Марапаттар үлкен жауапкершілік жүктейді

Марапаттар үлкен жауапкершілік жүктейді

Өткен сенбіде ҚР мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай Алматыға арнайы келіп, оңтүстік астананың бір топ өнер мен мәдениет қайраткеріне мемлекеттік награда табыс етті. Сала өкілдері басқосуда министрге ұлттық мәдениетті дамытуға қатысты бірнеше нақты ұсыныс айтты.
ҚР Президентінің Жарлығымен мемле­кеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық жә­не мәдени дамуына, халықтар арасын­дағы достық пен ынтымақтастықты нығай­туға қосқан елеулі үлесі үшін ІІІ дәрежелі «Барыс» орденіне – атақты мультипли­ка­тор, дизайнер, Қазақстанның еңбек сіңір­ген қайраткері Әмен Хайдар, «Құрмет» орде­ніне – Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемле­кеттік академиялық балалар мен жасөс­пі­рімдер театрының актері, режис­сер Мұрат Ахманов, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлт­тық консерваториясының оқы­ту­шысы Мұса Әділ және Қазақстанның ең­бек сіңір­ген әртісі, М.Әуезов атындағы Қа­зақ мемлекеттік академиялық драма теат­ры­ның актрисасы Рәшида Хаджиева ие бол­ды. «Ерен еңбегі үшін» медалімен Қ.Қо­жа­мияров атындағы Мемлекеттік ұй­ғыр му­зы­калық комедия театрының әншісі Толу­най Айсарова және суретші, кари­ка­тура­шы Еркін Нұразхан марапат­талды. Қазақ­стан­ның еңбек сіңірген қайраткері атағы алматылық төрт өнер иесіне табыс етілді. Олар: әдебиет сыншысы, театр­тану­шы, аудар­машы, М.Әуезов атындағы Қа­зақ мемлекеттік академиялық драма теат­ры­ның әдеби кеңесшісі Әлия Бөпежанова, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актрисасы Райхан Қалиолдина, М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері Омар Қыйқымов және музыкант, ком­по­зитор, «Мюзикола» тобының жетекшісі Болат Сыздықов. Дархан Мыңбай ҚР Пре­зи­денті атынан Құрмет грамотасын «Қаз­қайтажаңғырту» мекемесінің филиал же­текшісі Федор Григорьев пен Қ.Қожа­мия­ров атындағы Мемлекеттік ұйғыр музы­калық комедия театрының труппа меңге­ру­шісі, әнші, актриса Унчам Супиеваға та­быс етті. Министр Үкіметтің қаулысына сәйкес, былтырдан бастап, әр ведом­ство­ның өз наградасы тағайындалғанын айт­ты.

«Мәдениет саласының үздігі» ведомст­во­лық төсбелгісі осы саланың дамуына ерекше үлес қосқаны, саладағы ұзақ жыл­ғы еңбегі мен жеке үлесі және саланы же­тіл­діруге белсене қатысқаны үшін беріледі. Награданың алғашқысы былтыр Еркеғали Рахмадиев пен Мұрат Ахмадиевке тисе, биыл бұл төсбелгіге мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, домбырашы, дирижер Жексенбек Еркім­беков; КСРО және Қазақстанның халық суретшісі Гүлфайруз Исмаилова; Қазақ­стан­ның еңбек сіңірген қайраткері Әмен Хайдар; Қазақстанның еңбек сіңірген әр­тісі Хабиба Елебекова; опера әншісі, КСРО халық әртісі Роза Жаманова; КСРО халық әртісі Бибігүл Төлегенова; Қазақстанның халық әртісі Сәбит Оразбаев; балет­мейс­тер, Қазақстанның халық әртісі Болат Аю­ха­нов; актер, режиссер, КСРО халық әртісі Асанәлі Әшімов; М.Ю.Лермонтов атын­дағы Мемлекеттік академиялық орыс дра­ма театрының көркемдік жетекшісі, Қазақ­стан­ның халық әртісі Рубен Андриасян жә­не Алматы қаласы әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов лайық деп танылды. Марапаттау салтанатында Д.Мыңбай күні кеше 70 жасқа толған жазушы, драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Дулат Исабековке Елбасының арнайы Алғыс­хатын жеткізді. Онда: «Сіз дара қолтаң­ба­ңызбен танылып, әдебиеттің алуан жан­рын­да жемісті еңбек етіп келесіз. Қала­мы­ңыздан шыққан шымыр хикаяттар, шы­найы роман және сахналық туындылар оқы­рмандар мен көрерменді рухани байытты. Ұлт әдебиетінің игі дәстүрін жал­ғастырып, қазынасын байытқан шұрайлы шығармаларыңыз үшін Сізге алғысымды білдіремін. Белесті мерейтойыңызды атап өткен жылмен құттықтап, мықты денсау­лық, шалқар шабыт, отбасыңызға береке, бақыт тілеймін, алдағы уақытта да жұрт­шы­лықты тың туындыларыңызбен қуанта беріңіз!» – делінген. Салтанатты басқосуда министр мемлекеттік билік руханият са­ласында екі мәселеге айрықша көңіл ауда­ра беретінін баса айтты. Олар: тіл мен мә­де­ниет. Жиналғандар арасынан сөз ал­ған Жексенбек Еркімбеков министрге бірнеше ұсыныс айтты: біріншісі – елімізде балет­мейстерлер мектебін дамыту, Аю­ханов­тардың көзі тірісінде олардың ше­бер­лік дәрістерін ашу, екіншісі – мате­риалдық-моральдық қолдауды жас өнер­паздарға бағыттау және үшіншісі – Алма­тыда халық музыкасы орталығын ашу.
Рәшида Хаджиева, Қазақстанның ең­бек сіңірген әртісі:
– Өзімді бақыттымын деп айтуыма бо­лады. «Құрмет» сөзінің әр азамат үш­ін ор­ны бөлек. Ал «Құрмет» ордені – өте үлкен баға. Енді алдағы кезең­дер­де бұдан да көбірек күш салып ең­бек етіп, бұдан да жоғары бағаға жету­ге талаптанамыз.

Болат Аюханов, балет әртісі, балетмейстер, педагог, Қазақстанның халық әртісі:
– Елімізде өркениеттің мәдениет деп аталатын бөлігі өте ауқымды. Осы жан-жақты, әлеуетті саланы басқару ғарыш кемесін орбитаға шығарумен бірдей. Мен табиғатымда оптимиспін, сондық­тан бұл салада кемшіліктер болып жат­са, түбі реттеледі деп ойлай­мын. Айта­лық, балет әртістерінің қыс­қартылған зейнетақысы қайтарылса деймін. Ал ме­нің наградам өзімнің жеке табысым деп есептемеймін, бұл – балет өнеріндегі тұ­тас бір ұжымның жемісі. Министрлік бізді ардагер деп санамаса екен, біз шығармашылық биіктеміз, мүмкіндік­терімізді көрсете аламыз. Мемлекеті­міздің бізді үнемі қолдайтынына риза­мыз.

Әлия Бөпежанова, сыншы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері:
– Өнер, мәдениет саласында жұ­мыс істеп келе жатқаныма ширек ға­сыр­дан асты. Әрине, мақтан үшін, ма­рапат үшін еңбек етпейсің, бірақ еңбегіңнің баға­лан­ғаны адамға жақсы әсер береді екен. Жуырда Елбасы өзі­нің Жолдауында тіл мен мәдениетке айрықша көңіл бөлді. Біз игі өзгерістің бәрі тез болғанын қа­лай­мыз, анау жоқ, мынау жоқ деп сы­нап жатамыз, бірақ еш нәрсе жып-жыл­дам бола қал­май­ды. «Асықпаған арба­мен қоянға жете­ді», әрине, қазір басқа заман, де­ген­мен стратегиямызға сай, қазақ тілі­нің қолданыс аясы кеңейіп ке­ле­ді, ке­зең-кезеңмен түгел қазақша сөй­лейтін боламыз. Алда латын әрпіне көш­келі отырмыз. Елбасымыз айтқандай, мен ХХІ ғасырдың еліміз үшін, шынымен де, алтын ғасыр болатынына сенемін.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста