"Мұрагер" мұратқа жеткізеді

"Мұрагер" мұратқа жеткізеді

Ұлтты ұлт ретінде сақтап қалатын ең басты құндылықтардың бірі – музыка. Музыка – тіл, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып, барлығын өз бойына жинаған ұлттың жаны. Ұлттық музыка болашақ ұрпақтың болмысын, санасын қалыптастыратын құрал. Осы баға жетпес құндылығымызды біз қаншалықты қастерлеп, оның қадірін біліп жүрміз. Міне, дәл осы мәселе кеше Алматы қаласында Қожа Ахмет Яссауи атындағы №123 үшінші мектеп-гимназиясында өткен «Бастауыш сыныпта музыка пәнін оқытудың жай-күйі: бүгіні мен болашағы» атты семинарда талқыға салынды. Аталған жиынға «Алаш айнасы» тілшілері де қатысып қайтқан еді.
Қазіргі таңда еліміздегі мектептердегі барлық пәндер кеңес заманында қалыптасқан білім жүйесімен жүргізіледі. Тек музыка пәні ғана ұлттық жүйемен жасалған. Қазіргі таңда мектептерде музыка пәні белгілі күйші Абдулхамит Райымбергеновтың «Мұрагер» бағдарламасы арқылы оқытылады. Аталған бағдарламаның қалыптасқанына 20-30 жылдай болса да, тек былтырғы жылдан бері білім министрлігінде оқу стандартына енді. Бұл өте қуанарлық жағдай, өйткені өскелең ұрпақтың ұлттық санасын қалыптастыруда төл өнеріміз, ұлттық музыкамыздың маңызы зор.
Бүгінде еліміз бойынша 80-ге жуық мектеп музыка сабағын «Мұрагер» бағдарламасы арқылы өтеді. Ауыл, қала мектептерінде ұлттық өнермен сусындап өсіп келе жатқан жас буын бүгінде айтарлықтай жетістіктерге жетті деуге болады. Осы сөзіміздің бір дәлелі, өзіміз қатысқан Алматы қаласындағы №123 мектепте өткен семинардан соң осы оқу орнының оқушылары өздерінің музыка сабағынан үйренген ән-күйлерін, өнерлерін ортаға салып, кіші-гірім концерт қойды. Ұлттық киім киген, қолдарына домбыра, қобыз ұстаған, дәстүрлі ән айтып, күмбірлетіп күй тартқан бүлдіршіндерді көріп қуандық. Ұстаздарының айтуынша, «Мұрагер» бағдарламасында оқушылар тек ән мен күй ғана емес, қол өнермен де айналысады.

«Мұрагер» бағдарламасы жайлы
«Мұрагер» – бірінші сыныптан бастап сегізінші сынып оқушыларына дейін бірден 30 балаға домбыра үйрететін арнайы оқыту әдістемелерінен тұратын мектеп бағдарламасы. Бағдарлама бірінші сыныпта баланың бірден қағып алуына жеңіл «Ақсақ құлан», «Нар идірген», «Қос мүйізді Ескендір», «Бозінген» секілді күйлерден бастап 2-3 сыныпта Ақан сері, Біржан салдың әндері, мен Дина, Құрманғазы, Қазанғап сынды халық композиторларының күйлеріне жалғасады. Содан кейін біртіндеп тұрмыс-салт жырларына, одан кейін барып оркестрлерге, әлемдік музыкаларға көшеді. Бесінші сыныпта айтыс өнеріне ден қойылып, балаларға 11 буындық өлең құраудың ең жеңіл әдістемесі бойынша дәріс беріледі. Алтыншы сыныпта Бұқар, Ақтамберді, Тұрмағамбет, Ақтан сынды жыраулар поэзиясына негізделген жыраулық дәстүр оқытылады. Балалардың өзіне сол жыраулар стилінде өлең-жырлар құрауға тапсырмалар беріледі. Бұл – өскелең ұрпақтың қиялын, ой-өрісін сол менталитетке қайтару. Ал жетінші сыныпта күллі түркі, шығыс халықтарының музыкалық дәстүрі оқытылады.

Абдулхамит РАЙЫМБЕРГЕНОВ, күйші, өнертанушы:
– «Мұрагер» бағдарламасының негізі 1985 жылы қалана бастады. Оны жасауыма сол кездегі ахуал түрткі болды: өзім домбырадан дәріс беретін консерваторияда жылына небәрі 7-8 бала ғана бітіретін. Солайша жылдан-жылға біздің ұлттық өнеріміздің аясы тарылып бара жатты. Бұған бейжай қарап отыра алмадым да, Алматыдағы №12 мектептен сынып алып, сол жерде өзім осы бағдарламаны тәжірибеден өткізе бастадым. Он жылдай қазақ мектептерінде тегін сабақ беріп, тәжірибенің нәтижесін күттім. Бұлай еткен себебім, егер біз мектеп қабырғасындағы балаларды ұлттық мәдениетімізге тәрбиелемесек, онда ертең біздің жырымызды, айтысымызды тыңдап, өнерімізді қажет ететін ешкім қалмайды деп ойладым. Шүкір еңбегім далаға кеткен жоқ. Бірақ өкінішке орай қазіргі таңда бізде өз өнерімізді дәріптеу, қадірлеу әлі де кенжелеу қалып тұр. Айталық өздеріңізге есімі таныс дәстүрлі әнші Ұлжан Байбосынова Америкаға да, Жапонияға да, әлемнің талай мемлекеттеріне барып терме-толғау, жырларымен концерт беріп жүр. Жақында ғана Германияға барып симфониялық оркестрмен Сырдың термелерін орындап, концерт беріп қайтты. Шетелдіктер біздің өнерімізге тамсанады, құрметтейді, өздері шақырып концертімізді қойдырады, халық нағыз өнер адамын алақанында ұстайды. Ал біз төл өнерімізді өзгеден неге төмен санаймыз? Қобыланды, Алпамыс жырларымыз кімнен кем? Әрине, өнерде әркімнің өз орны бар. Дегенмен мен үшін Құрманғазы Бетховеннен биік тұруы тиіс. Біз осыны баланың санасына кішкентайынан құймасақ, өсіп кеткен соң нәтиже болмайды.

Тәжірахатдин ОРАЛБАЙҰЛЫ, музыка пәнінің мұғалімі:
– Біздің буын кеңес заманында ән-күй пәнін Ковалевский жасаған бағдарлама бойынша оқыды. Үлкен-кіші түгел хор айтып өстік. Ал хор шіркеудің әні екенін бәріміз білеміз. Кеңес заманындағы саясаттың өзі санамызды бұрмалаумен айналысты ғой. Ендігі уақытта біз өзіміздің ұрпағымыздың санасына ұлттық құндылықтарды сіңіргеніміз жөн. Осы мақсатта өзім музыка пәнінің мұғалімі ретінде оқушыларға барынша ұлттық тәлім-тәрбие беруге тырысып жүрмін. Меніңше, мектепте ең алдымен балаға білімнен бұрын дұрыс тәрбие керек. Өйткені тәрбиесіз берілген білімнің қауіпті екенін ғалымдар айтып кеткен.Қазір мен өзімнің оқушыларыммен мақтана аламын. Ұлттық аспаптарда ойнауға, дәстүрлі әндерді үйренуге талпынушы балар көп, олардың ата-аналары да балалырның ұлттық тәрбие алғанына қуанады, ризашылықтарын білдіріп жатады.

Ерболат МҰСТАФА, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің аға оқытушысы, күйші:
Жапонияда екі адам зауытқа немесе фабрикаға жұмысқа тұруға барса, екеуінің қайсысы музыка мектебін бітірді соны алады екен. Өйткені ұлттық музыкамен айналысқан адам жамандыққа бармайды. Қазақта бір жақсы сөз бар: «Судың басындағы су ішеді, судың аяғындағы у ішеді» деген бабамыз. Біздің төл өнеріміз, салт-дәстүріміз судың қайнар көзі. Ал біз болсақ, батыстың бүлінген уын ішіп отырмыз. Біздегі басты мәселе, келешектің иесі ұрпақтарымызға ұлттық құндылықтарымызды сіңіретін мықты мамандардың жетіспеуі. Ол үшін еліміздегі педагогикалық оқу орындары осы «Мұрагер» бағдарламасымен мектепте баларға білім беруге машықтану керек.

«Мұрагер» бағдарламасы – оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру құралы. Болашақта тек музыка пәні емес, басқа да жаратылыстану, гуманитарлық пәндерге де арқау болуға лайық осы бағдарламасы жыл өткен сайын өз нәтижесін беруде. Осы бағдарламаға лайықталып музыка пәніне арналған оқулықтар да жазылған. Енді ұлттық музыкамызды дәріптеуді, осы салаға білікті педргогикалық мамандарды даярлау ісін жолға қойсақ болғаны...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста