Мені ақын қыздардың тағдыры алаңдатады

Мені ақын қыздардың тағдыры алаңдатады

Қай кезеңге қарасаңыз да, әлем әдебиетінде болсын, қазақ әдебиетінде болсын, әйел қаламгерлер ерлерге қарағанда аз болатын. Әрине, тарихта қалғандары, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Oinet.kz-ке сілтеме жасап.

Қазіргі қазақ әдебиетінде біршама ақын-жазушы әпкелер бар. Олардың тұрмыс құрып та өздерін жоғалтып алмағанына қарап қуанасың.  Ертең тарих бетінде қайсының жұлдызы жарқырап тұрар екен?.. Бұл уақытқа қойылған сұрақ. Жауабын кейінгі ұрпаққа бере жатар.

 

Мені әлі отбасын құрмаған ақын қыздардың тағдыры алаңдатады. Аздап... Легімен жарқ етіп пайда болып, кейіннен жоқ болып кетіп жатады.  Бірі өз еркімен, бірі діни көзқарастың ықпалымен, бірі тұрмысқа шыққан соң күйеуінің айтқанымен, бірі өлеңмен қаражат таба алмаған соң, бірі хобби деп қараған соң, бірі бәлкім, жазары таусылған соң… Әртүрлі себебі көп қой.

 

Ең танымалы — күйеуінің айтқанымен деген нұсқа. Оған Жаратушы дарын береді, ол дарынын күйеуі қолдаудың орнына, “Өлең жазба” деп қатаң талап қояды. Демек, Жаратушыға және өз таңдауына қарсы шығып тұр деген сөз.

 

Жігіттерді аса білмеймін, шығармашыл қыздардың отбасын құруы қиындау. Себебі, шын таланттардың талғамы биік келеді. Және ол өркөкіректік емес. 

 

Отбасын құрып үлгермеген қаламгер қыздарға ішіндегі сөз-сәбиін тұншықтырып тастамайтын, түсінігі терең, кімге үйленіп жатқанын білетін азаматтың жолыққаны жақсы ғой, жолықпаса несі жақсы?.. 

 

Ақын-жазушы жігіттерде де сол, өзімен әңгімелесе алатын, көзі ашық қыз жолықпаса қиын. Әлде, сұлулығына тамсанып, қалам тербеп отырар ма екен? Бірақ, одан да жалығады ғой...

 

 

Арайлым Мұраталиева

facebook парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста