"Мені менсінбеді": Мақсат Базарбаев әйелімен қалай танысқанын айтып берді

"Мені менсінбеді": Мақсат Базарбаев әйелімен қалай танысқанын айтып берді

Мақсат Базарбаев алғаш рет әйелімен қалай танысқанын айтып берді. Алғашында әншіні көзіне ілмеген бойжеткен біраз уақыттан соң оның жары атанған. Әнші жарымен көшенің ортасында танысқанын айтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Менің өмірім” бағдарламасына сілтеме жасап.

Мақсат Базарбаев өнерге келгелі қыз-қырқыннын ортасында жүрмін дейді. Алайда Алла бұйырып, бір қыз бағыyа бұйырды. Әнші болашақ жарымен кездейсоқ көшенің ортасында танысқан. 

 “Жас кезім. От болып жанып тұрған кез. Әншімін. Екі-үш қыз өтіп бара жатыр екен. “Қалайсыңдар, қыздар?” дедім. Олардың екеуі амандасты да, біреуі амандаспады. Мені менсінбеді ме, әлде амандасқысы келмеді ме, әлде не айтарын білмей қалды ма, білмеймін. Жігіттер принципшілміз ғой, дәл сол амандаспаған қыздың артынан жүрдім. Онымен қалайда таныстым. Кейін жар етіп алдым”, –деп күлді.  

Әнші жас күнінен отау құрғанымен тағдырдың сынағымен бірнеше жыл әке бақытын сезіне алмады. Алайда араға 10 жыл салып бұл қуаныштың да дәмін татты.

“Біз 9 жарым жыл бала сүймедік. Әйеліме де оңай болған жоқ. Бірақ ажыраспадық. Маған “әйеліңді тастап, басқа қыз ал. Қыз-қырқынның ішінде жүрсің” дейтіндер көп болды. Бірақ әке-шешем, туыстарым араласқан жоқ. Кей отбасында ене, қайын әпке дегендер араласып, бір отбасын бұзады. Бақытын бұзады. Маған әкем “бір қыздың обалына қаласың, бірге бол” дейтін. Солай 9 жарым жылдан кейін әйелім құрсақ көтеріп, ұлды болдық. Үш ұлым, бір қызым өмірге келді. Біріншісінің есімін өз ата-анам, екіншісін баламның нағашылары, үшіншісін өзім қойдым. Кенжемнің есімім әйелім қойды”, – дейді әнші.

Базарбаев ата-ананың қадірін тірі кезінде бағалайық деген кеңесін айтты. 

“Мен анамнан айырылып қалудан қорқамын. Әлбетте, ол бәрінің басына келеді. Бірақ мен қатты қорқамын. Бәріне дайын болуымыз керек. Бәріміз пендеміз. Ананың ешбір жақсылығын біз қайтара алмаймыз. Сондықтан қадірін білейік”, – деді ол. 

Stan.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста