Мұқағали музасы сөйлеген кеш

Мұқағали музасы сөйлеген кеш

Жазылар естеліктер мен туралы,
Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.
Біреулер тұлпар еді дер де мүмкін,
Бүтінделмей кеткен бір ер-тұрманы.

...Жазылар естеліктер нешелеген,
Көрерміз онын, бәрін пешенеден.
Әйтеуір, білетінім бір-ақ нәрсе –
Көшеді өлең немесе өшеді өлең
! –деп жарлаған әйгілі Мұқағали Мақатаевқа жарнама мен насихаттың қажеті жоқ. Қаиетті Қарасаздан мұзбалақ болып қанат қағып, асқаралы Хантәңіріндей асқақтықпен қара өлеңді көкке көтерген қалам иесі қашанда қазағымен бірге тыныстьап, әр жүрекке өз Мұқағалиы болып орныққан.
Өлеңдері ғасырдан ғасырға көшкен, қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевқа арналған «Жырлайды жүрек» атты дәстүрлі поэзия кеші биыл да Жазушылар одағының залында үлкен аншлагпен өтті. Жыл сайын 9-ақпан – ұлы ақынның туған күні қарсаңында еліміздің барлық өңірлерінде ешқандай жоғарыдан түсетін тапсырмасыз, ешқандай қаулысыз-ақ Мұқағали музасын дәріптейтін рухани шаралар, әдеби-сазды кештер мен кездесу, көрмелер ұйымдастырылып келеді.
Алматылық оқырман алдымен қаладағы ақынның ескерткіші алдына жиылып, өлең тиегін ағытты. Кешке қарай Жазушылар одағына ағылған жұрт қара өлеңді тағы бір мәрте төрге шығарған тамаша кештің куәсі болды. Кешті Парламент сенатының депутаты, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы, көрнекті ақын-драматург Нұрлан Мырқасымұлы Оразалин құттықтау сөзбен ашып, ақын шығармашылығы мен талайлы тағдыры туралы көшелі ойларын ортаға салды.
Кеште Сұлушаш Нұрмағамбетова, Таңат Мамырханов, Қанат Әмірханов сынды талантты әншілер ақынның сөзіне жазлған әндерді орындаса, белгілі актер, әнші-композитор Байғали Есенәлиев Мұқаңның отты жырынан сусындатып, талантты ақын Әбубәкір Қайран ақын рухына арнауын тарту етті. Қыздар педагогикалық университетінің студент жастары өздерінің тырнақалды туындыларымен бөлісіп, кішкентай дарын Жағыпаров Ырыс-Құт Бақытұлы Мұқағалидың өлеңдерін мәнерлеп оқып, жиналған қауымды бір сілкінтті.

Оразақын Асқар,
ақын, халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері:
Абайға тән, маған да тән сыбаға,
Келсін мейлі келмесін тәржімаға,
Қайталап оқитын намазымдай,
Абай өлеңі әр жұмада. – деп ағынан жарылған Мұқағалидың қуатты қаламына арқау болған қара өлеңі Абай поэзиясымен үндес. Сондықтан да ұлттық тамырдан нәр алып, қазақы табиғатпен сусындаған Мұқаңның жырлары уақыт өткен сайын өз өміршеңдігін дәлелдей бермек.

Мұқағали– қазақ оқырманы ең сүйіп қабылдайтын, ең көп оқылатын ақын. Оның көзінің тірісінде жұқалтаң болса да 11 кітабы жарық көрді. Қазіргі баспалардың ішінде Мұқаңның жинақтарын жыл сайын шығарып, оқырманды қуантып отыратындары жетерлік.
Ендігі кезекте ұлы ақынның шығармаларын әлемге жеткізу үшін өзге тілдерге аудару мәселесін мықтап қолға алуымыз керек. Бүгінде миллиардтан астам халқы бар ҚӨытайда ақынның қытай тіліндегі кітабы кең таралуда. Егерде мұқаңның поэзиясы ағылшын, француз, неміс сияқты әлем тілдеріне молынан тәржімаланса бұл біздің ұлттық поэзиямыздың қанатының кеңге жайылуына жаңа мүмкіндіктер берері сөзсіз.

Қара өлеңнің мерекесіне айналған шара соңында, Мұқаңмен қаламдас, замандас болған ақындар Айтақын Әбдіқал естелік айтып, Оразақын Асқар ақсақал елге батасын берді. Жұртты жырға қарық қылған «Жырлайды жүрек» кешінің құрметті қонақтары - ақынның ұлы Жұлдыз Мұқағалиұлы мен Бақыткүл Мұқағаликеліні рухани шараны ұйымдастырған жазушылар одағы ұжымына алғыстарын білдірді. Поэзия кешін белгілі ақын Бақыт Беделхан жүргізді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста