Мейрамбек пен Мархаббат отбаслық мерекелерін Парижде атап өтуде
Халықтың сүйікті әншісі Мейрамбек Беспаев өзінің жары Мархаббатпен Парижде жазғы демалыстарын өткізуде. Жақында ғана Астанада жеке ән кешін өткізіп, халықтың ыстық ықыласына бөленген әнші Мейрамбек концерттен соң іле-шала отбасымен демалу үшін Париж қаласына жол тартты, деп хабарлайды «Алаш айнасы» 31 арнаға сілтеме жасай отырып.
Әншінің Париж қаласына баруынынң өзіндік себебі бар. Биыл қазақ ән өнерінің жұлдызы Мейрамбек пен оның жары Мархаббаттың отау құрғандарына 10 жыл. Махаббат мекені Францияның Париж қаласында өздерінің отбасылық мерекелерін атап өтуге аттанған жұп өздерімен бірге қыздары Кәусарды ала кеткен. Сондай-ақ, әншінің қасында бірнеше дос-жарандары бар. Осылайша Мейрамбек Бесбаев Бразилия-Германия ойынын француздардың ортасында тамашалады. Бесбаевтар отбасы бірнеше күн бойы Парижде тұрақтап, одан әрі Миланға барып, кейін Түркияның Жерорта теңізінде демалыстарын жалғастыруды жоспарлап отыр.