«МЕЛОМЕН» тобының әншілері жол апатына ұшырады (ЭКСКЛЮЗИВ)

«МЕЛОМЕН» тобының әншілері жол апатына ұшырады (ЭКСКЛЮЗИВ)

«Меломен» тобының әншілері жол апатына ұшырады, — деп хабарлайды Baistars.kz. Сайтымызға мәлім болғандай, әншілер 7 ақпан күні таңғы сағат 4-тер шамасында Алматы қаласында Әл-Фараби даңғылымен Lexus көлігімен Алма-Арасан шатқалына көтеріліп бара жатып, жол көлік апатына ұшыраған. Тізгінде Жігер Ауыпбаев болған. Ол рұқсат етілген жерден солға қарай бұрылыс жасаған сәтте арт жақтан қатты жылдамдықпен Nissan маркалы жол талғамайтын көлік соққан. Қатты соққыдан Жігер Ауыпбаев жүргізіп келе жатқан көлік бір аунап, шетке ұшып түскен. Абырой болғанда, топтағы үш жігітке зақым келмеді. Ал тізгінде отырған Жігер орнынан қозғала алмай қалған.

Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметкерлері Жігерді қалалық №12 ауруханаға алып кетті. Қазіргі таңда Жігер ем қабылдап жатыр.

Айта кетейік, 10 ақпан күні «Меломен» тобы және Жігер Ауыпбаев өзі басты рөлді сомдаған «72 сағатта үйлену» фильмінің тұсаукесеріне қатысу керек болған. Бұл фильм 11 ақпаннан бастап барлық кинотеатрларда көрсетіледі деп хабарлағанбыз. Ендігі ретте әншінің жанкүйерлері дәрігерлерден жағымды ақпарат күтуде. 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста