Министрліктер сайттарының аты неге орысшаға негізделген?

Министрліктер сайттарының аты неге орысшаға негізделген?

Бізде 18 министрлік, 10 бірдей агенттік бар екен. Демек, жергілікті (облыстық) мемлекеттік органдарды қоспағанда, орталық мемлекеттік ведомстволардың 28 веб-сайты бар деген сөз. Ішкі істер министрлігі, Денсаулық министрлігі, Мәдениет министрлігі, Туризм және спорт министрлігі, тағысын тағы, кете береді. Барлық мемлекеттік органдардың жарлықпен бекітілген қазақша атаулары бар. Бірақ бір қызығы (әлде шыжығы), осы мемлекеттік органдардың барлығы дерлік ресми веб-сайттарының атауына сол министрліктің немесе агенттіктің орысша атауының қысқарған түрін алған.
Қараңыз, Ішкі істер министрлігінің веб-сайты – www.mvd.kz, Денсаулық сақтау ми­нистр­лігі – www.mz.gov.kz. Тіпті Мә­дениет министрлігінің өзі «Министер­ство культуры» қысқартылып, www.mk.gov.kz болып кетіпті. Веб-сайттың атауын жазар кезде қандай қағида басшылыққа алынғаны түсініксіз. Мемлекет – Қазақстан Республикасы, мемлекеттік тілі – қазақ. Мемлекеттік органның Елбасы жарлығымен бекітілген ресми қазақша атауы бар. Сөйте тұра, мемлекеттік органның интернеттегі веб-сайтына оның орысша атауы негіз (?) етіп алынады. Басқа-басқа, дәл осы үш министрліктің атауын латын әріптерімен қазақша жазуға болар еді. Сірә, түкке тұрғысыз, ұсақ нәрсе санаған болуы керек.
Бұл уәжімізді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Мем­лекеттік қызмет істері агенттігінен басқа мемлекеттік органдарға қатысты да айтуға болады. Өйткені аталған екі органның ғана веб-сайттарының атаулары www.enbek.gov.kz және www.kyzmet.kz болып тіркелген. Рас, бұлардың қатарына басқалай атау мүмкін емес Статистика агенттігін (www.stat.kz ) де жатқызуға болар. Ал қалғандарына не жорық? Жарайды, ҚР Сыртқы істер министрлігінің www.mfa.kz, яғни Ministry of Foreign Affairs дегенді қысқартып алуын түсінуге болар, ал Қорғаныс министрлігі (www.mod.gov.kz) мен Төтенше жағдайлар министрлігі (www.emer.kz) неліктен ағылшыншаға жүгінгені түсініксіз.

P.S.
Сөз соңында мемлекеттік орган веб-сайттарының қайсысы бірінші қазақша ашылатыны, қайсысында алдымен тіл таңдауы тұратынын және қай сайттың қазақша нұсқасы тиісті материалдармен уақытында толтырылмай, екі-үш ай бұрынғы ескі ақпаратпен тұрғанын да теріп жазуға болар еді. Өйткені бұл да ұсақ-түйек болғанымен, мемлекетке, мемлекеттік тілге деген көзқарастың бір айғағы. Бірақ ол арасын екшеуді оқырманның өзіне қалдырдық. Интернетке «доступ» болса, қарап көріңіз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста