Моңғолия музейлеріндегі құнды жәдігерлердің каталогы дайындалып жатыр

Моңғолия музейлеріндегі құнды жәдігерлердің каталогы дайындалып жатыр

Биыл Моңғолияда музей ісінің қалыптасқанына 90 жыл, ал Бай-өлке аймақтық музейінің құрылғанына 66 жыл толып отыр. Біз осыған орай Моңғолиядағы қазақ мәдениеті мен өнерінің құнды жәдігерлерінің жай-күйі туралы Бай-Өлке аймағы музейінің директоры Айшагүл Азаматқызын әңгімеге тартқан едік.

- Сіздердің музейлеріңіз қашан, қалай ашылды және онда қазір қанша жәдігер бар?
Мұражай 1948 жылы аймақтық өлкетану кабинеті боп ашылып, 1962 жылы аймақтық музей болып кеңейе түсті. 1988 жылы оның қазіргі ғимараты салынды. Бізде барлығы 5100-ге жуық жәдігер бар. Оның 50 пайыздайы көрме залдарында халыққа насихатталып отыр. Барлық жәдігерлердің 2 мыңнан астамы фотосуреттер, қалғанының 5,8 пайызға жуығы ұраңқай, дүрбіт, тыва бұйымдары, ал өзгелері толықтай қазақ халқының бұйымдары.
Музейіміз құрылған күннен бастап-ақ, халықтың қолынан жәдігерлерді жинақтай бастаған. Соның нәтижесінде күні бүгінге дейін қорымызды жыл сайын байытып келеміз. Мұнда табиғат, тарих, этнография және нәубет құрбандарына арналған бөлім бар.
Табиғат бөлімінде аймағымыздағы әсем жерлерді насихаттайды. Онда Қызыл кітапқа жазылған сиректеген қара қасқыр, ілбіс, аю, арқар, тәутеке, бұғы сияқты аңдар мен Бесбоғда панорамасымен танысуға болады.
Тарих бөлімінде аймағымыздан туып шыққан зиялылар, халыққа еңбегі сіңген әр саладағы қайраткерлер, 1921-38 жылғы жапондарға қарсы шайқасқа қатысқан партизандармен және даңқты Тұлбакөл шайқасының тарихи жәдегерлері таныстырылады.
Этнография бөлімінде 1950 жылдардың соңы мен 1960 жылдарда жасалған құнды жәдігерлер қойылып отыр. Атап айтқанда 1960 жылдары жасалған жарғақ тон, кебіс мәсілер, құлын жарғақ, сонымен қатар күміс әшекейлер. Ұраңқай, тыва, дүрбіттердің де ұлттық киімдері, күміс әшекейлер, әйелдердің бас киімдері және түрлі астау, ағаш шелек, шын қап, келі қап секілді ыдыс-аяқтар көп.
Нәубет құрбандарына арналған бөлім 1992 жылы ашылды. Онда 1991 жылы ақталған 1938 жылы нәубетке шалынған 9050-дей адамның есімі жазылған.
- Ескі жәдігерлерді қалпына келтіретін мамандарыңыз бар ма?
Қалпына келтіру жұмыстары бұрын Ұланбатыр қаласындағы Мәдени мұраны сақтау орталығында жүргізілетін. Осы орталықта ғана құнды жәдігерлерді өз қалпына келтіретін мамандар жұмыс жасап келген еді. Ал аймақтарда, қыр жерлерде мұндай маман жоқ болатын. Сондықтан музейдегі қандай да бір жәдігерде қалпына келтіріп, жөндететін болсақ алдымен Ұланбатырдағы Мәдени мұра орталығына арнайы ұсыныс кіргізетінбіз. Мәселен биыл ондабіз 8 түрлі экспонатымызды қалпына келтіруге бердік. Оларды енді жылдың аяғында қайтып аламыз. Бұл бірақ бізге жеткіліксіз еді. Енді үкімет те музейлерге жаңаша талап қойып отыр. 2015 жылдан бізге жеке қалпына келтіруші маман штатын қосып бергелі отыр. Сол себепті алдағы жылдан бастап жәдігерлерді музеймізде өзіміз жөндеуге мүмкіндік туып отыр.
- Музейдегі ерекше құнды жәдігерлерді атап өтсеңіз?
Тарих бөлімшесінде Тұлба сұмынының Қызыл басты деген жерінде болған 1921 жылғы Тұлбакөл шайқасы үлкен панарама болып жасалған. Оны 1988 жылы музейдің осы ғимаратына кірген кезде Ұланбатыр қаласы мен аймағымыздағы атақты суретшілер бірігіп салған. Панораманың ішіне Тұлбакөл шайқасы болған жерден табылған бұйымдар тұр. Ал этнография бөлімшесіне келетін болсақ 1960 жылдары қойдың терісінен қолмен кестелеп тіккен жарғақ тонды атауға болады өте көне құнды зат. Сондай-ақ алтынның буына ысталған күміс әшекейлі ер-тоқымды атауға болады. Келі келсаптар, кебіс мәсілер, шапандар, қолмен әсемдеп кестелеген орамалдар, төсек сырмағы, ана киіз үйдің ішіндегі ағаш жүкаяқтар, қайқыбас төсектер көне құнды жәдігерлерге жатады.
- Қазір де жинап жатырсыздар ма?
Экспонаттарды, музейдің қорын жыл сайын байытып, толықтырып отырамыз. Оны сақтап, қалың көпшілікке насихаттаумен қатар, тағы бір іс-қызметіміз осы қорды жинақтап, толықтырып, байыту. Енді 2011 жылға дейін музейдің жыл сайынғы бюджетіне министрліктен 4,5 млн. төгрөг бөлініп тұратын. Осы қаражатқа біз қыр сұмындарын аралап жүріп, арнайы жариялар беріп елдің қолында сақтап отырған жәдігерлерді сатып алу жолымен де, сый ретінде де халың көпшіліктен жинақтап музей қорын байытып келгеміз. 2011 жылы Мәдениет, спорт, туризм министрлігінен арнайы шешім қабылданған. Жаңа жүйе бойынша қорға жинақтайтын жәдігерлерді біз министрліктен арнайы сұраныс келгеннен кейін көпшілікке жария беру арқылы жинақтаймыз. Онда алдымен өз ықтиярымен мен сатып берем немесе сый ретінде берем деген халықтың қолындағы жәдігерлерді арнайы тіркеу қағазына салып, суреті мен тарихи анықтамаларымен толықтырып министрлікке жібереміз. Министрлікте жәдегерлерді музейге сатып алуға арналған арнайы комиссия бар. Еліміз көлеміндегі бүкіл музейлерінен барған ұсыныс жинақталып, шешімі сол жерде қабылданады. Мынау заттың бағасы болады немесе бұл бағадан арзан алу керек деген сықылды бұл шешім музейлерге жіберіледі. Комиссиядан шешілген қаражат бойынша халықтың қолынан біз рұқсатталған заттарды сатып алып, тізімдеп мұражай қорын байытамыз. Сатып алатын жәдігерлер саны жылына 20-ға жуық. Бұдан бөлек тарих бөліміне жеке адамдардан сыйға берілетін жәдігерлер бар.
- Сіздердің музейде аймақтағы түрлі архелогиялық қазба жұмыстары кезінде табылған ерте дәуірдегі заттар бар ма?
Әрине бізде архелогиялық жолмен табылған жәдігерлер де бар. Олар көбінесе Лахос сұмынан табылған. Сондай-ақ көрме залында тұрған Сагсай сұмынының Даян өлкесінен табылған үлкен тайқазан, батырлардың сауыты, ер тоқымның екі қас ағашы, құм құмыра деген сияқты құнды жәдігерлерды ең көне жәдігерлерге жатқызуға болады. Сынтас пен қазандар зерттеушілердің айтуынша 13-16 ғасырлардағы бұйымдар.
- Музей ісін дамытуда қызметкерлердің білімі мен біліктілігін жетілдірудің маңызы зор. Сіздерде қанша қызметкер жұмыс жасайды?
Қазіргі кезде ауысыммен 16 адам қызмет жасайды. Оның жетеуі музей таныстырушылар, қорда қызмет жасайтындар, ғылыми қызметкерлер және тіркеу-ақпарат бөлімі мен келушілерге даяшылық жұмысқа жауаптанғандар. Төртеуі күзетші. Ал басқалары залдардағы көрме жұмысында қосымша жұмыстанады. Үкімет тарапынан мамандардың біліктілігін арттыруға бағытталған түрлі курстар, семинарлар жүріп отырады. Біздің мамандар шамамен жылына 5-6 семинария, курстарға қамтылып отыр.
Ұланбатыр қаласындағы ұлтық орталық мұражаймен және елдің өзге аймақтарындағы түрлі мұражайлармен және көрші елдердің де музейлерімен тұрақты қарым-қатынастамыз. Мәселен былтыр маа биыл да Қытайдағы моңғолдардың дамып келе жатқан жаңа мұражайларымен тәжірибе алмасып қайттық. Былтыр қазан айының соңында Алматыдағы Орталық музей мен Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейімен бірігіп жұмыстауға, мамандардың біліктілігін арттыруға келісімшарт жасасып қайтқанбыз. Ресейдің Қосағаш ауданының музейімен, Тыва елінің музейімен де тәжірибе алмасу, музей қызметкерлеріне байланысты курс, семинарияларға қызметкерлерді қатыстыруды да жұмыстап жатырмыз.
- Музейді тамашалап, көруге жылына қанша адам келеді?
Бізде көрермен жыл бойы үзілмейді. Қыс айларында жергілікті және өзге аймақтардың тұрғындары мен мектеп оқушылары көбірек келеді. Ал көкек айынан қазан айының соңына дейін шетелдік саяхатшылардың үлесі басым болады. Жылына жалпы 15 мыңға жуық көрермен келіп, аймағымыздың табиғаты мен салт-дәстүрімен танысады.
- Көшпелі көрмелер өткізіле ме?
Оны көбіне қандай бір той мерекелерге байланысты өткіземіз. Мәселен биыл ұраңқай, дүрбіт тыва ұлттық киімдерін насихаттау мақсатында шаған мерекесінде және Наурыз мерекесінде жергілікті жердің атақты суретшісі, Моңғолия мәдениетінің озат қызметкері Нұрдыхан ағайдың «Құлыным» атты көрмесін ұйымдастырдық. Наурыздағы өрменің ашылу салтанатына Түркия, Кувейт, Франция елдерінің елшілері, аймақ басшылары да қатысты. Сонымен қатар ұжым, мекемелердің мерейтойлық мерекелеріне байланысты оларды насихаттау мақсатында түрлі көрмелер ұйымдастырып, өткіземіз. Халықаралық музей күні қарсаңында 5-мамырда «Аймағымыздың музейдің орнауы, тарихы және қазіргі жағдайы» деген тақырыпта көрме өткіздік. Бұдан бөлек р аймағымыз орнауының 10, 20 жылдық тарихын насихаттаған көрмелерді және археологиялық құнды көне жәдігерлерді насихаттаған осындай тағы үш түрлі көрмені музейде өткіздік.
- Музей түні шарасы сіздерде өте ме?
Биыл біз алғаш рет оны музей кеші деп Аймақтық музыкалық театрмен бірлесіп өткізіп, түнгі 10-ға дейін халың көпшілікке даяшылық қызмет көрсеттік. Онда артистер келіп ән айтып, би билеп, домбыра шертіп, халықтың демалыс күніне жақсы бір шара жасады.
- Биыл Моңғолияда музей орнауының 90 жылдық мерейтойы белгіленіп, өтіп жатыр екен?
Жыл басынан бері көптеген іс шаралар жүргіздік. Тіпті аймағымызға 4-айдың 24-25 күндері Халықаралық музейлер қоғамынан арнайы 12 кісілік делегация келді. «Азия елдеріндегі мәдени мұраның сақталуы, қазіргі жағдайы» атты халықаралық конференция өткіздік. Сосын Халықаралық музейлер қоғамынан 1 күндік семинария болып, оның сертификатын алдық. Сонымен қатар Зархұн аймағы мен Моңғолиядағы музей орнауының 90 жылдықтарына байланысты Мәдениет, спорт, туризм министрлігі Зарқұн аймағында ұйымдастырып семинарияға табысты қатысып келдік.
Жуықта енді Моңғолда музей орнауының 90 жылдық тойына байланысты Ұланбатыр қаласында көрме ұйымдастыруға дайындық жасап жатырмыз. Оған аймақтық мұражайымыздың тарихына байланысты фотосуреттермен деректі фильмдер жасалды. «Моңғолия музейлерінің орнау тарихы» атты кітаптар басылып жатыр. Онда бұрын қандай адамдар қызмет жасады, тарихы қалай деген сияқты мәселелер де қамтылған. Сонымен қатар еліміз көлеміндегі музейлерде сақталып отырған құнды жәдегерлердің каталогына біздің аймақтық музейден 150-ге жуық құнды жәдігердің каталогын бастырып шығарып жатырмыз.
- Баян-Өлгий аймағында қанша музей бар?
Осы бір музей ғана бар. Оның ішіндегі материал бірақ бай. 2008 жылы Үкіметтен шыққан қаулы бойынша Үкіметтік және аймақтық тіркеу ақпарат қорлары құрылған. Біздің музейде Бай-өлкенің аймақтық тіркеу ақпарат қоры орналасқан. Оның мақсаты музейдегі құнды жәдігерлерді электрондық тіркеуге алып, барлық мәліметтерді архивте жинақтау. Жылжымайтын мәдени мұраға жататын аймағымыздың көлеміндегі тас жазулар, сынтастар, қорғандар туралы барлық мәлімет осы қорда сақтаулы тұр. Сонымен қатар жылына 2-3 рет қыр сұмындарында жүріп, тарихшы, сыбызғышы, домбырашы секілді бейзаттық мұраны сақтап отырған адамдарды жазып алып, электрондық жүйемен қорға енгіземіз. Аймағымыздағы 12 сұмындағы мәдени орталықтармен жұмыс істейміз. Оларда арнайы кабинеттер ашылған. Ондағы қызметкерлер мәліметтерді жинақтап, біздің аймақтық қорға береді. Біз бұл жерден біріктіріп, Ұланбатырдағы Мәдениет мұра орталығындағы Үкіметтік тіркеу ақпараттық қорына береміз. Халықтың өз қолында сақтап отырған мәдени мұраларды да біз тұрақты тіркеуге алып, үкіметтік тіркеуге қосып отырмыз. Кейбір адамдар біз қыр-сұмындардағы жәдігерлер жинап жүргенде «бұл менің ата-бабамнан сақтап келе жатқан көне жәдігер, енді келешек ұрпағыма қалсын деп қолыма сақтап отырмын» деп көрсетеді. Олар негізінен ер-тұрмандар, шапандар, ішіктер, белбеулер мен ұсталық бұйымдары. Бұлар көбінесе атақты ұсталар көп шыққан Дэлүүн, Бұлғын, Толбо, Баянннуур сұмындарында көп сақталған. Музейге кейбір жәдігерлерін өткізсе де, үйінде әлі 5-6 затын ұстап отырғандар көп мұнда.
- Халықаралық музейлер қоғамының мүшесіздер ме?
Халықаралық музей қоғамына биыл ғана мүше боп тіркелдік. Делегация өкілдері музейлеріңіз тамаша және ғимараттарыңыз да жақсы екен. Енді мұндағы жәдігерлерді сақтауда бірлесіп жұмыс істейміз. Мамандардың біліктілігін арттыру жағынан түрлі семиария, курс, сабақтарға сіздерді қатыстыру жағынан да бірігіп жұмыс жасайтын боламыз дегенді айтып кетті.
- Еңбектеріңіз жемісті болсын, әңгімеңізге рахмет.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста