Мөлдір Әуелбекова ұзатылды (фото)
2015 жыл әнші Мөлдір Әуелбекова үшін өте жемісті жыл болды деуге болады. Биыл әншінің шығармашылығына 10 жыл толды. Мөлдірдің өміріндегі ең маңызды оқиға биыл әнші өзінің өмірлік серігіне тұрмысқа шықты.
Қарапайымдылығымен, сүйкімділігімен көпшіліктің жүрегін баураған Мөлдір қазақтың салт-дәстүрімен, жөн-жоралғысымен ұзатылды.
Мөлдірдің жарының есімі – Арыстан, жасы 30-да. Ол жеке кәсіпкер. Жұбайлар бір-бірін біраз уақыттан бері таниды екен. Өйткені олар жерлестер, екеуі де Тараз қаласының тумалары. Алғашында жақсы достар ретінде араласқан Арыстан мен Мөлдір достықтың махаббатқа ұласқанын айтады.
Жақында ғана Мөлдірге сырға салынып, ұзату тойы өтті. Ақ босаға аттаған Мөлдірдің беташары да болды. Енді үйлену тойы желтоқснның 12-ші жұлдызында Тараз қаласында өтеді.