Мақтау әдебиетті өсірмейді

Мақтау әдебиетті өсірмейді

Соңғы уақыттарда жаңа шыққан кітаптарға пікір айтып, оларды оқырманға насихаттау жағы кемшін түсіп жатқаны, әсіресе, қазақ әдебиетінің жас буын өкілдерінің өсіп, жетілуіне белгілі бір дәрежеде тосқауыл болып тұрғаны рас. Оның үстіне, қазіргі кітаптардың таралымы негізінен, екі мың данадан аспайды. Онсыз да көркем әдебиет оқу азайған бүгінгідей кезеңде қаламақыдан да қағылған қаламгер қауымы рухани дағдарыспен қоса, қаржылық дағдарыстың шырмауына алғашқылардың бірі болып іліккені жасырын емес.
Десек те, мемлекет тарапынан төл әдебиетіміздің өркендеуіне бағытталған бірқатар шаралар кезең-кезеңімен жүзе­ге асып келе жатқанын айта кеткен жөн. Бұл бағытта, әсіресе, Қазақстан Жазу­шылар одағы қоғамдық ұйым бола тұра, біраз шаруаның басын қайырып, шығармашылық адамдарының басын жұмылдыра отырып, жанкештілікпен жұмыс жүргізуде. Одақ басшылығы ал­дыңғы жылы Баянауылда жас ақын-жазушылардың үлкен форумын өткіз­ген еді. Сонда әншейінде қоғамдық ұйымдармен санаса қоймайтын билік қаламгерлерге бет бұрғандай болды. Осыдан кейін форум жұмысына келіп қатысқан Мәдениет және ақпарат министрлігінің атқамінерлері отызға тар­та жас қалам иелерінің кітаптарын мем­лекеттік тапсырыспен тегін шығарып береміз, әрі оларға қомақты қаламақы тағайындаймыз деп таудай уәде берген болатын. Одақ тарапынан басталған істі іліп әкеткен министрлік әдеттегідей қалпын бұзып, ақыры уәдесінде тұрды. Нәтижесінде, жиырмадан астам автордың жинақтары 2008 жылдың соңына таман белгілі жазушы Бексұлтан Нұржекеев басшылық ететін «Жалын» баспасынан жарық көрді. Жас деп жеке топтағанымен, бұлардың алды бір-екі кітап шығарып, елге танылып үлгерген қалам иелері. Дегенмен оншақты автордың жинақтары тұңғыш рет баспа бетін көріп отырғандығын тілге тиек еткіміз келіп отыр. Қазір де бұл жинақтар республикамыздың кітап дүкендері мен кітапханаларына түсе бастады. Алайда сол кездегі атышулы ер Ертісбаев тізгінін ұстаған министрліктегілер Президент әкімшілігі тарапынан мақұлданып, аталған кітаптарға бөлінген қаржының қаламақы ретінде берілуі тиіс едәуір бөлігін ізім-қайым жоқ қылып жіберген. Оның ізіне түскен тағы ешкім болмады. Ал әлгі жиырма автор болса кітаптары шыққанына мәз. Қайтсін енді? Бұған да шүкір дейік. Айтып-айтпай не керек дегендей, осынау ұзын сонар әңгімені түбіне дейін қаузайық деп отырған біз жоқ. Біздің айтпағымыз басқа.
Осыдан бір күн бұрын ғана Қазақстан Жазу­шылар одағының Әдебиетшілер үй­інде жаңағы жиырма жас ақын-жа­зушының жаңа шыққан кітаптарының тұсау­кесері өтті. Жарнаманың әлсіз бол­ғандығынан ба, әлде әдебиет өкіл­­дерінің өздерінің әдебиетке деген оң көзқарастарының әлі де қалып­тас­па­ғандықтарынан ба, әйтеуір Әде­биет­шілер үйінің үштен бірі ғана қарайып тұрды. Шығармашылық басқосудың шы­мыл­дығын ашып берген Қазақстан Жазу­шылар одағы басқармасы төра­ға­сының бірінші орынбасары, ақын Ғалым Жайлыбай: «Бүгінгідей қысылтаяң кезеңде мемлекеттік тапсырыспен жас қаламгерлер кітаптарының шығуы үлкен олжа. Бұл істі Одақ алдағы уақытта да жалғастыратын болады. Ең бастысы, бізде талантты жастардың көптігі қуантып отыр. Олай болса, қазақ әдебиетінің келешегіне алаңдаудың қажеті жоқ» деп, өзінен кей­інгі буынға сеніммен қарайтындығын аң­ғартты. Әйтсе де жастардың аяқ алысы­на пікір білдірсек деп мүйізі қарағайдай біраз ағалары да Одаққа арнайы келге­нін айта кеткен жөн. Негізінен, пікірталас түрінде өткен тұсаукесер кешінде адам аз болса да жаңа кітаптарға қатысты көптеген сыни пікірлер айтылды. Аталған жиырма автордың туындыларын поэзия, проза, сатира деп үш жанрға бөліп талдаған аға буын қаламгерлер бүгінгі қазақ әдебиетіндегі жастардың ерекше қарқынмен жетіліп келе жатқандығын да тілге тиек етті. «Тәуелсіздік дәуірінің қаламгерлері» атанған жастар өзде­ріне қарата айтылған сындарды салқынқан­дылықпен қабылдады. Поэзиялық жи­нақтарды сарапқа салған сыншы Бақыт Сарбалаұлы, прозалық кітаптарды талқы­лаған жазушы Асқар Алтай, сатиралық туындыларға тоқталған жазушы-сатирик Еркін Жаппасұлы болды.

Аманхан әлім, ақын:
– Біз кезінде саяси цензураның қыспағында жүріп әдебиет жасадық. Ешкім бізді аяған жоқ. Қаламгер ағаларымыз жастардың жазғандарын оңдырмай сынайтын. Бірақ содан жаман болған жоқпыз. Қазіргі жастар көбіне мақтау естігісі келіп тұратын сияқты. Бірақ мақтау әдебиетті өсірмейді. Оның үстіне, бүгінгі жастар көп ізденбейді, оқымайды. Бірақ бүгінгі жас қазақ поэзиясының қуаты мықты. Жастар не жазам десе өз еркі, алайда олар мұндай дербес мүмкіндікті дұрыс пайдалана алмай жүр. Талантқа сенгеннен ештеңе шықпайды. Сондықтан да ең бастысы – білім тереңдігі қажет.


Кітаптары мемлекеттік тапсырыспен жарық көрген жас авторлар:
Жарас Сәрсек
Маралтай Райымбекұлы
Дәулетбек Байтұрсынұлы
Дәурен Берікқажыұлы
Алмат Исәділ
Мәди Алжанбай
Танакөз Толқынқызы
Алмас Темірбай
Саят Қамшыгер
Талғат Мықи
Қанағат Әбілқайыр
Қанат Ескендір
Ықылас Ожай
Дархан Бейсенбек
Асанқадыр Исабек
Хамит Есаман
Құралай Омар
Ажар Сыпабек
Наталья Цой
Қуат Бораш
Тоқтарәлі Таңжарық.

Асқар Алтай, жазушы:
– Қазіргі жас қаламгерлерде на­ғыз қазақы тілдің байлығы жоқ. Кей­бір кітап­тарды оқу мүлде ауыр. Соңғы уақыттарда біраз жас авторлардың шығармаларын оқып шықтым. Сөй­лемдердің дұрыс құ­ралуы былай тұрсын, ондағы идеялық құрылымның жоқтығы қарын ашырады.
Мысалы, прозадағы ең қиын жанр – әңгіме десек, кейбір жас жазушылардың жазғандары ортанқол публицистика­лық мақала деңгейіндегі дүние ғана. Жазу­шы болам деген адам алдымен өзіне-өзі редактор болуы керек.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста