Мұқағали әлеміне саяхат

Мұқағали әлеміне саяхат

Қазақтың маңдайына біткен дара тұлғалы ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күнін атап өтушілердің қатары жылдан-жылға артып келеді. Мұны биыл да байқадық.
Бұл есеп үшін ғана керек шаралар емес-ті. Мұқағали Мақатаевқа деген құр­меттің құдіреті екендігі айдан анық. Оның ай маңдай жыр шумақтары қай қазақ ба­ла­сын да иіріміне тартпай қой­май­ды. Оның поэзиясына ықыласы ау­ған­дар­дың тө­менгі сынып оқушылары қа­та­рынан та­бы­луының өзі – ақынның саф ал­мастай өлең­дерін бір елдің мұрасындай қал­дыра біл­гендігінің белгісі. Бір айта кетерлігі, ақиық ақынның жырлары қазақ поэ­зия­сы­на, қазақ тiлiнiң лексикалық қазына­сы­ның баюына, тіпті оның одан әрi дамуына үлкен септігін тигізбей қоймайды.
Ақынның дүниелерін оқу-әдістемелік құ­рал ретінде пайдаланып жүрген көп мек­тептің ішінде айрықша атап өтуге тұ­рар­лығы – Алматы қаласындағы №175 мек­теп-гимназия. Ақынның туған күнін атап өтуді үрдіске айналдырған бұл мектеп биыл да ерекшеленіп қалды. «Шыңға біт­кен шынар жырдың иесі» атты кеш әдет­те­гіден өзгеше өтті. Кешке Мұқағали Ма­қа­таевтың досы Оразақын Асқар қатысты. Оның қаламгер досы жайында айтқан жарқын естеліктері кешке қатысушыларды еліте түсіп, бір сәтке болса да Мұқағалидің әлеміне сапарлатып қайтқандай болды. Кеш қызықты өтті. Бір-екі ауыз сөзбен айт­сақ, ақынның өлеңдері оқылып, поэ­ма­ла­ры­нан қойылымдар қойылды. Әндері де шыр­қалып, оқушылардың ақынға ар­нал­ған тырнақалды өлеңдерінің тұсауы ке­сіл­ді. Қазақ тілі тереңдетіліп оқытылатын 5 «ә» сынып оқушылары Д.Шайзахов, Г.Қуан­­дықова, Н.Серік, А.Серік, А.Мұр­та­за­лар­­дың кеште белсенділік танытулары олар­­дың қайталанбас ақын М.Ма­қа­таев­тың өнеріне табынатындықтарын бай­қатып қалды. Осы кешті ұйымдастырып, әсер­лі өтуіне ұйытқы болған аталған мек­тептің қазақ тілі мен әдебиеті ка­фе­дра­сы­ның жетекшісі Гауһар Шыңғыс: «Мұқағали Ма­қатаевтың туындылары – қазақ тілі мен әдебиетін терең меңгергісі келген жанға тап­тырмайтын құрал, бай азық. Оның жаз­ған­дарын оқушыларға тек ақынның туған кү­нінде ғана емес, ұдайы дәріптеп жүрсек, ұта­рымыз көп», – дейді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста