Министр Д.Абаев «Қазақ батырлары» картинасының түсірілім алаңына барды (фото)

Министр Д.Абаев «Қазақ батырлары» картинасының түсірілім алаңына барды (фото)

Таяуда ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев 30 тамыз күні «Қазақ батырлары» тарихи телехикаясының түсірілім жұмыстарымен танысуға Алматы облысының Райымбек ауданына арнайы барып қайтты. «Хабар» агенттігінің тапсырысымен «567» студиясы түсіріп жатқан картинаға қазақ батырларының өмірі, достығы, ерліктері арқау болған.

«Қазақ батырлары» тарихи көркем телехикаясы биыл желтоқсанда көрерменмен қауышады. «Хабар» арнасында драма, комедия, детектив және отбасылық туындылардан тележобалар эфирге дайындалып жатыр. 


Дәурен Әскербекұлы, министр: Биыл түрлі тақырып пен жанрда ауқымды аудиторияға бағытталған 39 телехикая түсіру жоспарланған. Яғни, біз тек тарихи фильмдер түсірумен ғана шектелмейміз. Өйткені тарихи картиналарды түсіру өте күрдел жұмыс, әрі шығыны да қыруар. Оның үстіне бүгінгі көрерменге түрлі жанрларды қамтитын жобалар ұсынудың маңызы зор. Аталған телехикая Қарасай батыр мен Ағынтай батырдың достығы туралы. Қарасай батыр шайқастардың бірінде Солтүстік Қазақстанда қайтыс болған. Сайын даланың шағын ғана ауылында туып, елді-жерді қорғау үшін ат үстінде жүріп туған жерінен жырақта жерленген батырдың қазақ елін қорғаудағы ерлігі орасан. Бізге елді аманат еткен батыр бабаларымыз ел мен жер үшін жанын құрбан етті. Қарасай, Ағынтай секілді батырлардың образы арқылы біз жалпы қазақ батырларының ерлігі мен өрлігін, жанкештілігін насихаттағымыз келеді.


Қарасай батыр мен Ағынтай батырдың достығы жайлы теле туындының қоюшы-режиссері Асқар Ұзабаев. Комедиялық фильмдер мен телесериалдар арқылы танымал режиссер тарихи фильмді алғаш рет түсіріп жатқанын айтты. Ол телехикаядан толық метражды фильм жасағысы келетінін де жасырмады.
Асқар Ұзабаев, режиссер: – Түсірілімге кірісіпес бұрын біраз зерттеу жұмыстарын жүргіздік, тарихшылармен сұқбаттастық, тың деректер іздестірдік. Бір сөзбен айтқанда тыңғылықты дайындалдық. Біздің мақсатымыз қазіргі көрерменнің үдесінен шығатын жақсы туынды жасау. Бірден айтайын, картинада қатігез, зұлым көріністер өте көп. меніңше, бұл фильмді +18 жастан кейінгілерге арналады. Неге қатігездікті насихаттайсыз деген сұрақ туындауы да заңды. Меніңше, жаугершілік заманда батырлар сөзден гөрі іске бейім болды. Ол кезде бір ауыз сөздің қадірі болған еді. Соғыс заманында адамдар да соған бейімделеді ғой. Меніңше, батырлардың аты шайқас даласындағы әрекетімен қалды. Картина қазақ батырлары жайлы болғандықтан фильмде экшн-көріністер өте көп.


Тағы бір айта кетерлігі, фильмге негізінен бұрын ірі жобаларға қатыспаған, жүздері көрерменге аса таныс емес актерлер іріктеліп алынды. Біздің актерлеміз бір сериалдан екінші сериалға көшіп жүре береді ғой. Бұл көрерменді жалықтырады. Сондықтан осы жолы кастинг директорларымыз қырағы жұмыс істеді.


Мөлдір Мекенбай — Картинада Қарасай батырдың жары Бибігүлдің рөлін ойнайды. Ауқатты отбасынан шыққан қыздың Қарасай батырға деген махаббатын көрсету үшін Мөлдір қазақтың тарихи фильмдерін қарап, қазақ батырлары туралы кітаптарды оқып, атқа мінуді үйреніпті.
Мөлдір Назарбаев университетінің «Computer Science» мамандығы бойынша 2 курс студенті. Жəутіков атындағы респуб-ликалық физика-математика мектебін алтын белгімен бітірген ол тіпті ересектер арасындағы джиу-джитсудан 2016 жылғы әлем чемпионы.

Алаш айнасы

.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста