Мұқағали жайлы қос қойылым: бірі – сахна төрінде, бірі сахнадан кетті

Мұқағали жайлы қос қойылым: бірі – сахна төрінде, бірі сахнадан кетті

Ешкімнен есіркеу күтпей, ескерткіш те тілемей, өз қолымен өзіне «мәңгілік мүсін» соғып кететін теңдессіз тұлғалар болады, өмірде өте сирек кездесетін сондай жандардың бірі – Мұқағали. Ең бір мызғымас мүсіндер мәрмәрдан соғылатын болса, Мұқағали «өз мүсінін» мәрмәрдан  мың есе мықты, миллион есе өміршең өлеңдерімен өріп, мөлдір сезімімен сылап, бүкіл ішкі болмысымен бекітті. Сондықтан да пәнидегі «сыртқы қабы» – тәнін тастап шыққан күні ақын жаны осы өзі сомдаған «ескерткішіне» көшті.
Десек те, біз сол Мұқаң салған «ескерт­кіш­тен» не сыр ұғып, оны қалай өз өмі­рі­міз­ге азық етіп жүрміз? Басқа жағын айт­па­ғанда, тек бір ғана сахнадағы, экрандағы Мұқағали дегенге тоқталсақ... Экран де­ген­нен шығады-ау, Мұқағалидың асқақ кеудесін кең жайып, өлең оқып тұрған не қалың ойға шомған тым болмаса бір сәтінің бейнетаспаға түспей қалуы – сол тұстағы телевизия маңында жүрген аға-апаларымыздың, сол кезде телевизия тізгінін ұстаған басшылардың жіберген үл­кен ағаттығы. Сондықтан біз Мұқағали об­ра­зын өлеңдерінен бөлек, драмалық шы­ғар­малардан іздейміз. Сол арқылы әркім өз қиялындағы Мұқағалимен қауы­шады. Ендеше, бізде ақын жайлы қандай қойы­лымдар бар?
«Қош, махаббат» сахнамен қош ай­тысты ма?
Бірінші кезекте, әрине, Мұқаң өз қолы­мен жазған «Қош, махаббат» еске түседі. Себе­бі прототипі өзі ғой. Бұрнағы жылдары әкемтеатрда жиі қойылатын осы туынды кейінгі кезде неге қойылмай жүр? Біз осы сауалмен қойылым режиссері Болат Атабаевқа қоңырау шалдық.
Болат АТАБАЕВ, режиссер:
 – Қазақ сахнасында оның қойылып келе жатқанына 20 жылға жуық уақыт болды. Енді бүгін оны күні өткен, ескі спек­такль деп репертуардан алып тастады. Не­гізінде, спектакльдің моральдық тұрғыдан ескіретіні рас. Тақырып ескіреді. Көтерген мәселесі өзекті болғанымен, қойылымның уақыт өте келе құрамы өзгеріп, бір әртістің орнына екіншісі келіп, бастапқы кездегідей емес, ойындарында алшақтық пайда бола­ды да, солайша ол өзінің бастапқы кездегі бағасынан, сапасынан айырылады. Сон­дық­тан алып тастаған шығар. Мұқағали шы­ғармашылығы тұнып тұрған лирика ғой. Бірақ «Қош, махаббат» – шыны керек, негізінен, сахналау үшін емес, оқу үшін жазылған пьеса.
– Қазір «күні өткен» дегенге келісіп жатқаныңызбен, кезінде соны өзіңіз ғой сахналаған, жұрт қалай қабылдап еді?
– «Қош, махаббат» тұңғыш сахна­лан­ған­да Лашын апамыз келіп көрген. Тіпті таң­ғалып та кеткен.
«Мұқағали» 100-інші рет сахналанбақ
Бүгін – Мұқаңның туған күні, Алма­ты­дағы М.Әуезов театрында Әкім Таразидің «Ақын, Періште, Махаббатының» афишасы ілу­лі тұр. Ал Астанадағы Қ.Қуанышбаев атын­дағы Қазақ драма театрында Серік Тұр­ғынбекұлының пьесасы бойынша қойыл­­ған «Мұқағали» қойылымы болады. Бұл туындының елорда жұртшылығының назарына ұсынылғанына биыл сегізінші жылға аяқ басыпты, сондай-ақ биылғы ме­рейтой қарсаңында қойылым 100-інші рет сахналанбақ екен. Біз пьеса авторы, ақын ағамыз Серік Тұрғынбекұлына хабар­ластық.
Серік ТҰРҒЫНБЕКҰЛЫ, ақын:
– Ақын ғұмыры жайлы туынды жазу оңайға соқпаған шығар, әркім өз «Мұқағалиын» жасағысы келеді. Сіз қалай көрсеткіңіз келді?
– Әрине, өмірін толық қамту мүмкін емес, сондықтан мен ол кісінің нағыз шы­ғар­машылыққа берілген, өмірі мен қызметі барысындағы қайшылықты оқиғаларға толы он шақты жылын қамтуға тырыстым. Өзі ұзын бойлы, кең иықты кісі еді ғой, соған сай жалғанды да жалпағынан басып жү­руші еді. Сол ер­кіндігінен қызмет ор­нында да көп істей алмайтын, кетіп қала береді. Оның ра­дио­дан, басқа да орын­дар­дан қалай шығып кеткенін шығармамда қам­тыдым. Бір ғана мысал, Пастер көше­сі­нің бойын­да Мұқағалиды милиция ұстап алған. Ақыры сол көше Мұқағалидың аты­на берілді. Мен осы оқиғаны қойы­лым­ға енгіздім. Бір қызығы, Мұқаң өзінің тура айт­қан, жүйеге қайшы келетіндіктен, жа­рия­ланбай қалған өлеңдерін «Мағжан­ның өлеңдері» деп оқитын. Мысалы:
Алматы – сайтан қала,
                                      сайқал қала,
Жем болған Балтыққа да,
                                      Байкалға да.
Аядай Алатауға тығылды кеп,
Сандықтау, самала бел,
                                      байтақ дала,

– дейтін өлеңі бар. Бұл әлі күнге дейін еш жер­де жарияланған жоқ шығар. Мен кейін Мағжан өлеңдерін түгел ақтарғанда, мұн­дай шумақ таба алмадым. Демек, Мұ­қаң­ның өз өлеңі, ақиық ақын Мағ­жан­ның мұ­ңы­­мен астасып өлең жазатын болғаны ғой.
Махаббаты жайлы әркім әр нәрсе айтады. Мен өз шығармамда ақын ма­хаб­­ба­тын Муза деген кейіпкер арқылы көр­сет­кім келді. Бұл шуақты жағы болса, көлеңкелі тұсы ретінде Жалғасбай атты кейіпкер ен­гіздім. Мұқаңның көлеңкесі секілді ереді де жүреді, басқан ізін аң­дып, әр қадамын жеткізіп тұрушы «үш әріптің» мүшесі – осы кейіпкерді де ақын өмірінің шындығы көрерменге ашыла түсу үшін қостым. Жалғасбайға Мұқаңның өзі де: «Сен осы КГБ-ның адамы емессің бе, неге қалмайсың жанымнан?» – деп, үйінен талай қуып та шығады, бірақ ол бәрібір қалмайды.
– Шындықты толық қамтыдым деп ойлайсыз ба, әлде айтуға, көр­сетуге именген тұсыңыз болды ма?
– Кезінде Лашын апамызға: «Мен сізді Мұқағалидың шын жанашыры, арқа сүйері етіп көрсеткім келді», – деп айт­тым. Сонда апамыз: «Айналайын-ай, бі­лем, сені Мұқаң ерекше жақсы көріп, ба­уы­рым деп санады. Айтқаның орынды. Ал өз ісіме кел­сек, шыны керек, мен Мұ­қағалиды осын­шалық ұлы ақын болады деп ойла­мап­пын, сенбедім. Жай бір пендешілік сияқ­ты көрдім», – деп ағынан жарылып, өткенге өкінгендей көзіне жас алды. Жазып шықтым. Сол тұста өзім осы Астана театрында әдебиет бөлімінің меңгерушісі болып қызмет істейтінмін. Театрдың көр­кемдік жетекшісі, белгілі режиссер Әзір­бай­жан Мәмбетов ағамыз болатын. Сол кісі театр қоржынына түскен бірнеше дра­ма­лық шығарманың іші­нен менің осы «Мұқағалиымды» ұнатып, оны сахналауды дарынды режиссер Болат Ұзақовқа тап­сыр­ды. Драманың бірнеше жылдан бері жүріп жатуы – Мұқағалидың құдіреті, сосын оқиғаларды аспаннан алмайсың, өлең­дерінің өзі драмаға сұранып тұрды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста