Мейрамбек Бесбаев карантин қазақ халқын қалай өзгертетінін айтты

Мейрамбек Бесбаев карантин қазақ халқын қалай өзгертетінін айтты

Қазақ эстрадасының жұлдызы карантин Алматы қаласының, халық ойының тазаруына септігін тигізді деп санайды

Танымал әнші Мейрамбек Бесбаев карантиннен кейін қазақ халқы өзгереді деп санайды. Бұл туралы ол онлайн сұқбатында айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Биыл танымал "Музарт" тобының құрылғанына 19 жыл толды. Осыған орай топ мүшелері Қуанышбаев атындағы академиялық музыкалық драма театрының директоры Асхат Маемировқа онлайн форматта сұқбат берді.

 

"Жанымыздағы бақытты бағаламаймыз"


Мейрамбек Бесбаев індеттің таралуы, карантиннің енгізілуі Алматы қаласының, халық ойының тазаруына септігін тигізді дейді.

"Карантиннің арқасында жақындарымыздың, балаларымыздың қадірін білген сияқтымыз. Өнер адамы болған соң түзде жүреміз, уақытымыздың басым бөлігі сыртта өтеді. Қасымыздағы бақытты бағаламай жатамыз. Мүмкін адамзат асқақтап кеткен болар, соның бәрін Алла Тағала білсін деген шығар. Қазір бәрі жөнге келгендей көрінеді. Өткенде Алматыны бір аралап шықтым, тап-таза болып тұр. Жүрегіміз де дәл солай тазарса, пейіліміз кең болса екен", - деді әнші.
Ол халыққа дәрігерлер мен полицейлерден бөлек, өнерпаздар да қажет екенін айтты.

"Қазақ қазақты сүймей, біз алға жылжымаймыз. Бізге өнерпаз, талантты адамдар, әншілер де керек. Жалғыз дәрігер, полиция, әкімшілік қызмет ғана емес, бізге қазақтың бәрі керек", - деді Бесбаев.

 

Қазақ халқы қалай өзгереді


Әнші карантиннен шыққан соң халықтың өзгеретініне сенім білдірді. Айтуынша, карантин кезінде халықтың бірлігін байқаған.

Тағы оқыңыз: Мейрамбек Бесбаев депутат Балиевамен қандай мәмілеге келгенін айтып берді

"Осыдан шыққан соң, халық басқа жаққа өзгереді деп санаймын. Біз дана, ақылды халықпыз. Енді шүкіршілігіміз артып, сабырлық танытатын боламыз. Біздің жеріміз, әнұран мен елтаңба, туымыз бар. Бұдан өзге не керек? Мұны аңсап жүрген қаншама халық бар. Сондықтан осының қадіріне жете білуіміз керек. Музарттың ғана бірлігін емес, қазақтың бірлігін көріп жатырмын. Бұл сынақты да жақсы қарсы алып, жақсы шығарып салу керек", - деді әнші.

Бұдан бөлек, сұқбат барысында эстрада жұлдызы жеке басының проблемасын әншілерден көретін тыңдармандары жайлы сөз қозғады.

"Музарт" халықпен бірге жасай береді. Тілектес болып жүрген барша ағайынға рахмет. Кейде өкпесін әншілерге айтатын адамдарды көріп жатырмыз. Жеке басының мәселесін әншілерден көретін ағайындар да бар", - деді ол.

 

"Мейрамбек пен Мақсат мені іздеп жүр екен"


Ал Сәкен Майғазиев сұқбат барысында топтың қалай құрылғанын әңгімелеп берді.

Мейрамбек пен Мақсат әншіні бірнеше жыл бойы іздеп жүргенін айтып, ұсыныс тастаған.

"2001 жылы сәуірде құрылдық. Мейрамбек пен Мақсат мені көптен іздеп жүр екен. Менің өнер академиясында оқып жатқан кезім. Жұбайым Динара екеуіміз аға-жеңгеммен бір үйде тұрдық, тұңғышымыз да сол жерде дүниеге келді. Таңғы сегіз жарымдағы сабаққа бара жатқанда, Газель бес минутқа Көк базар маңында тоқтап тұратын. Көліктің есігі ашық тұрды. Сол жерден өтіп бара жатқан Мейрамбекті көрдім. Дауыстап, тоқтатып алдым. Олар бірнеше уақыттан бері мені іздеп жүргенін айтты", - дейді Майғазиев.

Сол жерде өзі жұмыс істейтін мейрамхананың мекенжайын беріп, кешке кездесеміз деп уәделескен. Сәкен Майғазиев ән салатын мейрамханаға бірнеше танымал тұлға келген екен.

"Кешке мейрамханаға Мейрамбек, Мақсат, Жанатбек, Сәбит келді.Топ болып, театр болуды жоспарлап отырмыз деп ұсыныстарын айтты. Мейрамбектей азамат, Мақсаттай марғасқалар қолын ұсынып тұрған соң, бірден келістім. Шығармашылығымыз осылай басталды", - дейді ол.

Топтың тұсауы 2001 жылы сәуірде Мейрамбек Бесбаевтың "Бозторғайым" деп аталатын жеке концертінде кесілген. Ал трио ең алғаш Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған "Сенің көзің" әнін орындаған.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста