Мән беріп сөйлегейсіз "Жоқ" демеңіз...

Мән беріп сөйлегейсіз "Жоқ" демеңіз...

Құрдасым екеуміз әңгіме айтып тұрмыз. Әркелкі тақырыпта тақылдаған құрдастың әр сөзіне мән беріп тыңдадым. Әңгіме барысында «Әумин, Аллаһу әкбар жоқ» – деп бетін сипады. Басында секем алмай селқос тыңдаған мен кенеттен селк ете қалдым. Сөйтсем, әлдекімді әлдебір жаққа жұмсаған екен. Ол сол кеткеннен мол кетіпті де құрдасым оны «Әумин, Аллаһу әкбар, жоқ» – деп жеткізіп тұр. Әрине, әңгіме арасында болған жәйттен хабардар ету мақсатында әлгіндей сөздермен тұздықтайтынымыз аян. Дегенмен, не сөйлеп тұрғанымызды аңғармайтынымыз бар. Айталық, «Әумин, Аллаһу әкбар, жоқ» – деген сөз мына жаратылыстың иесі, әлемнің патшасы Аллаһты да жоқ дегені. Бұл сөз сонау кеңестік кезеңдегі атеизмнің кең жайылған тұсында тілге қадалған тікенек тәріздес нәрсе. Алла сақтасын, әр жұма мешітке барып, сәждеге бас қойған құрдасыма осы сөздің мағынасын түсіндіріп едім, түрі бұзылып «истихфар» айтумен болды.

Мамай келе жатыр...

Бір күні құрдасымның үйіне бардым. Әйелі, екі баласымен есіктің алдынан күтіп алып, үйіне кіргізіп қуанып жатыр. Дастархан жайған. Тіршілік турасында толғанып, қоғам, саясат мәселесін шолып келдік те ас қайырдық. Қонақ бөлмеде отырған едік. Әлгі құрдастың кіші баласының түс әлетінде ұйықтайтын дағдысы бар екен. Сонымен, дағдысына салып ұйқыға кетпес бұрын аз-кем жылап, мазасызданды. Кейіннен май құйрықтан шапалақ жеп, тым-тырыс ұйқыға кететін көрінеді. Бірақ, құрдасымның әйелі менің көзімше шапалақ жегізуді ерсі көрді ме баласын алдауға кірісті. Кенет «Бабай келе жатыр, бабай келе жатыр» – деп әлгі баланың зәре-құтын қашырмасы бар ма. Бала тұрмақ өзім қорқып кеттім.
Алайда, батыр бабасымен мазасыз баласын қорқытып жатқанын білмеген еді құрдасымның жары. «Бабай емес, Мамай» – дедім досыма қарап.
Алтын Орда хандығының түменбасы, 10 мың әскерді оңды-солды жұмсаған, атынан ат үркетін – Мамай. Алтын Орданың ханы Бердібектің күйеу баласы, Бердібек өлгеннен кейін Алтын Орданың батыс бөлігінде билік жүргізіп, 20 шақты хандарды өз қолымен таққа отырғызып, сол арқылы мемлекеттің ішкі-сыртқы саясатын жүргізіп отырған баһадүр бабамыз. 1380 жылы Куликово аталған Күлік шайқасында орыстардан жеңілген. Дегенмен, бұл шайқастың да болған – болмағаны жайлы күдікті ойлар айтылуда тарихшылар арасында. Өз басым Мамай Күлік шайқасында жеңілді дегенге сене алмаймын. Алтын Орда хандығының 14 ханы ауысса да абырой биігінен бір түспеген Мамай бабамызбен орыстар балаларын қорқытқан. Олар «Мамай келе жатыр» дегенде жылаған баласы қойған деседі. Сол сөз кеңестер одағы тұсында қазақтың тіліне енген. Тек Мамайды, Бабай деп өзгерткен.
Айтпағым не? Не сөйлесеңіз де, ой елегінен өткізіп барып сөйлегейсіз. Өйткені, бірде Аллаһты жоқ десеңіз, бірде батыр бабамыз Мамаймен балаңызды қорқытуыңыз мүмкін. Анығында ол Мамайдан қорықпауы керек. Керісінше, мақтануы керек. Не десек те бодандықтың қалдығы деп білейік те, арылуға тырысайық ағайын.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста