Мақпал Жүнісова тойдың қаламақысынан гөрі халықты жоғары қоятынын айтты

Мақпал Жүнісова тойдың қаламақысынан гөрі халықты жоғары қоятынын айтты

 Күні кеше Алматыдағы Республика сарайында "Әндер мен жылдар" атты концерт өтті. Бір қызығы афишада көрсетілген әншілер кешке келмей қалған. NUR.KZ тілшісіне сұхбат берген жоба авторы Құдайберген Бекіш жайсыз жайтқа қатысты пікірін білдірген еді.

"Келемін деп, келе алмай қалатын әншілер бар. Келіседі де, жақын қалғанда хабарлассаң, "Аға, мен ұмытып кеттіппін. Мен бола алмайтын болдым" - деген көп әншілер болып жатыр. Мысалы, Әлішер Кәрімов келемін деп еді, ол кісі ауырып жатыр екен. Кореяда ауырып жатырмын. Маған үлкен ота жасалды деді. Өзінің суретін де жіберді. Серікбол Сайлаубекке хабарлассам, мен ұмытып кетіппін дейді. Ренжігенде не істеймін? Пойыз жүріп кетті ғой!", - дейді Бекіш.

Әншінің сөзінше, Әлішер Кәрімовтің сырқаты себеп болса, Серікбол Сайлаубекке тойдан қомақты сұраныс түскен деп топшылайды. Сондай-ақ, жарнамада көрсетіліп кейін концертте бой көрсетпегендердің қатарында Мөлдір Әуелбекова мен Роза Рымбаева да бар екег.

"Роза Рымбаева белгілі себептермен келе алмай қалды. Өйткені оның айтқан жағдайлары болды. Адам баласы болған соң бір жағдайлар болды. Мөлдір Әуелбекова да келемін деген болатын. Келе алмайтын болды", - дейді Құдайберген Бекіш.
Осы олқылықтың орынын толтыру үшін, жоба ұйымдастырушылары Халық әртісі Мақпалға бірнеше әнді қатар шырқауын өтінген. Құдайберген Бекіш бұл жайында тіс жармағанымен, Жүнісова әріптесі Роза Қуанышқызына қатысты құпия ақпаратты сахнада жайып салды.

"Мен бүгін бірнеше ән айтатын болдым. Өйткені, шақырған әншілердің көбісі келмей қалыпты. Роза әпшем Атырауға тойға кетіп қалыпты. Ол тойға 8 мың доллар беремін деп, мені де шақырған. Бірақ мен ақшаны емес, сіздерді таңдадым", - деп Мақпал Жүнісова халықты қыран-топан күлкіге қарық қылды.

Айта кетейік, бұл концерт Ұлттық арнаның 60 жылдық торқалы тойына арналған болатын.

NUR.KZ

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста