"Миы баяулаған". Қайрат Әділгерейдің әйелі Алагөзовті шөп шегеді деп кінәлады
Әзілкеш Қайрат Әділгерейдің әйелі, әнші Бақыт Тұрман халықтың сынына қалды. Бұған оның ақын Қайнар Алагөзовтің жаман жолға түсіп кетуіне байланысты пікір білдіруі себеп, деп хабарлайды Экспресс К.
Бақыт Тұрманның ақын жайлы ойы әлеуметтік желіде тарады. Бейнежазбада ол Қайнар Алагөзовті тым жақсы жігіт болғанын айтады. Бірақ шөп иіскеймін деп деңгейі шамалы болып қалғанына таңғалып отырғанына тоқталған.
Тым жақсы жігіт еді. Қазір жағдайы шамалы болып қалыпты. Шөп иіскейтіндер қатарына кетіп қалған ғой. Өзі сұхбатында айтты. Тыңдап отырсам кейпі бұзылып кеткен. Миы баяулап қалған. Сөйлегені, ойлауы тежелген,
— дейді ол бейнежазбада.
Десе де әзілкештің әйелін бұл ойы үшін сынға алған жұрт көп. Басым бөлігі алдымен өзінің күйеуін дұрыстап алғаны жөн деп отыр.
"Ақын адамда несі бар? Сен өз күйеуіңе қарап алшы", "Біреудің артын шұқып жүрген жоқ қой", "Түймедейді түйедей етіп отырсыз, оның табиғаты сондай", "Шөп шеккенде қасында отырып па едің?", "Қайнардың тырнағына тұрмайтындар, нелерің бар"
— деген пікірлерін жазуда желідегі жұрт.