"Мұқтаждықтан туған": Әуелбекова жеке кәсібін қалай бастағанын айтты

"Мұқтаждықтан туған": Әуелбекова жеке кәсібін қалай бастағанын айтты

Әртістердің басым бөлігі жеке кәсіппен айналысады. Мәселен, Мөлдір Әуелбекованың жеке киім дүкені бар. Әнші орамалды қыздарға арнап сәнді киімдер сатады. Бұл кәсіпті Мөлдір мұқтаждықтан бастағанын айтты.  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Қазақстан" Ұлттық арнасының "1001 түн" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

"Киім тігіп, кәсіппен айналысамын деген ой үш ұйықтасам түсіме де кірмеген. Бұл мұқтаждықтан туған нәрсе. Орамал киген соң, киім тапшылығын көрдім.  

Өзіме ұнайтын, көңілімнен шығатын, заманауи тұрғыдағы қазақы киім таппадым. Уақыт өте келе әртүрлі ательелерге киім тіктіре бастадым. Оның барлығын халық менен сұрай бастады. Сұраныс көп болғандықтан, неге өзім киіп жүрген киімдерді халыққа ұсынбасқа деп ойладым. Осылайша үлкен цех ашылды", – дейді Әуелбекова.

Әнші екі жыл бұрын хиджаб киді. Сөзінше, орамалды "соңына дейін" тағады, орта жолда тастап кетпейді. Ол орамалға келу үшін бес жыл нәпсісімен күрескенін айтты. Бүгінде әншінің жеке парақшасында бұрынғы, орамалсыз түскен суреттері жоқ. Алайда бұрынғы бейнеклиптері YouTube желісінде жетерлік. 
"Оларды көрсетпесе екен деген ниет бар. Бірақ ол YouTube-қа, түрлі парақшаларға таралған. Оның бәріне тыйым сала алмаймын.
Орамалым ештеңеге кедергі емес деп ойлаймын. Халық бірінші кезекте менің әнімді қалайды ғой. Орамалды көп сөз етеміз, бірақ ашық жүрген қыздар бар. Оларды айтуға құмар емеспіз. Неге орамал кигенімізге қуанбаймыз?" – дейді Әуелбекова.

Stan.kz

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста