"Мен сенің көзіңді жақсы көрем": Айгүл Иманбаева сүйіктісін көрсетті
Айгүл Иманбаева желіде сезімге толы жазбасын арнады. Әнші бейтаныс ер азаматпен бірге отырған суретін жариялады. Көпшілік бақыт тілеп, ақ тілегін арнады.
“Мен сенің көзіңді жақсы көремін. Себебі онда мен бармын”, – деп жазды Иманбаева парақшасында.
Әнші бейтаныс азаматпен бірге отырған сәтін көрсетті. Көпшілік оны сүйіктісі деп болжап, ақ тілегін арнап жатыр. Енді бірі мұны кинодағы рөлдерінің бірі деп топшылады.
“Қанша жаста болса да әрбір әйел бақытты болуға лайықты”, “Кім алса да әрбір адам бақытты болуға лайықты”, “Көзінде не істеп жүрсіз, жүрегіне қарай өтіңіз. Бақытты болыңыз”, “Бақытты болыңыз, сүйіңіз, сізді сүйсін! Армандарыңыз орындалсын! Сүрінбеңіз”, “Намаз оқитын адам сияқты, сіздің жалаңаш денеңізге ескерту айтпады ма?”, “Бақытты болыңыз, әрдайым күліп жүріңіз”, “Бақытыңыз баянды болсын”, “Енді адаспаңыз”, “Киноға түсіп отырған сәті емес пе?” – деп жазды оқырмандары.
Әншінің өз сүйіктісі барын айтты. Алайда оны көпшілікке ашық таныстырған жоқ.
“Мен әрі қарай аяулы жар, асыл әже, ұлағатты ұстаз, ерке қыз болып өмір сүргім келеді. Менің де бақытты болуға, қуануға құқығым бар", – деді әнші.
Айта кетейік, бұған дейін жалғыз ұлын бір өзі тәрбиелеп өсірген әнші тұрмысқа шығуға дайын екенін мәлім еткен еді. Ол үшін ұлы Асылхан да тілектестік білдірген. Ал бұрынғы жолдасы Сәбит Әбдіхалықов әншіні өзім ұзатамын деп әзілдеді.