"Мен Жұлдыздан қорқамын": Қайрат Нұртас келіншегі жайлы айтты
Қайрат Нұртас келіншегі жайлы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Отбасылық коннект" бағдарламасына сілтеме жасап.
Мен Жұлдыздан қорқамын: Қайрат Нұртас келіншегі жайлы айттыТанымал өнер иелері отбасыларында кімнің қорқақ екеніне жауап берді. Қайрат Нұртас келіншегінен қорқатынын айтып жұртты күлдірген. Жұлдыз Әбдікәрімовадан түн ішінде қорқатынын жеткізді ол. Осылайша әнші қалжыңдай жауап берген.
"Мен Жұлдыздан қорқамын. Ойбай десең. Түнде көзі былай ашылып кеткен кезде. Көзі дәу ғой", - дейді Қайрат Нұртас.
Мұны естіген Жұлдыз Әбдікәрімова өзінің сұрағына жауап тапқанын айтқан. Сонымен қатар Қайраттың келіншегі өмірде қандай нәрселерден қатты қорқатынын жеткізген болатын. Дегенмен, Жұлдыз ханым қорқынышына қарсы тұрған көрінеді.
"Бәсе, неге түнде жаныма жатпайды десем. Мен өзім биіктіктен, судың астынан қорқамын. Бірақ, парашюттан секірдім", - дейді Жұлдыз Әбдікәрімова.