«Мәскеулік Шыңғысхан» Алаш жұртына алғашқы кітабын ұсынды

«Мәскеулік Шыңғысхан» Алаш жұртына алғашқы кітабын ұсынды

Ресейде жүріп, Қазақстанның атын әлемнің төрт бұрышына танытып жүрген қазақтар баршылық. Тимур Бекмамбетовтен бастап, Бақыт Қилыбаев, эстрадада Батырхан Шүкенов, Байғали Серкебаев деп есімдерін біртіндеп атауға болар, бірақ біздің бүгінгі мақаламызға арқау болып отырған қазақ баласының жөні тіпті бөлек. Тағдырдың жазуымен қазақ сахарасында емес, орыстың орманды деревнясында өсіп-жетілген, алайда көкейінде қашан да «мен – қазақпын» деген оты алаулаған Арман Дәулетияровтың сол ауыл баласынан Мәскеудің «МузТВ» секілді алып медиабасшысына айналу тағдыры бүгінде кітап болып басылып шықты. Алдымен Алла Пугачева бастаған мәскеулік шоу бизнес өкілдерімен өткен кітаптың тұсаукесері Алматыда жалғасты.
– Табыс пен танымалдылықтың кілті ақша емес, яғни ол үшін кейбіреу ойлағандай байдың баласы болудың қажеті де шамалы, тіпті қойнаудағы баланың да оған қол жеткізуі әбден мүмкін, – деп бастады әңгімесін ақжарқын қазақ баласы. – Адамды алға ұмтылдыратын – арман. Үйде жатып, теледидардан әркімдерге ұрысудан басқаны білмейтін адамнан ештеңе шықпайды, ал соған өзі ұмтылған жан түбі жететініне, мінекей, алдарыңыздағы мен дәлел бола аламын. Менің осы кітапты жазғандағы мақсатым да сол – кезіндегі мен секілді ауылда талай арман арқалаған балалар жүр, олардың көбі теледидардан түрлі өнерімен көрініп жүрген өздерінің табысты құрдастарына қарап, «өзі жетті деймісің сол деңгейге, сөзсіз оның «көкесі» бар» деп ойлайды. Анығында, жағдай мүлдем басқа, соны көп қазақ баласы осы кітапты оқып түсінсін, менің өмірімнен алар жері болса, өнеге алсын деп жаздым.
Бәлкім, қазақ өзінің осындай бір ұлы бар екенін білмегендіктен, тосырқап отыр­ған болар, бірақ Арман Дәулетияров деген есімді танымайтын ресейлік шоу бизнес өкілі жоқ. Себебі ол – Мәскеудегі «Муз-ТВ» арнасының құлағын ұстап отырған мық­ты басшы. Тек ол ғана емес, Ресей мен Қазақ­станның халықаралық мәдени-іскер­лік ынтымақтастық орталығының пре­зи­ден­ті, белгілі музыкалық продюсер, Мұрат Насыров, Батырхан Шүкенов сынды дең­гейі мықты әншілермен, «А-студио», «Дуэт Л», «Thomas Nevergreen» сынды көптеген топ­тармен тікелей жұмыс істеп, «Мәскеудегі Астана күндерін», «Ресейдегі Қазақстан жы­лын» өткізуге атсалысқан, VII Азия ойындарының жабылу салтанатының бас продюсері болған ғажайып талант иесі. Сон­дықтан оны қазақстандық белгілі му­зыка майталмандары да танымауы мүмкін емес. Бүгінде «Мәскеулік Шыңғысханның тарихы» атты кітаптың авторы болып та үлгерген Арман Дәулетияровтан бір уақыт біз кітаптың атауының мәні жайлы да сұ­радық.

Неге «Мәскеулік Шыңғысхан?»
Кітаптың дәл осылай аталуына ресейлік журналистер арасында үдере қарағандары да болса керек. Алайда Шыңғысхан дегенді автор кездейсоқтықпен немесе кеудемсоқтықпен алмаған. Қазақтың жазылмаған заңы бойынша ұрпағы өз түбі мен тамырынан ажырамай, ең құрығанда бойындағы өз тегінің бір тамшы қанын ақтауға тиіс екенін айтпай, бірақ сездіреді. Әр адам өзінің сол парызын үнсіз түсініп, соған қызмет етеді. Арман Дәулетияровтың шыққан тегі төре тұқымы, яғни қазақтың хан көтеретін тегінен болса керек. Әрине, оның түбі барып Шыңғысханға тірелері тарихтан хабардар әрбір жанға түсінікті. Мінекей осы, екіншіден, осы атауды бір кездері Армандай қазақ ұлына таңып берген баспасөз өкілдерінің өзі болса ке­рек. Біршама жылдар бұрын Арман Дә­уле­тияров жайлы бір мақала баспасөзге сон­дай тақырыппен жарияланған. Автордың өзіне сол қатты әсер етсе керек. Тарихи оқи­ғаға үңілер болса, бір кездері «Шың­ғысханның тұқымы» деген атау Әлихан Бөкейхановтай алаш көсемін де айналып өтпеген. Ендеше, Ресей шоу бизнесінде алаш баласы сол биіктен көрінгенінің бұл да бір дәлелі.
Автор баспасөз конференциясына жи­нал­ған барша баспасөз өкілдеріне жауап бере отырып, сөз соңында қазақ шоу биз­не­сіне қатысты қынжылысын да жа­сыр­мады. Әрине, Ресей шоу бизнесінің ор­та­сында жүрген қазақ баласынан қазақ шоу бизнесі жайлы сұрмау мүмкін емес еді. Сон­да бауырларына қуана құшақ жая көмектескісі келетінін айтқан Арман Дәулетияров, дегенмен сол деңгейге лайық әнші, мәскеулік эстрада мойын­дар­лық деңгейдегі сапалы бейнеклиптің ал­ды­на келмей отырғанын айтты. Сондай-ақ ол Қазақстанда телеарнаға ән, бейнебаян та­ратудың ақылы екеніне таңғалыс біл­дір­ді. Себебі «Муз-тв»-да бәрі тегін, бірақ... Бірақ ол үшін биік деңгей қажет. Қазақ эс­тра­дасын құрап жүрген жүздеген, мың­да­ған әншілер мен топтар арасында сонда ол деңгейге жеткен бірі жоқ деген сөз. Ал бой түзеу үшін «Муз-ТВ» арнасының басшысы «А-студио», Батырхан Шүкеновтер есімін атады.
Интерфакс агенттігінің баспасөз за­лын­да өткен басқосуда әрине Батырхан Шү­ке­нов, Байғали Серкебаев сынды қазақтың Мәскеуді алғаш мойындатқан музыка май­тал­мандары, Арман Дәулетияровтың дос­тары отырып, шоу бизнестегі қазақ бала­сының алдынан шығар қиындықтар мен биік белестер жайлы әңгіменің шоғын маздатты.

Өзінің тамырлы мәдениетінен қол үзбей, сондай-ақ Ресей мен Қазақстан сынды екі елдің мәдени байланысына зор үлес қосып отырған Арман сынды жан-жақты дарын иесімен бірге жұмыс істеудің өзі – бір мәртебе
Иосиф Кобзон

Арман – есімі үлкен әріптермен жа­зуға лайық өз ісінің кәсіби шебері. Жыл­дан-жылға ол өзінің сол деңгейін биік­те­те түсіп, небір алып жобаларды жүзеге асы­руға мұрындық болып жүр. Өте ақылды және сондай жайдары адамның құн­ды­лық­тар жайлы көзқарасы да жоғары. Сон­дықтан Арманға қашанда қол ұшын со­зуға, қажет кезінде жанынан табылуға әр­қашан дайынмын.
Игорь Крутой

Өз талантының ұшқынымен, шы­найы­­лы­ғымен, сонымен қатар кәсіби дең­­гейімен бәріміздің жүрегімізге от беретін осындай адаммен жақын ара­ла­су қандай ғажап!
Алла Пугачева

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста