Махаббатты жырлайтын мүшәйра
2012 жылы қыркүйек айының 28-і күні Аягөз қаласында Қозы-Көрпеш – Баян сұлуға арналған ескерткіштің ашылуына орай шұғыл жарияланып отырған бұл мүшәйраның арқауы өзінен-өзі түсінікті.
Ғашықтар өлкесі Аягөз жөнінде, мәңгілік махаббат жырына арналған Қозы мен Баян туралы кезінде Жанақ, Шөже, Шәкір тағы басқа көптеген ақын жырлаған. Әйгілі Мұқағали ақынның Аягөз туралы өлеңдері бұл күнде ел аузынан түспейді. Сондықтан мүшәйраға «Өлеңге әркімнің де бар таласы» деп Абай атамыз айтқандай, кез келген үміткер бір өлең немесе топтама жырларымен қатыса алады. Жүлде қоры төмендегідей:
Бірінші орын – 500 мың теңге.
Екінші орын – 300 мың теңге.
Үшінші орын – 200 мың теңге.
Жүлдегерлер 28 қыркүйекте ескерткіштің ашылу салтанатында өлеңдерін оқиды. Сондай-ақ мүшәйраға түскен барлық өлең соңынан «Мәңгілік махаббат жыры» деген атпен кітап болып басылады.
Мүшәйраға қатысушы авторлар туындыларын осы жылдың қыркүйек айының 20-сына дейін Астана қаласында шығатын «Алтын тамыр» журналының электронды поштасына (altyntamyr@mail.ru) жолдауларын сұраймыз.
Шығыс Қазақстан әкімдігі тікелей қолға алып отырған бұл шара «Қозы-Көрпеш Баян сұлу» – мәңгілік махаббат жыры» деген тақырыпта өткізілгелі отыр.
Қазылар алқасы