«Мизам шуақ» жырлары

«Мизам шуақ» жырлары

Бүгінде түрлі тақырыптық сериялар аясында мемлекеттік тапсырыспен жарық көретін көркем әдеби кітаптар саны артуда. Еліміздің Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті біраз жылдан бері «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы негізінде республика кітапханалары мен жалпы оқырман қауымға жыл сайын бірқатар қаламгерлердің жаңа туындыларын ұсынып келеді.


Осы орайда жуырда «Жаңа заман әдебиеті. Поэзия» се­рия­сы бойынша «Жа­зушы» бас­па­сынан қазақ өлеңінде өзіндік қолтаңбасы бар, сыршыл қалам иесі, бел­гілі ақын Нұрлан Қал­қаның «Мизам шуақ» атты өлеңдер жинағы жарық көрді. 12 баспа табақты құраған жыр кітабы «Сырымды айтам...», «Өмір – күрес», «Бал­ладалар», «Аудармалар», «Балаларға бай­ғазы» деп аталатын бес бөлімнен тұра­ды.
Адам мен табиғат үйлесімі, ауылға де­ген сағыныш, махаббат сырлары – ақын қаламынан туған өлеңдердің өзегі іспеттес. Автордың ізгілікке үндеген жыр жол­да­рын­да:
Өмір деген – ұлы көш, таласпаңдар,
Адаспайды көңілі жарасқандар.
Бақытым деп санаңдар бір-біріңді,
Бақытына біреудің таласпаңдар,
– деп келетін қарапайым өмір қағидалары түсінікті тілмен жеткізілген.
Жалпы, ақын бұл кітабында өз қарым-қабілетін әр қырынан көрсетеді. Жинақта тәуел­сіз елдің бүгінін арқау еткен аза­мат­тық поэзиядан бастап нәзік лирикаға кеңі­нен орын берілген. Бұған қоса кішкен­тай оқырмандарға арналған шағын шумақтар да Нұрлан ақынның балалар әдебиетінде де өз үлесі бар екендігін аңғартады.
Қазақстан Журналистер одағының Б.Бұл­қышев атындағы сыйлығының лау­реа­ты, бірнеше өлең кітаптары мен пуб­ли­цис­тикалық жинақтардың авторы, ақын Нұрлан Қалқаның жаңа жинағы оқыр­ман тарапынан жылы қабылданады деп сенеміз.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста