Мен білетін жақсы математиктердің барлығы шетелге кетіп қалды

Мен білетін жақсы математиктердің барлығы шетелге кетіп қалды

Асқар ЖҰМАДІЛДАЕВ, физика-математика ғылымдарының докторы, академик:

– Бірінші рет халықаралық мате­ма­тикалық олимпиада 1959 жылы Ру­мынияда өтіпті. Содан бері дәстүрлі түр­де мемлекеттердің келісуімен өтіп келеді екен. Биыл елімізде өткен 51-халықаралық математикалық олим­пиа­да ТМД елдерінің арасында бірінші рет Қазақстанда өтті. Мұны біздің ма­те­матиктеріміздің мықты әлеуетінің кепілі деуге бола ма?
– Олимпиаданың тарихы өте те­рең­де жатыр. Бұл олимпиаданың шығу тарихын тікелей Венгриямен байланыстырамыз. Австрия-Венгрия империясының құра­мын­да болған венгр халқының ақындары неміс тілінде сөйлеуге қарсы шығады. Олар неміс тілі арқылы венгр халқын отар­лап жатқанын сезіп қояды. Мажарлар алып империямен келісіп, білім жүйесіне өзгеріс енгізуді талап етеді. Білім рефор­ма­сының құрамына олимпиада ұйым­дас­ты­ру мәселесін де алға тартады. Ақындар секілді жұрт сөзбен емес, біліммен, ғы­лым­мен жарыссын деген ұсыныс айтады. Міне, біз айтып отырған олимпиаданың тари­хы Венгрияда 150 жыл бұрын пайда болған. Белгілі бір уақыттан кейін, аталған олимпиада Румынияда дүниежүзілік масш­табта өткізілетін болып шешілді. ТМД елдерінің арасында халықаралық матема­ти­калық олимпиаданың біздің елде бірінші рет өткізілгені рас. Ал Кеңес өкіметі кезе­ңін­де Мәскеуде бір рет өткізілгені есімде. Қазақстанда бұл халықаралық жарыстың өткізілуі мемлекетімізге зор бедел болды. Себебі халықаралық білім бәсе­ке­сінің өткізілуіне басқа мемлекеттер тара­пы­нан сұраныс көп. Ол сұранысты мате­ма­ти­калық одақ мақұлдай бермейді. Сон­­дықтан ғылымды түсінген адамға бұл олим­­пиаданың маңыздылығы өте жоғары. Елімізде өткен бұл халықаралық олим­пиа­даға БАҚ онша мән бермеді деп ойлаймын. Маңыздылығын түсінген жоқ. Бірақ халық­ара­лық олимпиадада бізді қуантқан бір жайт болды. Олимпиада үшін дайындалған есептерді жан-жақтан жиналған қазақ жігіт­тері тексеріп, нәтижесін қатысушы­лар­­ға мәлімдеп отырды. Төрткүл дүниеден келген математиктердің шығарған есеп­те­рін тексеріп, оған баға беру оңай шаруа емес. Есептің қате жерін көрсетіп, оларды мойындатуың керек. Міне, осы тұрғыдан келгенде біздің қазақ жігіттері нәтиже көр­сетті. Оларды АҚШ-тан, Канададан, Син­га­пурден, Швейцариядан тағы басқа елдер­ден арнайы шақыртып едік. Олар қуана-қуана келіп, көмектесті.
– Дәстүрлі түрде өте­тін олим­пиа­даның ішкі жүйесі өзгермелі ме? Олим­пиадаға қатысудың мем­лекеттік та­лап­тары қандай?
– Олимпиадаға қатысу үшін бірінші ба­қы­лаушы бо­лып кіресіз. Сосын бір-екі  жыл­дан кейін сұраныс жібе­ресіз. Олар мем­­ле­кет­тегі ғалымдарыңызды, ма­те­ма­тика ғылымының дең­гейін зерттеп, сізді олим­­­пиадалық комитетке тіркейді. Қазір әлемде 150-дей мемлекет бол­са, соның 105-і осы халық­аралық одақ­қа кіреді. Негізі, ол одақ­қа кіру қиын емес, ал жеңу қиынның қиы­ны. Әрбір мем­ле­кеттен қаты­су­шы­лардың саны ал­ты адам­нан аспауы ке­рек.
– Қазақстанның ұлт­тық құрамасының нә­ти­жесі қандай болды деп ойлай­сыз? 98 мемлекет қатысқан атышулы олим­пиаданың ішінен 5-орынды олжалау сіз үшін қандай көрсеткіш болып саналады?
– Халықаралық мате­ма­ти­калық олимпиадада биыл Қазақ­стан бірінші рет бесінші орын алып отыр. Баяғыда АҚШ-та өткен олимпиадаға қатыс­­қа­ны­мыз­да 20-орын алып едік. Бұл көрсеткіштен жоға­ры шық­қан емеспіз. Негізі, халықаралық мате­ма­ти­ка­лық олимпиаданың тұрақ­ты жеңімпаздары бар десек те болады. Себебі Қытай, Ресей секілді мемлекеттерде мате­ма­ти­калық дәстүр қалыптасқан. Қазақстан биыл Қытай, Ресей, АҚШ, Оңтүстік Корея­дан кейін­гі орынды олжалады. Біз бірінші рет Германия, Англия, Жапония секілді тарихы тереңде жатқан мемлекеттерден озып отырмыз. Бұл – біз үшін зор көр­сет­кіш.
– Олимпиаданың 2010 жылғы 17 жас­та­ғы жеңімпазы қытайлық Най Зипей: «Мен шығарған есептер маған еш қиындық туғызбады» деп жауап бер­ген екен журналистерге берген сұх­батында. Әділ қазылардың ара­сын­да болған болсаңыз, қытайлық жас ма­тематиктің талғамы туралы айт­са­ңыз?
– Ол баланың дайындығы өте күшті бол­ған. Оған таңғалудың қажеті жоқ. Егер сізді де бір жыл бойы осылай дайындаса, біріншілердің қатарынан көрінуіңіз әбден мүмкін. Ол Қытайдың тәрбиесін көрген, қуанышын ішіне жасыра білетін мық­ты, жас математик. Сіз қуанышын жасыра алмай, сыртқа айқайлап жүрген қытай­дың қай баласын көріп едіңіз. Олар­да дәстүр сондай. Барлық эмоциясын ішіне жасыра алады.
– 2011 жылы халықаралық мате­ма­тикалық олимпиадаға қатысушылар Нидерланды мемлекетінің астанасы Амстердамға аттанса, 2012 жылы білімді оқушылар Аргентинаға барады екен. Олимпиадаға қатысатын жас ма­те­матиктеріміздің дайындығына кім көңіл бөліп жүр? Араларында сіздің шәкірттеріңіз кездесе ме?
– Байқап қарасам, араларында жанама шә­кірттерім де, тура шәкірттерім де кез­де­седі. Барлығы дерлік алгебристер. Мы­са­лы, Дамир Елеусізов деген менің шәкіртім олимпиаданың есептерін дерлік өзі құрастырды. Айналып келгенде, көбісі мені­мен байланысты. Ал келешекте бола­тын олимпиадаларға тоқталатын болсақ, ол олимпиадаларға, әрине,  дайындаламыз. Қандай дәрежеде болатынын айта ал­май­мын. Оларда біздің елдегідей «Дарын» республикалық ғылыми орталығы секілді ұйымдар жоқ. Біздегі «Дарын» Қазақ­стан­дағы бүкіл олимпиадаларды өз мой­ны­на алып ұйымдастырады. Ұйым­дас­ты­руға тікелей жауап береді.
– Математикадан ұлттық құра­ма­мыз биыл үш алтын, екі күміс медаль­да­рын жеңіп алыпты. Оған қоса өткен жылғы жүлдегерлер де бар. Жалпы, математикалық олимпиаданың жүл­де­герлері қазір қайда жүр? Олар ғылым­да қала ма?
– Математика ғылымдардың арасында өте ауыр салаға жатады. Сондықтан бұл ғылымды жақсы көріп, сүйсініп оқитындар аз. Ауыр сала. Жеңімпаздардың көбі қар­жы, экономика, кеден ісі сияқты салаларға кетіп қалып жатады. Өкінішке қарай, мен бі­летін жақсы математиктердің дерлік бар­лы­ғы шетелге кетіп қалды. Ешқайсысы ғылымда қалған жоқ. Қытайлар матема­ти­када қалды. Ал бізде тірліктің басы бар, аяғы жоқ.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста