Мөлтек мәліметтер

Мөлтек мәліметтер

«Ақбілекпен» танысамыз

Еліміздің Мәдениет министрлігі мен Ұлттық академиялық кітапхана бірлесіп жүзеге асырып келе жатқан «Бір ел – бір кітап» акциясы биыл да заңды жалғасын тауып отыр.
Биылғы шара аясында ел бо­лып оқитын шығарма ре­тінде қазақ жазушысы Жү­сіпбек Ай­мауытовтың «Ақбілек» рома­ны таңдалып алынған болатын. Осы орайда ақын Жұбан Мол­дағалиев атындағы облыс­тық ғылыми‑әмбебап кітап­ха­насының ұйымдастыруымен М.Өте­місұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік универ­ситетінде «Қазақ прозасы және ұлттық идея» атты дөңгелек үс­тел отырысы өтті. Басқосуда университеттің оқытушы ға­лымдарының аталған шығарма төңірегінде жасаған баян­дамалары тыңдалып, талқыға салынды. Бұдан соң жиналған қауым жазушы шығарма­шы­лығы мен өміріне арналған виртуалды көрмені тамашалады. Мұндай шаралар енді мектептер мен кәсіптік училищелерде жалғасын таппақ. Ал Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілегімен» толық танысқысы келген оқырман романның электрон­дық көшірмесін www.kazneb.kz сайтынан оқи алады.


Математикке арналған марка
Қыркүйек айының ортасынан бастап елімізде ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, академик, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Орынбек Жәутіковтің туғанына
100 жыл толуына арналған пошта маркасы айналымға шығарылды.
Арнайы маркада ғалымның портреті бейнеленген. Оның авторы – белгілі суретші Нико­лай Соколов. Марканың жалпы таралымы – 30 мың дана, көлемі – 28х30 мм. Марка «Бе­ларусь баспа үйі» баспаха­насында басылған.
Жәутіков Орынбек Ахмет­бек­ұлы (1911-1989) – Қара­ғанды облысы Ақтоғай ауда­нының Қызыларай ауылында туған. 1934 жылы Қазақ педа­гогикалық институтының физи­ка-математика факультетін үздік бітіріп, Ленинград мемлекеттік университетінің аспи­ранту­расын тамамдаған.
Бүгінде еліміздегі Респуб­ликалық физика-математика мектебі Орынбек Жәутіковтің есімімен аталады.


Ерлікке тағзым
Таяуда Қазақстанның Ресейдегі елшілігі Мәскеу қаласының Братеево ауданы муниципалитетімен бірлесіп, Панфилов дивизиясының Мәскеу түбіндегі ерлігінің 70 жылдығына арналған мерекелік шара ұйымдастырды.
Бұл шара панфилов­шы­ба­тырлардың құрметіне аталған Алматы көшесінің маңында Братеева ауданында өткізілді. Осыған байланысты «Жасыл қырат» саябағында эстрада жұл­дыздарының арнайы кон­церттік бағдарламасы өтті.
Шараға Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Төтенше және өкілетті елшісі Зауытбек Тұрысбеков, Мәскеу қаласы мэриясының өкілдері, Мәскеу қаласының Оңтүстік әкімшілік округінің басшылығы, Братеева ауданы муниципалитеті мен басқармасының басшылары, ардагерлер, жастар-патриоттық және басқа да қоғамдық ұйым­дардың өкілдері қатысты.


Көрмеде – түркі әлемі

Бүгін Қазақстан Республикасы Президенттік мәдениет орталығында Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының Астанада өтетін кезекті отырысының аясында түркітілдес мемлекеттер суретшілерінің бейнелеу өнерінің үлкен көрмесі өтеді.
Көрменің экспозициясы Қа­зақстан, Әзірбайжан және Түркия суретшілерінің 40 карти­налары және 40 фотосурет­терінен жинақталған. Көрмеде ұсынылатын туындылар түркі халықтарының бай мәдениеті мен дәстүрін бейнелейді. Атал­ған көрме өнер сала­сындағы ынтымақтастықты кеңейту ісіндегі басты қадам және түркі әлемінің ерекше алуан түрлі және бай дәстүрінің көрнекті үлгісі болары анық.
Көрменің ашылу салта­натына ұйымның Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, Түркия мен Әзірбайжанның Мәдениет министрлері, Астанада ак­кредитацияланған дипло­матиялық өкілдіктердің өкілдері, сонымен қатар, қала тұрғын­дары мен қонақтары шақы­рылып отыр.


Украиндар бір жасап қалды
Астанадағы «Жастар» сарайында «Украина менің жүрегімде» атты украин халықтық шығармашы­лы­ғының I халықаралық фестивалі өтті.
Бұл Қазақстанда өткізілген Украина мәдениетінің алғашқы халықаралық фестивалі болып отыр. Үздік өнерпаздар жинал­ған шарада украин ұлтының өкілдері төл мәдениетін барын­ша жан-жақты көрсетуге мүмкіндіктер алды.
Фестивальға Қазақстанның барлық өңірлерінен және Украина мен Ресей елдерінен 400-ден астам қатысушы жиналды. Соның ішінде шараға Украинаның Халық әртістері Владимир Болдырев пен Олег Дзюба, украиналық «Некси» тобы, халықтық «Альтаир» би ансамблі (Ақтау), «Мираж» би ұжымы (Ақмола облысы), «Оксана» халықтық ансамблі (Ақтөбе), «Хуторянка» вокал ансамблі (Атырау) өз өнерлерін паш етті. Жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен бағалы сый­лықтар табыс етілді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста