Масалардан құтылу үшін батпақты құрғату керек

Масалардан құтылу үшін батпақты құрғату керек

Кезінде 10 адам ертіп әкеліп, діни бірлестік құрып алғандар бүгінде біраз жамағат жинап үл­гер­ді. Жасыратыны жоқ, со­лар­дың кесірінен талай отба­сы ойран болып, шаңырағы ортасына түсті. Бір дастарқаннан тамақ ішпейтін әке мен баланы да көрдік. Елі­міз­де осындай секталардың кә­ріне ұшырап, зардап шеккен адамдарға қызмет көрсететін бірнеше орталық бар. Астанада кеше тағы бір осындай жаңа ор­та­лық ашылды. Орталықтың атауы – «Көкбозат» қоғамдық бірлестігі.
«Орталықтың міндеті – деструктивті сек­­та­лардың бұғауына түскен адамдарға ол жақтан шығуға және дұрыс азаматтық өмірге, өз отбасына, өз жұмысына қайта оралуына көмектесу», – дейді осы бір­лес­тіктің заңгері Мұрат Уәлиев. Әзірге орта­лықтың құрамында екі заңгер, екі психолог жұмыс істейді екен. Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының жетекші ғылыми қызметкері, осы орта­лықтың психологі Лимана Қойшиеваның айтуынша, бұл орталықтың ерекшелігі – өзге орталықтар тәрізді тек психологиялық және заңгерлік көмек қана беріп қоймай, зәбір көрген жандарды оқытып, олардың жұмысқа тұрып кетуін де қамтамасыз етеді екен. Ол, сонымен қоса, бүгінде жаны жаралы жандарды емдейтін клиника­лардың жоқтығын айтып отыр. «Мұндай клиникалар Ресейде, шетелдерде бар. Себебі зардап шеккен адамдарды адамдық қалыпқа келуге, оларды өмірге бейімдеп жіберуге төрт-бес жыл уақыт керек. Сол уақыт бойы олар психологтердің кеңесіне зәру болады», – дейді ол.
Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерт­теу және талдау орталығының бас ғылыми қызметкері, философия ғылы­мының кандидаты Асан Омаровтың айтуынша, негізінен, бұл ағымдардың көбісі өздерінің догмаларын киелі мәтіндерге (Құран, Інжіл, Таурат, Забур) негіздеп, соларға иек артады және сол мәтіндерді дұрыс түсін­бегендіктен сектаға бөлінеді. Ол жетінші күн адвентистері, йегова куәгерлері, елуін­шілер, тәкфіршілер, уахабилер деген секталардың қасиетті жазбалардың қай жерінен жазым кеткенін айтып, жіліктеп берді. Оның айтуынша, жастарымызды осындай секталардан сақтандырудың бір жолы – білім жүйесін реформалау. «Себебі мек­тептеріміздегі жаратылыстану және тарих пәндерінде әлі күнге дейін дарвинизм теориясын оқытып жатырмыз. Кеңес өкі­ме­тіндегі жүйе мызғымай тұр. Енді келіп дінтану деген пәнді енгізіп қойдық. Оқу­шыларымыздың бабасы бір пәнде май­мыл­дан шықса, екінші пәнде Құдай жа­ра­тады. Міне, осылайша балалары­мыздың миын ашытып біттік. Сол үшін білім жүйесін реформалап, күллі пәндерді бір жүйеге келтіруіміз керек», – дейді ол.
Осы жерде Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының жетекші ғылыми қызметкері Алтынай Қырқымбек сектаға тарту саясаты буыны қатпаған, шыбықтай өрімдерден баста­латынын көбіміз аңғармай қалатынымызды ескертті. «Мәселен, балаларымызға әліппе үйрету барысында мына мәселені бай­қамайды екенбіз. Көріп жүрген болар­сыздар, әліппедегі қысқа «й»-ды таныту үшін қасына йоганың суретін салып қойған. Мұны үлкен қауіп деп есептеуге болады. Мұны көрген жас бала «мына ата не істеп отыр» деп ата-анасынан сұрауы мүмкін. Ал олар еш нәрсені байыптамастан «Құдайға сыйынып жатыр» дей салады. Бала «е, Құдайға сыйыну осылай екен ғой» деп түсінеді», – дейді Алтынай Тастамбекқызы. Ол сол себептен де жас сәбилерді бала­бақшадан бастап олардың танымын қалып­тастыруда қателік жібермеу керек, тәр­биешілер мен оқытушылар кімдердің кітаптарын пайдаланып жүр, соны облыс­тық және қалалық білім департаменттері қадағалау қажет деп есептейді.
Мәдениеттер мен діндердің халық­аралық орталығының ғылыми қызметкері, тарих ғылымының кандидаты Бекжігіт Баймаханов осындай секталарға ел ішінде қай жерден ақша аударылып жатқандығын анықтайтын механизм мемлекет тарапынан іске қосылғанын айтып, ертеңгі күні ұлт тұтастығын бұзатын секталардың бәрібір құрықталатынына сенімді. «Егер масалар­дан құтылғың келсе, батпақты құрғат» деген сөз бар. «Батпақтың» қайнар көзі, әлбетте, қалталы адамдарда не саяси күш­терде тұр. Ал сол саяси күштердің қайнар көзін табу, әрине, олардың «масаларынан» анықтауға болады. Яғни ақшалы канал­дардың қай жақтан келіп жатқанын анықтау қажет деп есептеймін», – дейді Б.Баймаханов.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста