Аталған кітаптың екі беті жоқ болатын, ке­йін­нен 1970 жылы кі­тап­тың жо­ғалған екі беті Ирландияның Дуб­лин қа­ла­сын­дағы Честер Битти кітапханасынан та­­былды. Осы жо­ғал­ған беттерімен бірге қо­сып, қасиетті кі­таптың ең май­да де­таль­да­рына дейін кө­руге болатын сандық бейнесін түсіру, ға­лам­торда жалпақ жұртқа жариялау жос­­парланып отыр. Ең кемінде 950 сан­дық бейне түсіріледі, әрбірінің кө­­лемі 80 мен 120 МБ арасында бо­лады. Жо­ба жетекшісі, Джон Райлендс кітап­ха­насының қорлар бөлімінің бастығы Кэрол Бер­роуз былай дейді: «Осы уақытқа дейін бұл кітап өте ескі жә­не көлемі жағынан үл­кен бол­ған­дықтан, оны қолға ұстап оқуға бір­ді-екілі ғалымдардан басқа ешкімге рұқ­сат етілмейді. Үлкен көрмелерге, се­­ми­нар­ларға қоюға да болмайды. Мұн­дай үл­кен қолжазба кітаптың бей­несуретін алу біз­дің құрал-жаб­дық­та­рымыздың өзіне өте қиын бол­ды».

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста